kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ғажайыптар әлеміне саяхат" сенсорика ұйымдастырылған оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың ойлау қабілетін ойындар арқылы дамыту, қол моторикасын қалыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ғажайыптар әлеміне саяхат" сенсорика ұйымдастырылған оқу қызметі»

Балбөбек 1-кішілер тобы.

Күні:27.02.2019ж

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі:Сенсорика.

Тақырыбы: «Ғажайыптар әлеміне саяхат»

Мақсаты:Балаларға өткен тақырыптарды еске түсіріп,білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту.Заттардың пішініне,түстеріне,көлеміне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру,бірлікке,татулыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Буратино,пішіндер,түрлі-түсті гүлдер,көбелектер,слайд,доптар.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,көрсету,ойын ойнату.

Танымдық оятушылық:

.-Балалар,бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге қонақтар келді.Бәріміз қонақтармен сәлемдесіп алайық.

-Сәлеметсіз бе!

Балалар дөңгеленіп тұрады.Қонақтармен амандасады.

Ұйымдастыру ізденушілік:

Шаттық шеңбер!

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылы шуақты.

Қонақтарға шашайық.

Жақсы балалар,бүгінгі күнімізді мейіріммен,қуанышпен бастайық.

Слайд бойынша кіріспе әңгіме:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?(салқын болады,боран болады,аяз болады)

-Қыста не жауады?(қар жауады)

-Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?(шанамен ойнайды,каньки тебеді,аққала жасайды)

-Қыс мезгілінің айларын атайықшы?(желоқсан,қаңтар,ақпан)

-Жарайсыңдар балалар сендер қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер. Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл? Буратино: Саламатсыздар ма балалар!

Балалар: Саламатсыз ба Буратино.

Буратино:Балалар осы жер «Ғажайыптар әлемі ме»

Тәрбиеші: Жоқ. Буратино, бұл жер балабақша.

Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайыптар әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайыптар әлеміне »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші: Еш уайымдама,  Буратино. Қане, балалар Буратиноға көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып тар әлеміне»бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба? Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар,саяхатқа қандай көлікпен барайық?(автобуспен)

Олай болса мұқият автобусқа отырайық.Балалар жолда өлең айтып барсақ тез жетеміз «Машина»өлеңін айтады.



Тәрбиеші: Балалар мойнымыздағы белгілерге қарап үш топқа бөліне қояйық,мұқият тыңдап аламыз.

Бірінші топ: Пішіндерді атап,үйшіктің терезелерін тауып жабыңдар.

Екінші топ:Гүлдердің түстеріне қарай көбелектерді қондыру.

Үшінші топ: Пішіндерден үй құрастыру.

Сергіту сәті:

Қолды белге қоямыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Бір отырып,бір тұрып,

Бір демалып алайық.

Балалар мына жерде әдемі сандық бар екен ,ашып қарайықшы ішінде не бар екен?

Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды.

Буратиноның алтын кілті тұрады сандықтың бетінде «Ғажайыптар әлемі» деген жазуы бар.

Тәрбиеші : Балалар қараңдаршы «Ғажайыптар әлемі» деген осы жер. «Ғажайыптар әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайыптар әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер,  көптеген тапсырмалар орындадыңдар.«Балбөбек» тобының балалары білімді,ақылды екенсіңдер.Мен сендерге сыйлық ала келдім. (Буратино сыйлықтарын апайына беріп,кетіп қалады)Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Міне балалар осымен «Ғажайыптар әлеміне» саяхатымыз аяқталды,автобусқа мініп өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау: Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік? Өте жақсы балалар, бәрің жақсы қатысқандарың үшін смайлік тарату.бүгінгі оқу қызметімізді аяқтай отырып қонақтармен қоштасайық .Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Ғажайыптар әлеміне саяхат" сенсорика ұйымдастырылған оқу қызметі

Автор: Шангереева Ақтолқын Есенгалиевна

Дата: 02.04.2019

Номер свидетельства: 505734


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства