kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересектер тобына арналған айналамен танысу тақырыбында "Маңғыстау менің туған өлкем" конспектісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

дает знания детям об окружающем мире. Развивает кругозор о Мангистауского края, его богатствах.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересектер тобына арналған айналамен танысу тақырыбында "Маңғыстау менің туған өлкем" конспектісі»

Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Маңғыстау менің туған өлкем»

Мақсаты: Балаларға туған жерге деген сүйіспеншілік пен сезімдерін дамыту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.Ұлттық мәдениет пен өнердің тәлімдік мүмкіндіктерін аша отырып ғасырдан-ғасырға жалғасқан асыл мұралар арқылы рухани адамгершілікке Маңғыстау өлкесінің көрнекті жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Әдіс – тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру ойын түрлері.

Сөздік жұмыс: Тарихи ескерткіштер

Көрнекіліктер: Маңғыстау өлкесінің көрнекі жерлерінің суреттері, жануарлар, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

Балалар шаттық шеңберінде тұруы: Шаттық шеңбер.

Кірпігімізді төмен түсірсек,

Көзіміз жұмылады.

Енді еркін демалайық,

Ғажайып қана ұйықтасақ.

Көз алдымызға туып өскен,

Жерімізді елестетеміз.

Аула толған гулдерге,

Гүлдерді иіскеп

Таза ауамен демаламыз

Қолымызды жоғары көтеріп,

Керілеміз.


Ал балалар енді бүгін туған жеріміз туралы әңгімелейміз.

Есік қағылып топқа «Саяхатшы» кіреді.Сәлеметсіздер ме, балалар!Мен сендермен бірге Маңғыстау өлкесінің көрнекті жерлеріне саяхат жасауға келдім. Саяхатшымызға қаламызды таныстырайық.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілі.

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

  • Көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз,Сәуір,Мамыр.

  • Қазір көктем мезгілінің қай айы?

  • Мамыр айы.

  • Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

  • Күн жылынады,құстар жылы жаққа ұшып келеді,жер көгере бастайды.

  • Балалар сендер қай өлкеде тұрасыңдар?

  • Маңғыстау өлкесінде.

  • Маңғыстау өлкесі туралы кім тақпақ біледі?

1 бала: Маңғыстау көне тарих куәгері

Білмейміз қанша ғасыр, жыл ілгері

Бабалар басып құрап қоныс қылған,

Шамасы жылдар өткен тым ілгері.

2 бала: Маңғыстау- талай жақсы өткен жері,

Мәңгілік ата-қоныс еткен жері

Сырт дұшпан көзін салмай өткен жері.

3 бала: Маңғыстау- ощақ орны жер киелі,

Қызыл нар қоңыраулатып жүгін артып,

Әжелер көш бастаған ақ түйелі

Саяхатшы бабалармен қоштасып

Саяхатын жалғастырады.

Балалар, саяхатшымыз Маңғыстау өлкесі Ақтау қаласымен жалғастырылады. Слайд арқылы Ақтау қаласының кен орындарымен өлкетану мұражайымен, Ботаникалық бақ, қуыршақ театры, Ақтау ойын сауық кешендері. Тағы сол сияқты кен орындарымен таныстық. Маңғыстау облысы Қазақстанның батысында Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Маңғыстау өлкенсінің аумағы – шаруашылығының дамуын көп септігін тигізетін жусан өсімдігі өсетін шөлді аймақ.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, Ақтау қаласында қандай тарихи ескерткіштер бар?

Жауабы:

-Соғыс қаһармандарына арналған ескерткіш – Мәңгілік алауы, күйші Құрманғазының, Қашаған жыраудың, Жалау Мыңбаевтың тағыда басқалардың ескерткіштері бар.

- Ал, енді қандай мәдени орындарды білесіңдер?

Жауабы: «Н.Жантөрин» драма театры, Абай мәдениет уйі, Өлкетану мұражайы, Қуыршақ театры.

-Ақтау қаласында тағы қандай жерлер бар?

Жауабы: «Ақтау» ойын-сауық кешені, Бәйтерек, Астана т.б.

-Балалар сіздерге туған жеріміз несімен ұнайды?

-Туған жерім тамаша

О, алақай туған жер!

Жақсы-ау бақша бауырларым

Көзге ынтық көрінер,

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырлары

Қызғалдақтай терейік

Кең өлкенің қырларын

Жүр аралап келейік.

(М.Әлімбаев)

Сергіту сәті: Қара жорға әніне билеу.

Қорытынды:

  • Балалар біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Туған өлкеме не жатады?

  • Қандай тарихи орындармен таныстық?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Агатаева Айбобек Кушеровна

Дата: 18.05.2018

Номер свидетельства: 470110


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства