Просмотр содержимого документа
«"Емен жеті ла?" ертегісі технологиялы? карта»
Тақырыбы: «Өзге ұлт өкілдерінің ауыз екі тілде қазақ тілін меңгеруі»
Мақсаты: «Мектепке дейінгі балалалардың тілдік біліктілігін қалыптастырып, қазақ тілді ортаға енуіне мүмкіндік туғызу»
Ұйымдастыру кезеңі:
- Мұғалім : -Сәлеметсіздер ме? Құрметті қонақтар.
- Сіздер ертегі тамашалағанды ұнатасыздар ма? Мен ертегі тамашалағнады ұнатамын. Онда Мына сиқырлы таяқшаның көмегімен ертегілер әлеміне барамыз. (Тың-тың-тың музыка)
- Ой, мен қайда келдім, қандай керемет, тамаша.
- Мынау үй қандай тамаша бұл ешкі мен жеті лақтың үйі ғой
Мұғалім: - Ерте-ерте ертеде
Ешкі жүні бөрте екен
Қырғауылы қызыл екен
Орманда бір ешкі өмір сүріпті.Ешкінің жеті лағы болыпты.
Олар ормандағы үйшікте өмір сүріпті.Ешкі орманға кеткенде лақтары үйде қалады екен.
Мен барып олармен танысайын..
Мұғалім: -Сәлеметсіздер ме?
Ешкі: -Сәлеметсіз бе? Сен кімсің?
Мұғалім: - Менің атым Лаура.
Ешкі: -Мен ешкімін, мынау менің лақтарым.
Мұғалім: - Қандай сүйкімді.
Лақтарым! Ойнаңдар мен орманның шетіне барып тамақ әкелемін!
Сендер есікті ашпаңдар. Мен келгенде Қарақтарым-шырақтарым
Есікті ашыңдар деп айтамын.
Есікті жауып алыңдар,
апайларыңды тыңдаңдар.
Жарай ма?
Лақтар: - тыңдаймыз..
Мұғалім: - қандай сүйкімді лақсыңдар.Сендерді аналарың қалай еркелетіп атайды.
- Мен білгіш лақпын
- Мен мылжың лақпын
- Мен ақылды лақпын
- Менен бұзық лақпын
- Мен ерке лақпын
- Мен әдемі лақпын
- Мен кенже лақпын
- Таң жаңа ғана атты. Келіңдер күнмен,жермен амандасып алайық. Шаттық шеңбер.
Армысың шапағатты күніміз
Армысың мейірімді жеріміз
Армысың табиғат анамыз
Әдеппен бас иер баламыз.
Мұғалім: - жарайсыңдар.
Сендер Ертегілерді білесіңдер, қане қандай еретегілер білесіңдер, атап беріңдерші:
«Бауырсақ», «Шалқан», «Алдаркөсе», «Жалқау қоян»,
«Ешкі мен жеті лақ».
Мұғалім:Жарайсыңдар, қане келіңдер өлең айтайық.
Қошақаным қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың......
Мұны естіп тұрған қасқыр лақтарды жегісі келіп, есіктің сыртына келіп, зор дауыспен :
қарақтарым –шырақтарым ,
Есікті ашыңдар!- .анаң келді сүт әкелді- дейді.
Лақтар: - Бұл кім?
- Кім келді?
- Бұл анамыз емес
- Даусы ұқсамайды.
Қасқыр қайтадан ешкінің даусына салып:
Қасқыр: (жіңішке дауыспен)
- Қарақтарым –шырақтарым
Есікті ашыңдар!
Анаң келді,сүт әкелді.
Лақтар: -анамыз келді, анамыз келді.
Қасқыр: - ә, мен сендерді жеймін
Лақтар: -жоқ-жоқ, бізді жеме, біз саған жемістер береміз.
Лақтар:-Мынау көк алма, дәмі тәтті,жесең тоясың
- мынау алмұрт, жұмсақ, тәтті же
-мынау сары банан, жұп-жұмсақ, дәмді, пайдалы
-мынау сары апельсин, қышқыл,жесең көңілің көтеріледі.
-Қасқыр: ә, жеп көрейін,дәмді екен, тойдым
Лақтар: - ендеше біз саған өлең-тақпақ айтып береміз.Тыңдайсың ба?
Қасқыр: иә, ай
Лақтар:
Қошақаным қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың
Секең-секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп-ақ
Тыным тапсаң болмай ма,- 2 раза
Секірмей-ақ кей уақ
Артур: Кіп –кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзің деп
Селукова: Секеңдейсің ей лақ
Жағалайсың бұлақты
Секірем деп босқа
Құлап қалма жылап
Катя:
Тентек лақ тынымсыз Мінезі бар ұғымсыз Ертелі кешке ермейді Қозыға маза бермейді.
Полина:
Қошақаным қоңырым Мыңқ етпейтін момыным Түрі неткен әдемі Бұйра – бұйра ақ тоның.
Балалар сендер үй жануарлары туралы мақал білесіңдер ме?
Мұғалім: -сендер жарадыңдар .Сендер өте ақылды, білімді, сүйкімді лақтар екенсіңдер, қазақша да білесіңдер, қасқырды да алдадыңдар, мықты екенсіңдер.Маған сендермен көңілді болды.
Мен енді сиқырлы таяқшамен өз еліме қайтайын. Сау болыңдар
Мұғалім:Ешкі мына орманда жеті лағымен бақытты өмір сүріпті.
Мұғалім: Сиқырлы таяқшаны қозғап жіберіп, өз еліне кетеді.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, міне, «Ешкі мен жеті лақ» ертегісіне құрылған сабағымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет.