kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ертегі теропия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы

"Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі

Тасболатова Камар Тастановна

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ертегі теропия»

Ертегі терапия

Мақсаты: Ертегітерапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу. Ертегі терапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану. Ертегі терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу. Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру.

Ертегілер – бұл есейген кезде мінез-құлық модельдерінің қалыптасуына әсер ететін алғашқы сюжеттер. Кейбіреулері Күлқызы секілді еңбектеніп, сиқырға тап болады, басқалары Перизат сияқты құбыжықты көрікті ханзадаға айналдырады, ал тағы біреулері Су перісі секілді біреудің бақыты үшін өзін құрбандыққа шалуға дайын болады.
Ертегі терапиясы – бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін, сананы кеңейту үшін, айналадағы ортамен өзара әрекет етуді жетілдіру үшін ертегіні пайдаланатын әдіс.



Кіріспе сөз:  Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Практикалық психологияның ертегілік терапия бағыты – баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез-құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады.
   Батыс пен Еуропа психологтары бала тәрбиелеу мәселесінде құрғақ ақыл айтудың, ескеру мен дауыс көтерудің жарамсыз екендігін толықтай дәлелдеді. Бұлар жаһанданулық қоғамға қадам басқан жаңа ғасыр үшін көнерген, өз күшін жоғалтқан әдістер деп танылған. Есесіне, ертегі терапиясы арқылы баланың санасын өздігінен кері нәрселерге қарсы тұрарлық күш беру шарт деген тәсілді ұсынады. «Сабағыңды жақсы оқы, қолыңды жумай дастарқанға отырушы болма, ата-анаңды сыйла, үлкенмен керіспе» дейтін ескертпелер баласы бар үйде күнде он рет қайталанады. Мың сан қайталанулардан соң бала санасы ести тұра мұндай ескертпелерді мүлдем қабылдамайтын күйге жетіп, тек өз білгенінше әрекет етеді. Өйткені, ол сабақты жақсы оқымаса не боларын немесе ата-анасын құрметтемеудің ақыры немен аяқталарын білмейді. Ал, ертегі терапия ең бірінші оған болашақ туралы сұрақтарға жауап береді, ертегінің финалында болатын нәтижелерден ол келешек туралы ой түйеді.
   Фрейд өз еңбектерінде ертегідегі үнемі жуынатын мысықтың баланы тазалыққа үндейтін әдіске жұмылдырылғанын айтады. Мұндай ерікті энергиялар баланы жалқаулықтан арашалайтын көрінеді.
      Орыстың «Шалқан» деп аталатын шағын ертегісі бар. Бәрімізге белгілі, отағасы – шалдың еккен шалқаны өте үлкен боп өседі де, күз келіп, егінді жинау науқанында шалқанды жерден суырып алу айтарлықтай қиындыққа соқтырады. Шал, кемпірі, қызы келіп тартқылағанмен, жерден суырылар болмаған шалқанды иті, мысығы, ең соңында олар тұратын үйдің жертөлесін мекен ететін тышқан келіп көмектескенде ғана жұлынады. Ертегінің айтпағы – ауызбіршілік. Олардың бір-біріне көмектесу себептері – туыстығы мен бір үйді мекен еткен татулығы. Демек, бір отбасы, бір үйде тұратындар бір-біріне әрқашан да қамқор болуы керек деген ойды аңғарамыз. Орыс психологтары осы ертегіні естіген алты жасқа дейінгі көптеген қыз балалар шешесіне үй шаруасында көмектесуге талпынса, ұл балалар жөргектегі бауырын жұбатуға талпынғанын айтады.
       Ертегі терапиямен жұмыс жасау тек мамандарға тән емес, бұл ата-ана үшін де міндетті нәрсе. Айталық, «Мақта қыз» ертегісін арнайы қойылым етіп тамашалайтын қара көздеріміз аз болса, психологтар орыс отбасыларында баланың көңілін көтеру мақсатында көптеген ертегілерді арнайы қойылым ретінде үнемі қайталап тұратынын айтады. Ертегі – отбасы үшін тек тыңдауға ғана емес, қойылым ретінде де сахналауға да ыңғайлы. Әкелерге – Ерназар, шешелерге – мыстан кемпір, ұлдары – алтын сақасын іздеген бала болып ертегі сомдаған шаңырақ қандай бақытты. Бұл отбасындағы өсіп келе жатқан бүлдіршіндер үшін ертегі терапиясы ғана емес, ересектер үшін де таптырмас татулықтың көрінісі болып табылады.
   Әдетте, ертегіні отбасында әже немесе ана айтады. Көп жағдайда ертегіге әке араласпайды. Ал, ертегі терапиясы айтарлықтай әсер етуінде отбасы мүшелерінің түгел дерлік қойылымға қатысуы бүлдіршін үшін аса үлкен қуаныш. Ол ертегінің өзі үшін қойылғанын аңғарады. Және түрлі персонаждардың ойнап жүрген туыстарының өзін жақсы көретінін аңғарады. Осылайша өткен әрбір сәт баланың кеудесіне жақсылық дәнін себеді. Орыс психологтары бұл мәселені ертерек ұғынды. Балабақшаларда осы методты біраз жылдан бері қолданып келеді. Айталық, мақтаншақтығының кесірінен аузындағы ірімшігінен айрылып қалатын қарға мен қу түлкі туралы ертегіні қойылымға айналдырып түсіндіргенде, балаларды қарғаның рөлінде сомдату арқылы оны тапқырлыққа баулуға болады дейді.

Ертегі терапиясының көмегімен балаларда қоршаған әлемге деген белсенді қызығушылығын қалыптастырамыз. Ал ертегіні айту кезінде, бала мен ересек адамның арасында коммуникативтік ынтымақтастық жағдайын жасаймыз. Бала ертегіні тыңдау арқылы мазмұнды бірізді айтуға, жағдайы бойынша әрекет етуге үйренеді. Сондай-ақ координация, моторика, кеңістікте бағыт табуды үйренеді.

Қорытынды: Әріптестер, өздерініз байкап отырғандай ертегі – жалпы бұқараның көзқарасына негізделеді. Сондықтан, оны бала да, қарт та сүйсініп тыңдайды. Ертегі терапияның бір ұтымдылығы – бала тілімен жеткізілуінде, баланың ой ауқымына тән оқиғалар дәрежесінде ситуация құруында. Бала ертегі тыңдау арқылы өзін-өзі емдеп, түрлі шығармашылық қабілетінің ашылуына мүмкіндік алады. Барлық ертегілерде басты кейіпкердің еркін өмірге қол жеткізуі, Отанының тәуелсіз дамуы басты мұрат ретінде бағаланса, ертегі арқылы балақайлар өздік кеңістік пен еркіндік ұғымын түйсінеді.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ертегі теропия

Автор: Тасболатова Камар Тастановна

Дата: 19.02.2017

Номер свидетельства: 393663


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства