kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

И нновациялы? технологиларды ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі танда мектепке дейінгі орындарда инновациялы? технологияны ендіруге к?птеп к?ш ж?мсалады.Сол себепті мектепке дейінгі ?йымдарда педагогогтарды? негізгі міндеті:?діс т?сілдерді  д?рыс та?дау,жа?аша педагогикалы? технологияларды д?рыс ?олдана білу,жеке т?л?анын  д?рыс дамып ?алыптасуы ?шін ы??айлы жа?дай жасау.Мектепке дейінгі білім беру стандартын ж?зеге асыру?а ба?ыттал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«И нновациялы? технологиларды ?олдану»


Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану


Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:
«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына :
-Денсаулық сақтау технологиясы.
-Жобалы-іс шығармашылығы.
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.
-Қатынастық-ақпараттық технология
-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.
-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.
-Ойын технологиясы.
-Триз технологиясы және т.б. жатады

Балаларға күнделікті ҰОІӘ –де жаңа технологияларды қолдану арқылы,балалардың қызығушылығын арттыру білуіміз қажет. Соның ішінде балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, замана талабанына сай бала тәрбиелеу мына біздің міндетіміз болып табылады. Баланың мектепке дейінгі кезеңі-оның өсіп жетілуіне ең жауапты кезең, яғни бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады. Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады.
Баланы ойната отырып, сөйлетуде суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы жеткізу, шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді.

Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
-Сурет салу
-Мүсіндеу
-Жапсырма
-Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әрекеттер өткізіледі.
Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.
Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді; жіптерді картоп қималарын: трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын, қалдық заттарды пайдалану, губкамен бастыру, саусақпен сурет салып, мантессори, кляксаграфия әдістерін қолданады. Қазіргі таңда балалар бақшасындағы балаларды көркем өнерге баулуда дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен бірге бейнелеу құралдарының да көптеген түрлері пайдаланылады. Солардың біразына тоқтала кетейік:

«палитра - саусақтар» саусақпен сурет салу.

Қол астында қылқалам жоқ па? Ештеңе етпейді. Бір саусағымызды көк бояуға батырамыз, келесісін сары бояуға, үшіншісін қызыл бояуға маламыз. Палитрадан несі кем!... Бұл барлық жастағы балаларға ұнайтын қарапайым да оңай әдіс. Олар үлкен ынтамен салады. Саусақпен сурет салу бірнеше кезеңнен тұрады. Балалар әуелі бір саусақпен, сосын бірнеше саусақпен сурет салып үйренеді. Келесі техника - «Алақанмен» сурет салу. Бұл әдіс кішкентайлар тобындағы балаларға өте ұнайды. Себебі балалар бояуды көріп қана қоймайды, оны сезінеді.

Сонымен бірге дымқыл қағазға сурет салу әдісі де өте қызық. Бұл әдіс ересектер тобындағы балалармен жұмыс жүргізуде пайдаланылады. Гуашьпен бояғаннан гөрі акварельмен бояу күрделірек, бірақ қызық. Акварельмен тек ақ параққа сурет салуға болады. Бояуға су көбірек араластырылса бояу түсі тұнықтана түседі. Әсіресе балаларға тымық және желді күнгі теңізді салу өте ұнайды.

Балауыз бор, май шам және акварельмен сурет салу халық шеберлерінің пайдалануымен ертеден келе жатқан әдіс. Балаларға жаңа талпыныс әкелетіні, олардың қызығушылықтарынан белгілі.

болғандықтан бұл әдіс те бос уақытта көп жаттығуды, әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет етеді. Себебі балаға жағу мен нұқуды айыра білудің өзі күрделі.

Қазіргі таңда сәнге айналған монотипия және диотипия (баспа техникасы) әдістері де өте қызықты. Бұл әдіс қиялды, елестетуді, түс пен пішінді сезінуді жетілдіруге көмектеседі. «Сол сияқты балаларға дәстүрден тыс әдістің бірі шашыраты арқылы сурет салу да үйретілді. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін бір ғанибет.

Пластилинмен сурет салу баладан төзімділікті, бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін табандылықты талап етеді. Бұл әдісті біз мектепалды тобында пайдаландық.

Сол сияқты балаларды бейнелеу өнеріне баулуда біз бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерін көптеп пайдаланамыз. Мысалы: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді; жіптерді картоп қималарын: трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын, қалдық заттарды пайдалану, губкамен бастыру, саусақпен сурет салып, мантессори, кляксаграфия әдістерін ,шашырату әдісін қолданамыз. Қазіргі таңда балалар бақшасындағы балаларды көркем өнерге баулуда дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен бірге бейнелеу құралдарының да көптеген түрлері пайдаланылады

Алуан түрлі әдістердің балалардың жұмыстарының мазмұнын ашуға өз септігін тигізетінін атап айтпай болмайды. Олардың орындалу барысының өзі балаларға үлкен қанағаттанғандық әкеледі. Әр қимыл сәтті шыққан сайын бала өз жеңісінің жемісін өзгелерге көрсету үшін оны сан рет қайталап көрсетуден жалықпайды.

Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады. Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады. Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп. Біріншіден бала жалығып кетпейді: Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады.
Берілген тапсырмаларды орындау, балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды.
триз

Балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, жаңылтпаш , жұмбақтар, ертегі тыңдау, әңгімелесу балаланың тілдік құзыреттілігін дамытып, қызығулығын арттырады. Күнделікті ұоіә тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Балабақшада тәрбиешілер әр тақпақ пен ойындарға сызба сурет салып, көрнекілік ретінде пайдаланады. Бұл баланың бес сала бойынша белсенділіктерің дамуына, қолдауына жол ашады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3 негізгі мақсат қарастырылған.
1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету. 2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату. Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
-Сурет салу
-Мүсіндеу
-Жапсырма
-Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әрекеттер өткізіледі.
Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.
Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді; жіптерді картоп қималарын: трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын, қалдық заттарды пайдалану, губкамен бастыру, саусақпен сурет салып, мантессори, кляксаграфия әдістерін қолданады.
Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады. Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады. Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп. Біріншіден бала жалығып кетпейді: Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады.
Берілген тапсырмаларды орындау, балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды.
Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті 3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті ұоіә естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян)
-Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)
.
Қорытынды : Мен өзімнің баяндамамды қорытындылай келе «Кез-келген адам басқалардың және оның білімін кемеліне келтіруіне көмектеспесе, өзінің де білімін кемеліне келтіре алмайды» деген Чарльз Диккенс сөзімен қорытындылаймын. Өзіміз, өз қолымызбен , өз қиялымызбен жасай білейік. Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
И нновациялы? технологиларды ?олдану

Автор: Кушембетова Адима Жанасовна

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316409


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства