Ұйымдастырушылық-ізденістік | Тәрбиеші жұмбақ жасырады. Бір көзім «кідір» дейді, Бір көзім «жүгір» дейді, Бір көзім «абайла» дейді, «Қарап ал маңайға» дейді. Педагог балаларға бағдаршамның суретін көрсетіп, әңгімелеседі. – Мынау не? – Бағдаршам не істейді?Тәрбиеші әр түрлі көліктердің суретін көрсетеді. – Адамдар машинамен, автобуспен, пойызбен жерде жүреді, тікұшақпен, ұшақпен аспанда ұшады, кемемен, қайықпен суда жүзеді. Бұл заттарды бір сөзбен көліктер деп атаймыз. Педагог жүк машинасын көрсетіп, әңгімелеседі. – Мынау қандай машина? – Жүк машинасы не тасиды? – Машинаның қорабы, кабинасы, дөңгелегі, моторы бар. – Машинаны кім жүргізеді? – Суда жүзетін қандай көлік түрлерін білесіңдер? – Кемеде матростар жұмыс істейді, оларды капитан басқарады. – Кемелер жүзу үшін не керек? Педагог ыдысқа су құйып, қағаз кемені суға жібереді. – Кеме не үшін керек? Кеме тез жүзу үшін үрлеп толқын жасайық. Енді кемеге ат қояйық. Өзімізді кемеде отырмыз деп елестетейік те, Ермек Өтетілеуов ағамыздың «Кеме» өлеңін суретке қарап жаттап алайық. «Кеме» Міне, Кеме, Мінем, Мен де. Сапарға алыс шығамын, Теңіз сырын ұғамын. Жолсеріктей, жан достардай бізден қалмай, Шағалалар шаршамастан шарқ ұрады: Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай. Кемемізді жағалаулар шақырады. -Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетімізде нелер жайлы айтылды? -Ендеше көліктер – транспорт- деп орыс тіліне аударылады. Сөздік жұмыс. Бұл жердегі «Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай» деген өлең жолдары «өте алыста, көз ұшында» деген мағынада. Сергіту сәті (Сергіту жаттығуларын Ж.Смақовтың «Пойыз» өлеңі бойынша жасатуға болады.) «Пойыз» Кәне, кімнің бойы ұзын, Паравозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды бір құрайық. Ал, паравоз, баста алға, Бәрімізді басқар да. Пш-пш,пш-пш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Гу-гу,гу-гу гуілде, Қалып қойма бәрің де. Дәптермен жұмыс. Ойын шарты: Суреттегі көлік түрлерінің жолдарын салу. Құрлықта жолмен жүретін болса астына жол, аспанда ұшатын болса бұлттар, суда жүзетіндерге көл салып беру керек. | – Бағдаршам. – Көшедегі көліктердің жүрісін реттеп отырады. – Ол жүк машинасы. – Жүк машинасы жүк тасиды. – Машинаны жүргізуші жүргізеді. – Суда қайық, кеме жүзеді – Су керек. – Теңіз арқылы адамдарды, ауыр жүктерді тасу үшін. Балалар кемені үрлейді. Балалар кемеге ат қояды. Балалар бірінің артына бірі тұрып өлең жолдарын айтып ойнайды. -Көліктер жайлы айтылды. Балалар қайталайды. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды. |