kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерте жас тобына арналған Таным білім беру саласы, Жаратылыстану бөлімі бойынша "Менің ойыншықтарым" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Материал балабақша және шағын орталық тәрбиешілеріне және студенттерге арналған. Дайын жоспар тиімді әрі пайдалы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерте жас тобына арналған Таным білім беру саласы, Жаратылыстану бөлімі бойынша "Менің ойыншықтарым" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті»

Бекітілді:

Күні: 09.03.2017жыл


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым»

Мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру.Ойыншықтардың аттарын атап,оларды бір-бірінен түсіне,көлеміне қарай ажырата білуге үйрету.Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіу, ажырату.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар аю,ұшақ,машина,шар,үлестірмелі материалдар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті




Мотивациялық-қозғаушылық









Жылулық шеңбері.

Қайырлы таң –көк аспан,

Қайырлы таң-жер ана

Қайырлы таң- достарым

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым бос.

-Балалар мына бір тамаша әуенді тыңдап бір-бірімізге күлімсірейік.

Бүгін күн ашық,жылы екен.Өйткені көктем келді.Қандай ғажайып күн!




Балалар қимыл қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.











Ұйымдастырушы ізденушілік


-Балалар,бізге ойыншықтар елінен де қонақтар келіпті.Бұлар кімдер екен?

Е.Өетілеуұлының «Ойыншықтар»өлеңін оқиды.

Аю,қоян,жолбарыс

Арыстан мен піл,барыс-

Ойыншықтар тұрыңдар.

Ойын-сауық құрыңдар.

2.Ғажайып сәт.

Шарға байланған аю ойыншықты көрсетеді.

-Балалар,мына шарға байланған не екен?Өзі әдемі,бірімізді таңғалдырып тұр.Балалар,қараңдаршы шардың өзі де сиқырлы екен.Шардың құпиясын ашу үшін мына тұрған хатты оқиын. «Сәлеметсіңдер ме,балалар,мен сендерге ойыншықтар елінен көптеген тапсырмалар жібердім.Егер осы тапсырмаларды орындасаңдар,сендерге сыйлықтар берем.»

-Балалар қараңдаршы қандай әдемі,әсем ойыншықтар!

-Балалар ойыншықтарды бірнеше түрге бөлеміз:қатты,жұмсақ,резеңке.Қатты ойыншықтарға машина ұшақ,пойыз,жұмсақ ойыншықтарға аю,түлкі жатады.

Резеңке ойыншықтардың қаттысы да,жұмсағы да болады.

Менің қолымдағы қандай ойыншық?

-Иә,балалар ,доп екен.Балалар доптың пішіні қандай?

-Түсі қандай?

Допты ұрсақ не істейді?Кәне барлығымыз допша секіреміз.

3.Сергіту сәті.

Көктем келді бүгін,

Күнін төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар

Ән салуға құштар.

4.Ойын: «Кім жылдам»

Шарты:Ойыншықтарды көрсеткенде,олардың аттарын жылдам айту керек(қоян,машина,доп т.б.)

Балалар шарға байланған аюдың сөмкесін ашып көрейік.

Ішінде көптеген ойыншықтар бар.

-Қандай ойыншықтар бар екен атайық.

-Мынау не?


Балалар шарға байланған аюға қарайды.

Балаларға ой тастау.


Балалар білетін ойыншықтарын атайды.(Машина,доп,қуыршақ,аю).

Қайталап айтады.




Балалар тәрбиешімен бірге айтады.



Балалар өздерінің жақсы көретін ойыншықтарын айтады.

-Мен машинаны жақсы көремін.

-Мен қуыршақты жақсы көремін.


-Доп.

-Дөңгелек.

-Қызыл.

-Секіреді.




Балалар қимыл қозғалыспен тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар көрсеткен ойыншықтардың атын атайды.










Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады.



Балалар тапсырмадағы ойыншықтардың атын атап,өздеріне ұнаған түстерін ажыратып бояды.







Доп

Машина

Рефлексиялық

қортындылаушы


Оқу іс-әрекетін қортындылау.

Балалар аюдың сөмкесінен алған ойыншықтармен ойнайды.

Балалар ойыншықтармен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: ойыншықтардың атын, түсін,көлемін ажырата білді.

Қандай түсініктері қалыптасты: ойыншық түрлері туралы білімдерін толықтырып,ойыншықтарды дұрыс қолдана білу дағдылары қалыптасты.

Меңгерген іскерлік – дағдылары: ойыншықтар және олардың неден жасалатыны туралы мәліметтерді меңгерді.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Айбосынова Үмітай Амангелдіқызы

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406906


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства