Просмотр содержимого документа
«"Газеттік адам ту?ан к?ні" ашы? о?у іс-?рекеті, орта??ы тобы, психология»
«Айгөлек» балабақшасы» МКҚК « 25 » сәуір2014ж.
Психологиялық оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.
Ортаңғы «Ә» тобы
Білім беру саласы: әлеуметтік және қатынас
Бөлімі: психология
Тақырыбы: «Газеттік адам туған күні»
Мақсаты: балалар ұжымындағы жағымды эмоциялық қарым-қатынасты жетілдіру, арт-терапияның негізгі техникаларын қолдану арқылы ұжымдық шығармашылық жұмысқа ынталандыру, балалардың ұсақ моторикасын дамыту.
Көрнекі құралдар: көп-көп газет, желім, адам силуэті бейнеленген плакат, акварель бояулары, коктейль түтікшелері, құм салынған ыдыс (қорап), баяу әуен, дымқыл майлықтар.
Педагог ортаға А3 қағазын қояды да, оған акварель бояуларын тамызады.
Көздерін көрсетеді, күлімдейді. Жұптарға бөлінеді. Қолдарын алып, көздеріне қарайды, күлімдейді және бір-бірін құшақтайды. Бір-біріне арқаларымен тұрып жанасады, сосын айналып бір-бірінің арқаларын сипайды.
Жер жаңғақтарының көмегімен саусақтарын жаттықтырады.
Балалар газеттерді умаждап, желімнің көмегімен адам силуэті бейнеленген плакатқа жапсырады, адам бейнесіне ұқсатады. Өзара бөлісіп жасайды: біреуі басын, біреуі қолын және т.б.
Бес түрлі әуенге әрқайсысына сәйкес қимылдар жасап билейді.
Балалар коктейль түтікшелерімен түрлі-түсті бояуларды жан-жаққа үрлейді. Газеттік адамның көңілденгенін көреді.
Ұйымдастырушылық – ізденімпаздық кезең (сабақтың негізгі мазмұны)
«Туған күнмен құттықтау» жаттығуы.
- Міне, оның көңіл-күйі де көтерілді. Қуанып тұр. Жарайсыңдар! Балалар, айтыңдаршы туған күн кешінде тағы не болады? (қонақтар). Қонақтар үшін туған күн иесідастархан жасайды екен. Ал біздің досымыз дайындалып үлгермепті. Сондықтан оған көмектесейік.
Балалар саусақтарымен құм салынған қорапта түрлі тәттілер (торт, кәмпит, шырын) бейнелейді.
Рефлексиялық және түзетуші кезең
Сабақты қорытындылайды.
«Мен, мен, мен - өте жақсымын» ойыны.
Сабақты талдайды.
Балалар шеңбер құра тұрады, ортасында - әнші. Ол өзін сипай отыра, «Мен, мен, мен - өте жақсымын» дейді. Сосын шеңбердегі балалар қолдарын ұстап, «Сен, сен, сен - өте жақсысың» дейді. Өлең соңында барлық балалар әншіге жақындап, оны арқасынан сипайды.
Күтілетін нәтиже:
Әртүрлі құралдармен жұмыс жасау тәсілдері мен әдістерін білуі тиіс.
Шығармашылық ойлау дағдыларына ие болуы тиіс.
Бір-бірімен ынтымақтасып жұмыс жасау қолынан келуі тиіс.
Психологиялық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Газеттік адамның туған күні»
Балалар жасы: 4-5 жас (ортаңғы тобы).
Мақсаты: балалар ұжымында жағымды эмоциялық қарым-қатынасты жетілдіру, арт-терапияның негізгі техникаларын қолдану арқылы ұжымдық шығармашылық жұмысқа ынталандыру, балалардың ұсақ моторикасын дамыту.
Білім беру салаларының интеграциясы: әлеуметтік, қатынас, шығармашылық.
Оқу іс-әрекетіне ортаңғы «Ә» тобының 12 баласы қатысты. Сонымен бірге 20 тәрбиешілер мен педагогтар бақылады. Сабақ тренинг түрінде құрылған. Балалар әуен залына кіріп, амандасып, шеңберде тұрып шаттық шеңберін орындады. Содан соң сол шеңберде тұрып, бір-біріне және педагогқа деген қуаныштарын көрсетеді, бүгінгі сабақта газеттік адам жасайтыны туралы естіп, газет туралы өз білімдерін айтты. Жер жаңғақтарының көмегімен саусақтарын жаттықтырып болған соң, балалар газеттерді жыртып, умаждап, суретке жапсырды. Балалар оның туған күнін атап өтуді шешті. Балалар оған Арман деп ат қойды. Оның көңілі болмағанын байқап, көңіл-күйін көтеру үшін би биледі, фейерверк жасады. Арманның көңілі көтеріліп, күлімдеді. Туған күн кешінде дастархан жайылу қажет екенін айтып, құм салынған қорапта саусақтарымен түрлі тәттілер бейнелейді де, әркім өз тілегін айтады. Сабақты қорытындылап болған соң, балалар шеңберде «Мен, мен, мен өте жақсымын!» жаттығуын орындады.
Жалпы талдай келе, оқу іс-әрекеті жоспар бойынша дұрыс, кезек-кезегімен жүргізілді. Сабақта жаңа арт-терапиялық технологиялар қолданылды. Балалар үшін ең қызықтысы газетті умаждау және «5 қимыл биі» жаттығуы болды. Балалардың сабаққа деген ықыласы мен ынтасы жақсы деңгейде болды деп санаймын. Олар өздерін еркін ұстап, басында зейіндері шашыраңқы болғанымен, соңында көңіл-күйлері көтеріліп, жағымды әсер алды. Оқу іс-әрекеті санитарлық нормаға сай 25 минут өтті.
Педагогтар мен тәрбиешілер оқу іс-әрекетін талқылау барысында мынадай тұжырымдар айтты: плюс – психолог ретінде өзін еркін ұстау, балалармен жағымды эмоциялық қарым-қатынас жасау, әрқашан ізденіп талпыну; минус – сұрақ қойғанда жауабын күту, тәрбиелік мәнге көңіл бөлу, қауіпсіздік ережелерін сақтау.