1 | Ұйымдастырушы қозғаушы | Балалар қонақтармен сәлемдеседі. Жылулық шеңберін құру. Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қанат қағамыз, Әлемдегі бар адамға, Жақсылық біз тілейміз. Сұрақ-жауап Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс айлары. Қыс мезгілінің ерекшеліктері. Апта күндері. Қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойладық? | Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Қыс мезгілі Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Тәуелсіздіктің 20 жылы, Жаңа жыл мерекелері |
2 | Ізденімпаздық, ұйымдастырушы лық | Таңқалдыру сәті. Хат тасушы хат әкеліп береді. Хатты тәрбиеші ашып оқиды. Хатта: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді өткен Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. 20 жыл ішінде көркейген Астана қаласын тамашалауға сендерді елордаға шақырамыз. Мына таспадан біздің әсем қаламызды тамашалаңыздар! Астана қаласы. Білім министрлігінен» DVD-дан таспаны тамашалайды. Балалар, бізді Астанаға шақырып жатыр екен, барамыз ба? Қандай көлік түрлерін білесіңдер? Қайсысы жылдам жүреді? Олай болса ұшаққа билет алайық. Билет алу үшін кассаға барамыз. Кассир бізге санамақтар айтып берсін дейді. Ұшаққа отырып, Астанаға барамыз. Астанада Есіл өзені бар.Есіл өзенінің сол жағалауынан оң жағалауына өту үшін өзенге көпір құрастыру керек. Ол үшін сандар жазылған тақтайшаларды ретімен орналастыру керек. Құрастырған сандарды тура және кері санайды. Оң жағалауға өттік. Алдымызда не тұр? Оң жағында не орналасқан? Сол жағында не орналасқан? Қайсысы биік? Қайсысы аласа? Қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Бәйтерек қайсысына жақын орналасқан? - Балалар, бәйтеректің ар жағында үлкен көше бар. Сол көшеге барып көрейік Неше жол бар екен? Қандай-қандай жолдар? Дұрыс айтасыңдар. Жуан жол машиналар жүретін жол, ал екі жіңішке жолмен жаяу жүргіншілер жүреді. Үлкен жолда қандай машиналар бар? Неше камаз бар? Неше жеңіл машина бар? Камаздар қай бағытқа қарай кетіп бара жатыр? Жеңіл машиналар қай бағытқа қарай кетіп бара жатыр? Ойын: «Қайсысы ұзақ жүреді?» Екі бала шығып, бірі камазды, бірі жеңіл машинаны итеріп жібереді. Қайсысы ұзақ жол жүрді, қайсысы қысқа жол жүрді? Балалар, бәйтеректің астында сыйлық бар екен. Бізге тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған сыйлық екен. Не екенін көрейік. Қораптан жалаулар шығады. - Балалар, бұл не? - Дұрыс айтасыңдар. Бізге мұны сыйлыққа берген себебі, еліміздің болашағы сендерсіңдер. Көк байрағымыз биіктерден көріну үшін біз сабағымызды жақсы оқып, үлкен азамат болып өсуіміз керек. - Балалар, қолымызға туымызды ұстап тұрып, сергіту сәтін жасайық Көк байрағым желбіре, Биіктерден көрінші. Егеменді елімнің, Мәртебесін көтерші. Балалар, сергіп алсақ топқа оралайық. Жолақшамен жұмыс. Балалар, бағана біз жолдан қандай көлік түрлерін кездестірдік? Жеңіл машина нешеу? Камаз нешеу? Олай болса жолақшаның жоғарғы жағына жеңіл машиналарды, төменгі жағына камаздарды орналастырып шығайық. Қанша камаз кем? Екеуін теңестіру үшін неше камаз керек? Олай болса 1 камаз қойып екеуін теңестірейік. Барлығы қанша камаз болды? Барлығы қанша жеңіл машина болды? | Хатты мұқият отырып тыңдайды. Таспаны көріп шығады Ия Пойыз, машина, ұшақ Ұшақ Санамақтар: Бір дегенім – бесік, Шықтық содан өсіп Екі деген – елім, Далам, тауым, көгім. Үш дегенім – үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім –төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенің- бақыт, Бағалайтын уақыт. 2 бала шығып, тақтайшаларды сандардың орналасу ретімен қойып шығады. Сандарды тура және кері санайды. Бәйтерек Ақ орда Парламент үйі Сұрақтарға толық жауап алынады. 3 жол 1 жуан жол, екі жағында жіңішке жолдар бар. Камаздар, жеңіл машиналар 4 камаз 5 жеңіл машина Оң жаққа, Ақ ордаға қарай кетіп бара жатыр Сол жаққа, Парламент үйіне қарай Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар таңырқап, сыйлықты көруге асығады. - Қазақстан Республикасының Туы. Сергіту сәтін қимылмен жасап көрсетеді Ия Балалар тақпақ айтып береді. Жеңіл машиналар мен камаздарды 5 жеңіл машина 4 камаз Жолақшаға орналастырып шығады. 1 камаз Барлығы 5 камаз Барлығы 5 машина |