kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Елбасы-ел тірегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу қызметі Елбасы - ел тірегі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Елбасы-ел тірегі»

Астана қаласы

38 «Шаттық» балабақшасы

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Бердимуратова Акмарал Сулейменовна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні 29.11.2017 жыл.

Білім беру саласы: Әлеумет

Тараулары: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Президент – ел тірегі».

Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мақал, түсіндіру, көрсету, тапсырмалар.


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық















Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.


-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

Бүгінгі сабағымызды әнұранды орындаумен бастамыз.


Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп,уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


ҚР Астанасы қай қала?

-Балалар кім Астана туралы өлең шумақтарын біледі?


Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


-Қазақстан Республикасының президенті кім?


- Балалар, бүгінгі тақырыптық оқу іс - әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін – Тұңғыш Президент күні.


- Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды.Елбасының бастауымен біздің Отаным әлемге танылды.Елім елдігін көрсетті,ерлігін танытты.Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.




Дәйексөз.
Тәрбиеші «Отаншыл болу отбасынан басталады» деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөзін бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Балалар шаттық шеңбер жасайды.





-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Балалар әнұран орындайды.








Алихан:

Киелі менің Ақордам

Арудай сұлу таранған

Береке бірлік достықтың

Тұнығынан нәр алған.

Мейірхан:

Күн болып қарайды

Шуақ болып тарайды

Әлемге нұр шашқан

Астанам арайлы

Сабина:

Туғандай қиялдан

Үйлері бір арман

Аспандап барады

Аяулы Ұлыордам!

Нұрислам:

Ақтаңмен таныстап

Мүлгиді күмісбақ

Тыныштық тұтқасын

Елбасым тұр ұстап


Нұрсұлтан (Ту):Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.Көгілдір матаның сол жағында қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.

Дидар(елтаңба):

Шаңырақ-Отан отбасынан басталады.Шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар көршілес елге бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.


Балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін айтып өтті.

Ұйымдастыру-іздестіру

Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.
-Елбасымыз туралы кім өлең шумақтар біледі?

- Президентіміз кім және президентіміз туралы не білесіңдер?

Аслан:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Бірханым:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Жанерке:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы


- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса - жаса жарқын күн,

Жаса -жаса алтын күн.


Біздер тату баламыз,

Гүл -гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы серігіп қаламыз.

Тыныштық сәті.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алулурыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

-Балалар деректі фильм көреді.


- Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.

Балалар елбасы туралы өлең шумақтарын айтты.













Балалар сергіп алады.

Рефлексивті – түзетушілік













Дидактикалық ойын: «Қандай ғимарат екенін тап»

Мақсаты: Балалардың туған қаланың көрікті орындары туралы білімдерін бекіту.

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға бір данадан қаланың көрікті орындары бейнеленген ашықхаттарды таратып береді және балалардан онда не бейнеленгенін, нақты орынның атын атамай, әңгімелеп берулерін сұрайды. Ал басқа балалар қай ғимарат екенін табулары керек. Тәрбиеші балаларға көмектеседі, сұрақтар қояды, жауабын шешуге көмектеседі.

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.

-Біз бүгін қандай тақырыпта сөйлестік?

-ҚР президенті кім?

-Елбасымыздың туған жері қалай аталады?

Жүректен- жүрекке
Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:
Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз, данамыз.
Ойынменен өседі,
Ойымызбен санамыз.
Қол ұстассақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы.

Балалар бір-біріне ғимараттарды жасырып, тауып айтады.

Ақорда: Елбасымыздың жұмыс орны, сол түстік жағалауда орналасқан қандай ғимарат?

Бәйтерек:

Ұзындығы 97метр, үш бөліктен тұратын,ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын алған қандай ғимарат?

Бейбітшілік және келісім сарайы:

Ғимарат пирамида түрінде салынған, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан қандай ғимарат?



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктері бар.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Елбасы-ел тірегі

Автор: Бердимуратова Акмарал Сулейменовна

Дата: 15.12.2017

Номер свидетельства: 444535


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства