Просмотр содержимого документа
«Ибраимова Гүлдана Дильмуратовна»
Ақтау қаласы әкімдігінің № 55 «Қыран» балабақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші көмекшілеріне арналған
психологиялық тренинг
«Кел,танысайық!»
Психолог:
Ибраимова Гүлдана Дильмуратовна
Ақтау қаласы
2018-2019 оқу жылы
Мақсаты: педагогтар, тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Қажетті құралдар: шарлар, түрлі-түсті қарындаштар, таза парақтар, жіп, әуен
Ұйымдастыру.
Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі өткізілетін психологиялық тренингке қош келдіңіздер! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренингке ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Топтағы қағида: 1. Белсенділікті арттыру 2. Бірігіп жұмыс істеу 3. Бір-біріне кедергі келтірмеу 4. Өз ойыңды ашық айта білуге үйрену 5. Өзіңе пайдалы нәрсені алу 6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу 7. Өзін еркін ұстауға үйрену
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар.
Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. «Мен сізді көргеніме қуаныштымын»
Қатысушылар бір – бірлерінің қолдарын ұстап,шеңбер құрып, «Мен сізді көргеніме қуаныштымын» деп бір – бірлеріне жылы сөз арнайды.
«Формула» атты психологиялық жаттығу.
Мақсаты
Нұсқау:
Оң қолды «О», сол қолғы «С» әрпімен белгілей отырып,өздеріңізге тән формулаларды анықтап алыңыздар. Сіздерде төрт әріптен тұратын өздеріңіздің мінез – құлықтарыңызды айқындайтын бір формула шығады. Сол формула бойынша жеке – жеке оқылып беріледі, сол арқылы мінез – құлқыңыздың қандай екенін білуге болады.
Қолыңыздың саусақтарын айқастырыңыз, сіз бір саусақтың ұдайы үстінде тұрғанын аңғарасыз.Оң немесе сол.
Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе карандаш арқылы көздеп көріңіз.
Жүргізілу барысы: Біз бір кемеде келе жатқан адамдармыз, сол үшін ортамыздан капитанымызды анықтап алайық, Барлық қатысушыларды ортаға жиналып, әдемі әуенмен ырғалып билеп ойын басталады, еден жуамыз – 2 адам, құтқарамыз – 3 адам,тамақ ішеміз – 4 адам, кемеге отырамыз – 5 адам,ең соңғы қалған адам, кеме капитаны атанады.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы. Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. - Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... . - Мен шаршадым, оның есесіне ...... . - Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... . - Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... . - Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... . - Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... . - Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . - Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . - Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . - Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . - Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . - Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... . - Мен тым толықпын, оның есесіне.... . - Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . - Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . - Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.(әуен) Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады. Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңіз ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіздің асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізге соғуда, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. (1 минут) Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
Өрмекші жаттығуы
Мақсаты: Ұжымдық таныстықты нығайту, қарым – қатынаста сыйластықты қалыптастыру.
Жүргізілу барысы: Жіпті тәрбиешілер бір – біріне лақтыра отырып,бір – біріне жақсы тілектерін арнап, әдемі тор көзін құрастырады.
Қорытынды
Тілек ағашы. Барлық ұстаздар психологиялық тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, тілек жазып, Тілек ағашына жапсыру арқылы психологиялық тренингімізді аяқтаймыз...