kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересек тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я работаю воспитателем уже 17 лет. Мне нравится моя работа. Для меня «воспитатель» - это жизнь, моя философия. Я не работаю воспитателем, я живу воспитателем, мне нравится быть воспитателем. И, несмотря на все трудности и попытки отговорить меня от выбора этой «неблагодарной» профессии, я работаю, живу этой профессией. Сказать, что работа это каждодневный праздник - трудно, все же мы каждый день имеем дело с разными характерами. Бывает и очень трудно. Иногда просто опускаются руки, но стоит ребенку тебе улыбнуться и все, ты понимаешь, что просто не в силах их предать. Не зря же малыши младших групп, забывшись, называют тебя мамой. Разве это не высший балл доверия?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересек тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің

технологиялық картасы


Мерзімі: 21 .05.2015 ж

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, Шебер қолдар

Тақырыбы: «Гүлдер әлемі»

Мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері: Білімділік: Гүлдің өңін, құрылымын, сабағын натураға қарап жапсыруға, бейнені қағаз бетіне әдемі етіп орналастыруға үйрету. Дамытушылық: Балалардың қиялын, ой-өрісін, зейінін дамыту. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: бәйшешек, түймедақ, күлтелері, дала гүлдері, бөлме гүлдері, қызғалдақ

Демонстрациялық материалдар: көктем мезгілінің суреттері, гүлдердің суреттері, үлгі, ноутбук.

Үлестірмелі материалдар: жасыл түсті шаршы пішінді қағаздар, сүлгі, желім, әртүрлі түймелер, жасыл түсті қиылған жіп, қайшы.

Қостілдік компонент: бәйшешек-подснежник, күлтелері-лепестки, қызғалдақ-тюльпан, бөлме гүлдері-комнатные цветы.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Табиғатпен үндестік» 01-«Г»-№20

Шеңбер бойлап жүремiз,

Әр гүлге көңiл бөлемiз.

Сұлулық пеп махаббатты,

Сезiнiп өмiр сүремiз.


Жұмбақ жасырады:

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Құстар келіп ән салады,

Бұл қай кезде болады?

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?



-Қазір қай ай?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?


-Орыс тілінде көктемді қалай айтамыз?


Бәрі бірге айтады.





Үстелді жағалай отырады.





Көктем мезгілінде болады.

Көктем мезгілі үш айдан тұрады:наурыз, сәуір, мамыр.

Қазір сәуір айы.

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атайды.

Орыс тілінде көктемді «весна» дейді.

Ұйымдастыру-іздестіру

-Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін

жақсы біледі екенсіңдер. Ал, енді мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабы бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы болады.
Жұмбақ жасырады:
Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді.
Алақаның жайып.

Ол не?

-Бәріміз гүлді жақсы көреміз бе?


Қызығушылық танытады.




Жұмбақтың жауабын айтады:



Гүл.

Балалардың жауабы.


-Гүлдің қандай пайдасы бар?


-Гүлдер адамдарға не сыйлайды?


-Біздің топта гүлдер қайда тұрады?


-Оларды бір сөзбен қалай атайды?

-Қане, кім айтып береді қандай гүлдер бар?


-Көктем мезгілінің тағы бір сиқыры қандай? Көктемде қандай гүлдер өседі?


-Оларды бір сөзбен қалай атайды?

-Ал, енді бейнетаспадан гүлдерді тамашалайық.


-Гүлдерді қалай күту керек білесіңдер ме?



-Гүлдер әдемі болып өсу үшін не керек?


-Балалар, білесіңдер ме гүлдер де, адамдар сияқты, түнде демалып, күндіз оянады екен және әрбір гүлдің өзінің әні бар екен.

-Тыңдағыларың келе ме?

Релаксация:

Видеослайд «Поющие цветы»



Сергіту сәті:







-Балалар, сендер білесіңдер ме, кейбір гүлдер Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Слайд көрсету.

Дидактикалық ойын: «Қанқызын гүлге орналастыр»

Ханқызын гүлге орналастыру үшін, гүлдегі санмен ханқызының нүктелерін санап, сәйкестендіруді ұсынады.


Дидактикалық ойын: «Гүлдерді топта»

Дала гүлдерін көк қыстырғышпен, бөлме гүлдерін қызыл қыстырғышпен қыстырып белгілеуді ұсынады.

Биыл көктемде гүлдер аз өсіпті, сондықтан гүл жасауды ұсынады.


Гүлдер таза ауа береді, әдемілік үшін.

Гүлдер адамдарға қуаныш сыйлайды.

Табиғат бұрышында тұрады.


Бөлме гүлдері.

Фикус, аспидистра, хлорофитум, герань.


-Бәйшешек, қызғалдақ,

сарғалдақ гүлдері өседі.

Дала гүлдері.

Экранға назарларын аударып, гүлдерді тамашалайды.

Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағының шаңын сүрту керек.

Күн, ауа, су, құнарлы топырақ.

Қызығушылық танытады.



Балалардың жауабы.

Экранға назарларын аударып, слайдты қызығушылықпен қарайды


Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.

Міне, гүлдің бүршіктері,

Ашылады әдемі.


Қызығушылық танытады.





Ханқызының нүктелерін санап, гүлге орналастырады.




Тапсырманы орындайды.



Орындарынан тұрып, өнер орталығына барады.



Жұмысымызды бастамас бұрын , қолымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы:

«Күн мен гүл»

Көтерілсе күнім,

Ашылады гүлім.

Кешкісін күн батады,

Гүл ұйқыға жатады.


Жұмыстың орындалу реті:

1. Алдымен тіктөртбұрышты жасыл түсті қағаздан гүлдің сабағын қиып алу.

2. Содан кейін жасыл түсті шаршы пішінді қағазды екіге бүктеп, жапырақ қию.

3. Содан кейін сабақтың жоғарғы жағына әртүрлі түймелер таңдап алып жапсыру.

4.Қайшымен жасыл жіпті ұсақтап қиып, гүлдің астына жапсыру.


Жұмыс барысында балаларға көмек көрсетеді.






Қолдарын жақындатып, алақандарын гүлге ұқсатып ашады.

Қолдарымен жабылған гүлді жасайды.


Мұқият қарайды, тыңдайды

Жұмысқа кіріседі, көмек сұрайды, әдемі, таза салуға тырысады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды сұрақтар қояды:

-Бүгін не жасадық?


Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастырды


Рефлексия:

Егерде, көңіл-күйлері көтеріңкі болса, қызыл гүлді алуды, көңіл-күйлері болмай тұрса, көк гүлдерді таңдауды ұсынады.

Таңдаған гүлдердің күлтелерін қарындашпен шиыршықтап, суға жіберуді ұсынады.

Суға түскен гүлдер ашылады.


ұрақтарға жауап береді

Көгалдағы гүл жасадық


Әдемі жасалған суреттерді таңдайды


Гүлдерді таңдап, қарындаш-

пен шиыршықтайды, суға жібереді.



Ашылған гүлдерге таңдана қарайды.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Түстерді ажыратуды, таңдай білуді.

Болу керек: Көктем мезгілі, оның ерекшеліктері туралы, гүлдер туралы мағлұмат.

Істей білу керек: Тапсырманы дұрыс орындауды, қойылған сұрақтарға толық жауап беруді.

Тәрбиеші: Жетписова Г.Т

Тексерді: ______________



























Мен мектепке барамын

1.Құшағында жарқылдап

Өтті сәби күндерім

Биледім, ән тыңдадым

Алаңдауды білмедім

Бақшамыз, бақшамыз

Сен үйреттің сөйлеуді

Бақшамыз, бақшамыз

Сенде ойым есейді

Мектепке барам енді

Балабақшам қош енді.


2.Гүлге толып жан-жағым

Асыр салып жүрдім

Өсті талап талғамым

Көп нәрсені үйрендім



Тәрбиеші.

1.Ән салғызып, билетіп

Ылғи бізбен жүреді

Тақпақты да үйретіп

Ойнатады, күледі

Тәрбиеші,тәрбиеші

Тәрбиеші апайды

Елдің бәрі мақтайды


2.Қызық- қызық ертектер

Біздерге оқып береді

Жылауық та, тентек те

Сол апайға көнеді.







1.Әріптерді әр түрлі,

Ажыратып жазуға,

Үйретеді мектепте үйретеді.

Қосу менен алуды,

Ренжімеуге бауырға,

Үйретеді мектепте үйретеді.

2. Төртке екіні қосуды,

Буын менен оқуды,

Үйретеді мектепте үйретеді.

Кітаптарды сүюді,

Тәрбиелі болуды,

Үйретеді мектепте үйретеді.


3.Батыс пенен Шығысты,

Дәл табуға картадан,

Үйретеді мектепте үйретеді.

Арал менен қаланы,

Шатастырып алмауды,

Үйретеді мектепте үйретеді.


Көктем қандай көңілді,

Көктемде жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.


Көктем келді бүгін,

Күн де төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Көктем деген немене?

Көктем деген көп жаңбыр

Әнге салып әуеде,

Қарлығаш ол тұрған бір.


Көктем деген ашылған

Бұлақтардың көзі ғой.

Көктем деген құстар ғой,

Тұған жерге қайтатын.


Көктем, көктем ,көктемде

Күн нұрын төккенде

Көк шыбық былтырғы

Көгерді, құлпырды.

Манипулятивті-ойын орталығы



Тақырыбы: «Жемістерден салат жасау» сюжетті-рөлді ойын.

Мақсаты: Балаларға жемістер туралы,олардың көктемде адам ағзасына

қажеттілігі туралы айтып, түсіндіру. Пышақтарды ұстай алуға, жемістерді турай алуға үйрету. Әдемілікке, тазалыққа, топпен бірлесіп жұмыс істей алуға үйрету.Үлкендердің еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.


Керекті құралдар: Жемістер, сүзбеше, тақтайшалар, пышақ, алжапқыштар.



Барысы: Тәрбиеші жемістер туралы, көкеністер туралы әңгімелеседі,сұ-

рақтар қойылады.Салатты қалай жасалуын түсіндіреді. Пышақты дұрыс

ұстау жолын, тақтайшаға қойып, турау жолдарын көрсетеді. Балалар қы-зығушылықпен жұмыс істейді. Әрбір балада алжапқыш , бастарында шыт болуы керек.





































Ересек топқа ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 26.03.12 ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»


Тараулар: Жапсыру


Тақырыбы: «Алғашқы көктем гүлі» (бәйшешек)


Мақсаты: Балалармен көктем жайлы, көктемде ұшып келетін құстар жайлы әңгімелесу, көктемгі гүлдермен таныстыру, балалардың қиялын, ой-өрісін, зейінін дамыту, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.


Керекті құралдар: Көктем мезгілінің суреттері, түрлі түсті бояулар, ақ қағаз, су құятын ыдыс.


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Танымды - оятушылық



Сұрақтар қояды:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілі бізге хат беріп жіберіпті, биыл орманда гүл аз өскенін, балардан гүл жасап беруін өтініпті.

Үстелді жағалай отыр

Сұрақтарға жауап береді




-Қуанады, көмектесуге келіседі

Ұйымдастыру-іздестіру


Тақпақ оқиды:

Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын,

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Түрлі-түсті әйбат,

Гүлдер шықты жайнап,

Қызыл-жасыл аймақ.

Қырға шықты ойнап.


-Тақпақ не туралы?

-Көктемде қандай гулдер өседі?



Дид.ойын: «Бұл не?»

Балаларға гүлдің қиындылары бар суреттерді таратады, сол қиындылардан толық бір гүл құрастыруды ұсынады.


Бәйшешек гүлін жапсыратындарын айтып, жасалу жолдарын көрсетеді. Оның жапырақтарына, сабақтарына назар аудартады.




Сергіту сәті:








Балаларға көрсетеді, көмектеседі.





-Қуана қарайды



-Тыңдайды, қайталайды






-Көктем, гүлдер туралы

-Бәйшешек, қызғалдақ



-Қиындылардан гүл құрастырып, оны атап береді



-Қарайды, тыңдайды

-Жапырақтары жасыл екенін, сабақтары қоңыр екенін айтады.




Отырайық жүрелеп

Гүлді үзіп алайық

Орнымыздан түрегеп

Басқа гүлге барайық

-Айтады, қимылдарын көрсетеді.


-Жұмысқа кіріседі





Рефлексифті-түзету


Қорытындылайды,сұрақтар қояды:

-Қандай гүлдер жасадық?

-Түсі қандай?


Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастырды.




-Сұрақтарға жауап береді.




-Әдемі жасалған жұмыстарды таңдайды.


Күтілетін нәтиже:


Білу керек:Түстерді ажыратуды, таңдай білуді.


Болу керек: Көктем мезгілі, оның ерекшеліктері туралы мағлұмат


Істей білу керек: Тапсырма дұрыс орындауды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруді, әдемі гүлдерді салуды.






Тәрбиеші: Жетписова Г.Т

Тексерді: _______________

































































































Сәуір айы 1 апта

Апта күні

Білім беру саласы

ҰОІӘ тақырыбы



Дүйсенбі

«Қатынас»

Тіл дамыту

Тақырыбы: «Дыбыс мәнері «Қ-Ғ» дыбыстары» (қайталау)

«Шығармашылық»

Сурет салу

Тақырыбы: «Көктем»

(ұжымдық жұмыс)




Сейсенбі

«Әлеуметтік орта»

Экология негіздері

Тақырыбы: «Көктемдегі аңдардың тіршілігі»

«Шығармашылық»

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Үйрек»

«Денсаулық»

Дене шынықтыру



Сәрсенбі

«Таным»

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Ауылшаруашылық қызметкерлері не әкелді?»(сурет бойынша әңгіме)

«Шығармашылық»

Музыка



Бейсенбі

«Қатынас»

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Құмырсқаның қанағаты» (ертегі)

«Таным»

ҚМҰҚ

Тақырыбы: «1-ден 5-ке дейіегі сандарды қайталау»

«Денсаулық»

Дене шынықтыру


Жұма

«Таным»

Құрастыру

Тақырыбы: «Қуыршаққа жиһаз»

«Шығармашылық»

Музыка




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ересек тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы

Автор: Жетписова Гульнар Токеновна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311344


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства