kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ГККП Ясли-сад №25 санаторного типа город Павлодар

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? «Тіл туралы» За?ыны? 4 – бабында: «?аза?стан хал?ын топтастыруды? аса ма?ызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді ме?геру – ?аза?стан Республикасыны? ?рбір азаматты? парызы» деп к?рсетілген. ?аза? тілі – хал?ымызды? тарихы, шежіресі, арманы мен ?міті, ?ай?ысы мен ?уанышы, к?ллі рухани ?міріні? ?ні. ?аза? тілі – хал?ымызды? ?ткен ?рпа?ын тарихи бірт?тасты?, ажырамас бірлік жа?дайда м??гілік біріктіретін е? сенімді ??рал. М?ны елбасымыз Н. Назарбаевты? с?зімен айт?анда «?зіміз ана тілімізде с?йлемейінше, ?зге ешкім де б?л тілді шындап ??рметтей ?оймайтынын т?сінуге тиіспіз. Б?л – аз уа?ытты? аясында тындырып тастайтын іс емес. Б?л мемлекеттік т?р?ыдан, ?за? жылдар бойы, ?дайы айналысатын іс» деген. [А. Макаренко] б?л ж?нінде  «сізді? с?зі?ізден ?зі?ізді? еркі?із, сізді? м?дениеті?ізді, сізді? жеке ерекшелігі?ізді сезіне алатындайболуы керек» деген болатын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ГККП Ясли-сад №25 санаторного типа город Павлодар »

Сызбаларды қолдана отырып қазақ тілін оқыту


Мантай Бағдатқызы Жампеисова

Қазақ тілі мұғалімі


Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Туберкулез инфекциясы ерте білінген және туберкулез инфекциясы кіші және өшу формалары бар балаларға арналған Павлодар қаласы №25 санаторлық үлгідегі сәбилер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны


«Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі».
[Жүсіп Баласағұни]


Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4 – бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы» деп көрсетілген. Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Мұны елбасымыз Н. Назарбаевтың сөзімен айтқанда «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл – аз уақыттың аясында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс» деген. [А. Макаренко] бұл жөнінде  «сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңіз, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындайболуы керек» деген болатын.

Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен  өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде баланы қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында жаңа технологиялар өмірге келді. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогика технологиялар – бұл білімнің; басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».  Сол технологиялардың бірі - ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалануы.  Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.
Елбасымыз: «Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аудару керек» деген.

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы – тіл болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл ұрпақ  тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы.Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрі, сана сезімі, ойлау тәсілі, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Зерттеушілердің көрсетілімдері бойынша бала дамуындағы 5-6 жасар кезеңі өте ұтымды саналады. Осы өмір кезеңінде оның фонематикалық естуі, сөздерді жадында сақтау және оларды ауызекі сөйлеуге қолданылу зеректілігі үстем болып келеді дейді. Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс. Ғалымдардың пікірінше мектеп жасына дейінгі балаларға сензеттивтік кезенде тілді қимыл әрекетімен үйлестіріп үйрету тиімді.  Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Мектеп жасына дейінгі көрген – білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен жауап береді. Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру. Шешендікке , тапқырлыққа баулу үшін ойын технологиясын пайдалану қажет. Осы тұрғыдан келгенде, ойын  технологияның өзіне тән ерекшеліктерін атап айтуға болады: оқытудың мақсатының, соған сәйкес нәтижесінің айқындылығы, өзіне тән құрылымы, бостандығы, осы құрылымға орай оқу материалдары бөліктерге бөлініп берілетіндегі, оқытушы кеңесші, бағыттаушы қызмет атқаратындығы, мұғалім мен білім алушының арасында субъект-субъектілік қарым-қатынастың болатындығы, білім алушыларға өз бетімен толықтыруға толық мүмкіндік жасалатындығы.

Ойын технологиясы арқылы сабақты жоспарлаудың маңыздылығы - баланың шығармашылығын дамытуға, эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызуында. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен жаңа технологияларды іздестіре отырып, мынандай мәселе қойылды: «Ойын технологиялары арқылы қазақ тілінен жас өспірімдердің тілін дамыту»


Мақсаты:
«Бүлдіршіндерге күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тірек сызбалар арқылы қалыптастыру, сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру».
Мақсатқа сай бірнеше міндеттер қойылды:

  • Ойын технологиялары және тірексызбалар арқылы сөздік қорды молайту;

  • Тірексызбаларды түсіне білу;

  • Тірексызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу;

  • Сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту;

  • Мемлекеттік тілде еркін сөйлей білу;

  • Мәдениет нышандарын қалыптастыру (амандасу, сәлемдесу);

  • Ұлтымыздың салт – дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру;

Жорамалдау:
Егер ойын және  үлестірмелі карточкалар арқылы әр балаға жеке тірек сызбалар жасап, сабақтарда жиі қолданса, осының барлығы балалардың қызметінде ойлау қабілеттерін белсендіреді, сөздік қорларын байытады, білімдерін тереңдетеді, балалардың  қазақ тілін оқуда жоғары нәтижеге қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтиже:

  • Ересек топтарының балалары тірек сызбалардың көмегімен 7-8 сөзден құралатын сөйлемдерді, диолог, монологтарды  еркін құрай алады;

  • Жаңа сөздерді тез меңгере алады;

  • Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтары арта түседі;

  • Әрбір сабақ қызықты өтеді;

  • Әрбір баланы жан-жақты тани аламын;

  • Бала өзіне тән тапсырмаларды орындай алады.

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен  инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса,  мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.

Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемістіболмақ.   Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде. Мектепке дейінгі балалардың сабақ оқуға деген ынтасын жоғалттырып алмау үшін осы тірек сызбаларды қолдану. Жоғарыдағы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана жаңа сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді.. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Солардың арқасында  балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын мен көрнекіліктердің түрлері әр қилы. Ойын түрлері: дидактикалық ойындар, сюжеттік-рөльдік ойындар, қозғалмалы ойындар, драматизациялық ойындар. Көрнекіліктер де әртүрлі. Олар: тірек сызбалар, қима қағаздар, сюжеттік суреттер, пәндік суреттер, логикалық тапсырмалар, ойыншықтар және т.б. Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар мен ойын арқылы байланыстыра отырып үйреткен жөн. Сол себепті мемлекеттік тілін оқытудағы өзге ұлт балаларына арнап «Ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі жас өспірімдердің сөйлеу тілін дамыту» атты бағдарлама құрастырылды. Бағдарламаны өз балабақшамыздың лексикалық тақырыптарына сай сүйеніп жасалды. Бағдарламада 15 лексикалық тақырыпқа байланысты тірек сызбалар көрсетілген. Әр тақырыптық тірек сызбалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалынған. Тірек сызбалар төменнен жоғарыға қарай сатылай жеңілден қиынға көшу арқылы ойластырылды. Яғни, естияр тобынан мектепке дейінгі топқа дейін. Естияр тобында сөз тіркесі немесе екі-үш сөйлемнен құралатын тірек сызбалар болса, ересек тобында төрт, бес және алты сөзден құралатын сөйлемдер және әңгімелер, диологтар құрастырылды. Мәселен, «Қазақстан Республикасы» атты тақырыпты алатын болсақ, естияртобыназатесім мен қоса сын есімдерді, яғнисөзтіркестерін, шағынсөйлемдердіүйренеді. Қазақстан Республикасы - әдемі, кең, үлкен, жарық, таза. Ересек тобына сөз тіркесімен қоса, (затесім, сын есім, етістік)  сөйлемдерді меңгереді. Қазақстан Республикасында рәміздер бар. Олар Ту, елтаңба, әнұран. Қазақстан Республикасы бай мемлекет. Қазақстанда биік таулар, ну ормандар, үлкен  қалалар, таза өзендер, әдемі ауылдар бар.

Балаларға тірек сызбалар арқылы сөйлемдер құрастыр ту тіл байлықтарын дамытуға орасан зор септігін тигізеді. Тірексызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде педагогикалық көмекке мұқтаж балаларға пайдаланған өте тиімді: себебі олар тірексызба бойынша сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге тырысады, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады. Тірексызбалар – негізінен барлық балалардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланылатын тәсілдердің бірі.  Сонымен қатар тірексызбаларды үйрету барысында ойын түрлерін пайдалана отырып, сабақты өткізу өте тиімді.
Сол себепті әрбір сабақтардың  негізі – ойын, яғни тірексызбалар болып табылады. Тірексызбалар арқылы баланың ойы жылдам дамиды, сөздер жеңіл есте сақталады, зеректігі тәрбиеленеді, зейіні мен жұмыс жасау қабілеті жоғары деңгейде болады. Тірексызбалар арқылы балалар жаңа тақырыпты тез және тиянақты түсініп алады. Қазақ тілі сабағы балалар үшін өте қызықты өтеді.
Сабақта тақырыпқа байланыстыра пайдаланылған тірексызбалардан ұтарымыз көп. Мектепке дейінгі балаларда тіл дамыту деген – жасөспірімдердің сөз байлығын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде балалардың сөз байлығы молайып, олар тілдің фонетикалық жүйесін меңгереді. Балалар кішкентай кездерінен-ақ сөйлеу мәдениетін игере бастайды. Сөздерді дұрыс айту, дұрыс атау – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Балаларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру  - әр мұғалімнің парызы. Сөздік жұмысында да, көрнекіліктермен орындалатын тапсырмалар да балаларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақ үстінде балалардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Осыған орай, орыс мектебінде қазақ тілінің әрбір сабағын көрнекі құралды пайдалана отырып өткізген жөн. Жоғарыда тоқталып кеткендей әрбір сабақтардың көп мөлшерін тірексызбалардың көмегімен өткізген жөн .Олардың түрі, көлемі, аз-көпті балалардың жасерекшелігіне байланысты бөлінеді. Ойын технологиялар мен тірексызбалармен өткен сабақтың тиімділігі:

  • Материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды;

  • Жасөспірімдер жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;

  • Сабақты түсіну арқылы жасөспірімдердің ынтасы артады;

  • Тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі;

  • Топта басы артық шу, әңгіме болмайды;

  • Тірексызбалар арқылы үш-төрт сөзден сөйлем немесе шағын әңгіме, диолог құрай алады;

Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді көрнекіліктердің арқасында (яғни өзбасы мәр бір сабағымда қолданылатын тірек сызбалар арқылы) қызыға меңгеру, қазақ тілін қаншалықты бай тіл екеніне көздерін жеткізу. Балалар жеке – дара, жұппен, топпен, орталықтарда белсенділікпен жұмыс атқару көзделеді. Қорытындылай келе, Қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Тілді қастерлеу, үйрену – әр Қазақстандықтың парызы. Менің парызым – бүлдіршін балаларға мемлекеттік тілді меңгерту. Себебі, өз білгеніңді біреуге үйрету – үлкен ғанибет.




















Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білімтуралы» Заңы. -  Астана, 2007.

  2. Начальная школа – Москва, 2007 №5

  3. ЕлбасыН.Ә.Назарбаев «Қазақстанхалқынажолдауы».

  4. Республикалықоқу-әдістемелікгазеті «Мұғалім» - Алматы, 2011 №2

  5. Республикалықоқу-әдістемелікгазеті «Мұғалім» - Алматы, 2011 №1

  6. Республикалықоқу-әдістемелікгазеті «Мұғалім» - Алматы, 2011 №4

 





































Тезис

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы – тіл болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тіл ұрпақ  тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы.Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрі, сана сезімі, ойлау тәсілі, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Зерттеушілердің көрсетілімдері бойынша бала дамуындағы 5-6 жасар кезеңі өте ұтымды саналады.

Бұл баяндамада тірек сызбаларды қолдана отырып, ойын технологиялары арқылы қазақ тілін оқыту өте тиімді екенің айтуға болады. Қазақ тілі сабағында тірек сызбаларды қолданудың мақсаты:

Бүлдіршіндерге күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тірек сызбалар арқылы қалыптастыру, сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру.

Осы мақсатқа сай бірнеше міндеттер қойылды:

  • Ойын технологиялары және тірек сызбалар арқылы сөздік қорды молайту;

  • Тірексызбаларды түсіне білу;

  • Тірексызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу;

  • Сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту;

  • Мемлекеттік тілде еркін сөйлей білу;

  • Мәдениет нышандарын қалыптастыру (амандасу, сәлемдесу);

Ұлтымыздың салт – дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру;

Ойын және  үлестірмелі карточкалар арқылы әр балаға жеке тірек сызбалар жасап, сабақтарда жиі қолданса, осының барлығы балалардың қызметінде ойлау қабілеттерін белсендіреді, сөздік қорларын байытады, білімдерін тереңдетеді, балалардың  қазақ тілін оқуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Көрнекіліктер де әртүрлі болады , олар: тірек сызбалар, қима қағаздар, сюжеттік суреттер, логикалық тапсырмалар, ойыншықтар және т.б. Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар мен ойын арқылы байланыстыра отырып үйреткен жөн.

Тірексызбалар арқылы баланың ойы жылдам дамиды, сөздер жеңіл есте сақталады, зеректігі тәрбиеленеді, зейіні мен жұмыс жасау қабілеті жоғары деңгейде болады. Тірексызбалар арқылы балалар жаңа тақырыпты тез және тиянақты түсініп алады. Қазақ тілі сабағы балалар үшін өте қызықты өтеді.
Сабақта тақырыпқа байланыстыра пайдаланылған тірексызбалардан ұтарымыз көп. Мектепке дейінгі балаларда тіл дамыту деген – жасөспірімдердің сөз байлығын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ГККП Ясли-сад №25 санаторного типа город Павлодар

Автор: Жампеисова Мантай Богдатовна

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179544


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства