,Ересектер топ үшін
ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы.
Технологическая карта организованной учебной деятельности
для старшей группы.
Білім беру саласы:
Тақырыбы: Ғажайып түстер
Мақсаты: Түстері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Төрт (қызыл, сары, көк, жасыл) түстер туралы білімдерін кеңейту;
2. Заттарды түсіне қарай келтіруді үйрету;
3. Сөздік қорын толықтыру;
4. Шыдамдылық, еске сақтау мен мұқият тыңдауға тәрбиелеу.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Сәлем деймін күнге мен!
Сәлем деймін саған мен!
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға, баршаға!
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрады.
Ұйымдастыру-іздестіру
- Балалар, орнымызға жайғасып отырайық.
Біз бүгін сендермен түрлі түстермен танысамыз. Балалар, сендер әдемі әуенді естіп тұрсыңдар ма? Бұл не екен?
Топқа Сиқыршы келеді.
- Балалар, бұл кім?
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Сиқыршымын.
-Сендер түстермен танысайын деп жатқандарыңды естіп, көмекке келдім. Сендерге өз көмекшілерім- қуыршақтарымды әкелдім.
В дальнейшем, с которыми вы могли бы подружиться. Ну а мне пора отправляться в свою страну Цветландию.
До скорой встречи! Сау болыңдар.
-Кәне, сиқыршы бізге не әкелді екен, көрейік.
- Бұл не?
- Бұл қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
- Қуыршақты қояйық.
- Келесі, бұл не?
- Көйлегінің түсі қандай?
- Сары түсті қуыршақты да қояйық.
- Бұл не? Көйлегінің түсі қандай?
- Дұрыс, жарайсыңдар.
- Енді тағы не қалды?
Оның көйлегінің түсі қандай?
- Жарайсыңдар!
- Қараңдаршы біздің қуыршақтарымыз қандай әдемі, әсем! Қуыршақтарымыздың есімін ойлап табайықшы.
- Ребята, у каждого времени года есть свой цвет. И каждое время года по своему красиво.
- Қызыл түс қай жыл мезгілінің түсі?
Ендеше, бұл қуыршақтың есімі- Жаз.
- Сары түс қай жыл мезгілінің түсі?
Бұл- қуыршағымыз Күз болсын.
- Көк түс қай жыл мезгілінің түсі?
- Оның есімі Қыс болсын.
- Жасыл түс қай жыл мезгілінің түсі?
Оның есімі- Көктем.
Балалар, қуыршақтардың көклектерінің түстерін тағы да бір рет қайталап шығайық.
- Өте жақсы. Енді, фонетикалық жаттығуды орындап, тілімізді жаттықтырайық.
-Фонетикалық жаттығу.
-қы, -қы, -қы – қызыл
-са-са-са-сары
-кө-кө-кө-көк
-жа-жа-жа-жасыл
- Жаттығуды керемет орындадыңдар!Жарайсыңдар!
- Балалар, Күз бен Көктемнің ойыншықтары бар. Бірақ олар шатасып кетті. Оларды табуға көмектесеміз бе?
Үстелде жасыл, сары ойыншықтар қорапшада жатыр. Ойыншықтарды түстері сәйкес келетін себетке салу қажет.
- Сиқыршы бізге тағы бір тапсырма дайындап қойыпты. Балалар, суретте не бейнеленген?
- Осы сөз тіркестерді қатыстырып, кім сөйлем құрастыра алады.
- Керемет. Сөйлемдерің әдемі боп шықты.
-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түстер бізге керек пе? Не үшін керек?
- Дұрыс айтасыңдар.
-Түстерді біз тағы қайда кездестіреміз?
- Бағдаршамның түстерін атайықшы.
- Дұрыс, жарайсың. Балалар, қызыл түс жанса, не істеуіміз керек.
- Сары түс жанса, не істейміз?
- Жасыл түс жанса ше?
- Бағдаршамның белгілерін жақсы біледі екенсіңдер. Онда «Жолдан өту» ойнын ойнайық. Ойынымызды бастайық.
- Өте жақсы! Жол ережелерін ешқашан ұмытпаңдар! Балалар орындарына отырады.
Иә
-Сәлеметсіз бе!
Рахмет
Сау болыңыз.
- Бұл- қуыршақ.
- Түсі қызыл.
- Түсі сары.
- Бұл- қуыршақ. Түсі көк.
- Түсі жасыл.
- Жаздың.
- Күздің.
- Қыстың.
- Көктемнің түсі.
Қызыл, көк, жасыл, сары.
Балалар қайталайды.
Иә
Жасыл түсті ойыншықтарды жасыл шеңберге, сары түсті ойыншықтарды сары шеңберге салады.
- Сары балапан, қызыл шие, жасыл шөп, көк аспан.
- Жасыл шөпте сары балапан.
- Әдемі көк аспан.
- Әсемдік үшін (Для красоты)
- Бағдаршамда.
- Қызыл, сары, жасыл.
- Тұруымыз керек.
- Дайындаламыз.
- Жүреміз.
Балалар бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өтеді.