kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ел рәмiздерi еркіндік нышаны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан республикасының мемлекеттік рамiздерiн құрметтеу. Оларды жатқа бiлуге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ел рәмiздерi еркіндік нышаны»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Ел рәміздері еркіндік нышаны»

Мақсаты: Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру.Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату. Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. слайд, шар, күн, гүлдер.

Әдіс тәсілі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.

Іс-әрекет түрі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Күлімде күн күлімде,

Күлсін барлық бала шат.

Бүгінгідей күн қайда,

Бейбіт болсын болашақ!

Балалар, сендер өте зейінді, ақылды, әдемі, сұлу, дарынды, мейірімді балаларсыңдар. Біз аспаны ашық сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Олай болса балалар бәріміз бірге

Қазақстан Республиксының Мемлекеттік Әнұранын шырқайық.

-Балалар қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштықпен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба негізі –Шаңырақ   ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері. Шаңырақ- киіз үйдің күнбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлділі,ер-азаматтың сәйгілігі,жеңіске деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың ,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып, жұлдызыңыз жарқырай берсің»деген асыл арқаны арқалап тұр.«Қазақстан»жазуы қазақ елінің айғағы.

Елтаңбаның авторлары- Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы, біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.

Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда  Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жұмекен Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.

Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков, Жұмекен Нәжмиденов, Нұрсұлтан Назарбаев .


Шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарын қайталайды.





















Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру- іздестіру

Сергіту сәті:

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт, ел үшін,

Кең дүниенің көлемің.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Ұшырамын қолымнан.

Ғажайып сәт:

Балалар бізге шетелден қонақ келді.

Good morning, children!

My name is Balnur!

I from in England, but love Kazakhstan too. It is very beautiful and big Republic. There are peoples are very kind and generous.

I speak Kazakh language too, because I love this language .

-Балалар мен сендерге бос келмедім. Сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше тапсырмалар ала келдім. Олай болса «Шар жару» ойынын ойнайық . (Жарылған шарлардан тапсырмалар шығады)

1-тапсырма.

«Біз қай Республикада тұрамыз?»

2-тапсырма.

«Отан туралы мақал-мәтел»




3-тапсырма.

«Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері қандай?»

4-тапсырма.

«Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері туралы қандай тақпақтар білесіңдер?»





























-Жарайсыңдар, балалар! Төрт тапсырманы керемет орындадыңдар.

Балалар біз елімізді сүйеміз қане бәріміз бірге қонақпен өз ыстық ықыласымызды Қазақстан картасына өз қолтаңбамызды қалдырамыз.

-Жарайсыңдар балалар! Қонақпен қоштасамыз.






























Қазақстан Республикасында

1.Отан оттан да ыстық.

2.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

3.Отан-елдің анасы.



-Ту, Елтаңба және Әнұран



1. Аяулым

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның

2. Айқын

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған…

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

3. Аружан

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!










-Сау болыңыз!

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

Балаларға сұрақ қою арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қазақстан Республикасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, мол мәлімет алды, оның қандай екендігін білді.

Нені игереді: Қазақстанда тұратын әр адамның, сол елдің азаматы екендігін ұғынады.

Нені біледі: Балалар, Қазақстан, туған жер туралы тақпақтар айтып, отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.

«Манашы бөбекжайы» МКҚК















Тақырыбы: «Ел рәміздері еркіндік нышаны»







Өткізген : Туреханова Қ.













Бейнеу селосы

Маусым 2016


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ел рәмiздерi еркіндік нышаны

Автор: Туреханова Камар Конысбайкызы

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419282


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства