Просмотр содержимого документа
«"Г?л ?сірсе?,г?л ба?ы ?седі"»
Гүл өсірсең –гүл бағы өседі.
Сабақтың мақсаты:Балаларды өсіп келе жатқан гүлдерге сүйспеншілікпен қарауға және олардың сұлулығын көріп ,қабылдауға үйрету.Гүлдерді босқа жұлуға болмайтындығын айтып ,экологиялық түсініктерін дамыту.Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу.
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі оқу іс –әрекетімізді бастамас бұрын, бізге келіп отырған қонақтармен амандасып алайық.
Амандасу:
Шеңбер болып тұрайық
Амандасып алайық .
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық,
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
Қызықты сәт :/Гүлдің келуі/
Сәлеметсіңдер ме, балалар?Мен гүлмін .Мен әдемі, үлкен алаңда өстім ,менің айналамда әдемі гүлдер болды .Бізді күн жылытып ,жаңбыр суарып тұрды .Ол жер бізге қатты ұнады , бірақ суықтарда келіп жетті .Мен сендердің балалабақшаларыңда көптеген гүлдер бар деп естіп келдім.Олардың сендерде қалай өсетіндігі таң қалдырып ,қатты қызықтырды,себебі күн суытып кетті.
Тәрбиеші :Біздің балабақшаға келгенің жақсы болды ,бүгін біз бөлме гүлдері туралы әңгіме айтамыз.Гүл төрлетіңіз , жайғасып отырыңыз .
Балалар гүл өсетін алаңда неліктен салқын болды ?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар :Қазір жылдың күз мезгілі ,жапырақтар тоңып жерге түседі , жаңбыр қар жауады.Күннің жылуы жетіспейді.
Тәрбиеші :Дұрыс-ақ балалар ,күз келді күн салқындай бастады,жылдың бұл мезгілінде гүл бағы мен гүл алаңында гүлдер болмайды.
Ал біздің үйіміз бен бақшамызда гүлдер өсе береді .Біз оларды қалай атаймыз?
Балалар:Бөлме өсімдіктері деп атаймыз.
Тәрбиеші :Неге оларды бөлме өсімдігі деп атаймыз?
Балалар :Себебі ,олар бөлмеде өседі ,бөлмеде жылы және де біз оларды суарып күтеміз.
Тәрбиеші:Балалар сендер алаңда гүлдер қалай өсетінін білесіңдер ме?
Орманда ,алаңда ,жазық далада гүлдерді ешкім отырғызбайды ,олар өз бетімен өседі.
Балалар мына суретке назар аударайық:/Сурет бойынша әңгімелеп беру/
1.Бір күні кішкентай дән жерге құлап түседі,мүмкін оны жел ұшырып әкелген болар.
2.Содан кейін бұл дән жерге еніп,жаңбыр суарып , жас өскін пайда болады.Жас өскін өсімдікке айналады.
3.Осы өсімдіктен әдемі ,үлкен гүл өседі екен.
Мінекей балалар далада өсімдіктер осылай өсе береді екен.Алаңда гүлдердің қалай өсетіні туралы білдік.Ал енді мен сендерге бөлме гүлдері туралы айтып оны көрсетейін .
Тәрбиеші балалармен бірге гүл отырғызады ./Балалардың әрқайсысының алдында ыдыстар мен гүл екпелері тұрады/
Міне мынау гүл отырғызатын ыдыс .Оған біз гүл отырғызу үшін ,тұқым немесе гүл екпесін салуымыз қажет .Таяқшаны алып ,шұңқыр қазамыз ,гүл екпесін отырғызамыз ,сосын айналасын басамыз,үстіне шамалап су себеміз.Міне біз бәріміз гүл отырғыздық ,ол мынадай үлкен гүл болып өседі.Біз гүлдер әдемі боп өсуі үшін оларға әңгіме айтып айтып, суарып , жапырақтарын сүртіп ,жақсы көруіміз керек.
Қане гүлдерге қандай тақпақ айтып бересіңдер ?
1бала.
Біз гүлдермен доспыз.
Текке оны жұлмаймыз,
Мерекеде бір-бірлеп ,
Анамызға сыйлаймыз.
2бала.
Ұмытпаймын күнде,
Су құямын гүлге
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін.
3бала.
Бір күні мен ыдысқа ,
Отырғыздым үй гүлін.
Сабақтарын қып-қысқа ,
Терезеден сүйді күн.
Тәрбиеші:Ал ,енді мына гүлдерімізді терезенің алдына қояйық.Оны күнде қарап ,баптайтын боламыз.
Гүл :Қандай керемет ,мен бөлме гүлдері туралы білмейтін едім ,көп мағлұмат алдым .Рахмет сендерге.Енді мен сендермен ойын ойнағым кеп тұр.
Д/О:«Топтастыр»
Ойын шарты:Дала гүлі мен бөлме гүлдерін ажыратып ,өз мекеніне апарып орналастыру.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар сендерге көп көп рахмет ,осымен бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Бөлме гүлінің ерекшілігін
Игерді: Бөлме гүлдері мен дала гүлдерге деген қамқорлық,достық түсініктерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тыңдай білу , берілген тапсырманы мұқият ,ұқыпты орындау .