Шаттық шеңбері: Сабақты жылулық шеңберімен бастау. «Мен сенімен доспын!» Сабақтың барысы: Әңгімелесу сұрақтар арқылы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар бүгінгі біздің сабағымыз көркем әдебиет. Ал біздің оқитын өлеңіміз І. Жансүгіров атамыздың «Күз» өлеңі. Балалар айтыңдаршы қазір қандай жыл мезгілі? Дұрыс айтасыңдар! Күз мезгілінің ерекшеліктері неде? Жапырақтар қандай түсте болады? Осы мезгілде біз қандай мерекені тойлаймыз? Күз мезгілінің айларын атап шығайықшы! Жыл мезгілдерінің саны нешеу? Әр жыл мезгілінде адамдар қалай киінеді? Балалар күз мезгілі өзінше ерекше. Жаңбыр жиі жауады, күн суытады, жапырақтар жерге түседі. Астық, жеміс – жидектер піседі. Біз жылы киіне бастаймыз. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Солай ма? Кім маған күз туралы өлең айтып береді? Жарайсыңдар! Бүгін біз сендермен өзіміздің қоржынымызға тағы бір күз туралы өлең қосамыз. Дайын болсаңдар өлеңді мұқият тыңдаймыз. Өлеңді мәнерлеп оқып беру: І. Жансүгіров «Күз» | Балалар шеңбер құрып, жылулық шеңберін жа-сайды. Сұрақтарға жауап береді.
Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдап сұраққа жауап береді.
Балалар өлеңмен танысады. |