Мотивациялық -қозғаушылық | Педагог балаларға ыммен «отырыңдар», «сөйлемеңдер», «тынышталыңдар», - деп белгі береді. Ым – ишиарат - Мінекей балалар көрдіңдер ме, сөзссіз өмір сүру қандай қиын, ал біз баріміз өз ойларымызды сөзбен ғана білдіре аламыз. | Педагогты қалай түсінгендері бойынша іс-әрекет жасайды. |
Ұйымдаc-тырушылық - ізденістік | - Балалар мен қазір бір сөз айтамын. Мысалы: «Сиыр», ал сендер бір сөз айтыңдар.Ал шатасып кетпес үшін мына стаканға бір сөз айтқан сайын бір қарындаш салып отырайық.ең соңында педагог қарындаштарды санап қорытынды жасайды. -Міне, біз қаншама көп сөздер білеміз және айта берсек тағы көп. - Сендер байқадыңдар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса , енді бір сөз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын, қысқа болады. Мына екі сөзді тыңдаңдар: үй және кітапхана. Осы сөздердің қайсысы ұзақ және қайсысы қысқа айтылады? - Біз ол сөзді өлшеп көрсетейік: 2 қолдың алақандарын біріктіріңдер. Сөзді дыбыстай бастағанда алақандарыңды аша бастайсыңдар.Ал дыбыстап болысымен сол сәтте тоқтай қалыңдар (Бұл жаттығу 2-3 баламен жекелеп жүргізіледі, 6-8 сөз айтылады.) Билингвалды компонент: үй – дом, кітапхана – бибилиотека, Астана қаласы – город Астана Ыммен түсіндіру – сөзбен түсіндіру Сергіту жаттығуы: Көгінде нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! (Ө.Тұрманжанов) - Балалар, біздің елордамыз бас қаламыз қай қала? Астана қаласының көрікті жерлерінің көркем суреттерін көрсету. - Астана қаласы «а» дыбысынан басталады. «а» дыбысын аузымызды кеңірек ашып қайталаймыз. «А» дыбысы ол дауысты дыбыс оны әндетіп айтуға болады.Ауыз қуысынан кедергісіз шығады. «А» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынандай : «а» дауысты дыбысын айтқанда ауыз кеңінен ашылып, тіл ауыз қуысында еркін жатады.дауыс шымылдығы ашық болады.Осылай «а » дыбысы жасалады. - Ал енді «а» дыбысын басталатын сөздерге мысалдар келтірейік Ойлаған сөздерін буынға бөліп, дауысты, дауыссыз дыбыстарды анықтатады. - Ал енді «а» дыбысын ауада жазып көрейік . Дәптермен жұмыс: «А» әріпінің баспа түрін жазуға жаттығу. | Бір бір сөзден айтып,сөз айтқан сайын бір- бір қарандаштан салып отырады. Сұрақтарға жауап береді, тапсырманы орындайды. Сөздердің ұзақтығын анықтайды. Қайталап айтады. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Астана қаласы. - А а а - Алма, Алматы, алмұрт, апельсин... «А» әріпін ауада жазып көреді. |
Рефлекциялық-түзетушілік | Жұмбақ жасыру: Күн нұрын шашақан асқардан, Алатау алып тас қорған. Бас қала аты – Астана, Қай әріптен басталған? - «А» дыбысы дауысты ма дауыссыз ба? - Бір бірімізді түсіну үшін не айтамыз? -сөздер қандай болады? -Ендеше маған бір ұзақ сөз, бір қысқа сөз айтыңдаршы. -Бүгін қандай дыбыспен таныстық? -Сөздер қандай болады? Өте жақсы балалар сендер бүгін өздеріңді өте зерек, ақылды екендеріңді көрсеттіңдер. | - «А» дыбысынан - дауысты дыбыс - Сөздер - Ұзын және қысқа |