kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ғаламшар және ауа маңыздылығы.Тәжірибелік тәсілдер арқылы».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек тобына арналған ашық сабақ жоспары

Білім беру саласы: Таным.Әлеуметтік орта

Бөлімі: Экология, Айналамен танысу.

Тақырыбы: «Ғаламшар және ауа маңыздылығы.Тәжірибелік тәсілдер арқылы».

Мақсаты:

  1. Ғарышкерлер туралы және күннің құрылу жүйесі туралы білімдерін толықтырып кеңейту.
  2. Балаларға тұңғыш ғарышкерлер туралы білімдерін кеңейту.
  3. Қоршаған ортада ауаның қасиеттері мен қажеттіліктерінің маңыздылығы адамның және барлық тірі табиғатқа қажет екендігі туралы білімдерін бекітіп, кеңейтіп толықтыру.

Міндеттері:

  1. Зерттеу тәсілдері мен әдістері арқылы балалардың танымдылық қызығушылықтарын арттыру.
  2. Дәстүрлі емес кляксография әдісімен таныстыру(ауамен сурет салу).
  3. Зерттеушілік, тәжірибелік процесс арқылы : сөйлеу қорларын, әрекеттің болжауын, тексеру, қорыту табыстарына көз жеткізуіне мүмкіншілік туғызу.

Сөздік: ғарышкер, ғаламшар, скафандр, ауа; түссіз, көрінбейтін, тәжірибе, кляксография.

Билингвальды компонент:

  1. Ғарышкер-космонавт, ғаламшар-планета, скафандр-ғарышкерлердің киімі;
  2.  ауа-воздух, түссіз-прозрачный, көрінбейтін-невидимый, тәжірибе-опыты, кляксография-ауамен сурет салу, жеңіл-легкий.

Көрнекіліктер: Слайд, үрлейтін шарлар, таяқша, бала санына орай стақандар, майлықтар, салфеткалар, полиэтилен целофаны, түтікшелер, бала саны бойынша кішкентай бос банкалар, иісі бар қағаз қиындылары, бояулар, сабын көпіршігі бар түтікше,қағаздан жасалған веерлер, мед перчаткалар, алжапқыштар, майшам, жұлдыздарды көруге арналған үлкен түтікше, таразы, апельсин мен лимон қабықтары,  ғарыш әуені, бала санына қарай мадақтау жұлдызшалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ғаламшар және ауа маңыздылығы.Тәжірибелік тәсілдер арқылы».»

Білім беру саласы: Таным.Әлеуметтік орта

Бөлімі: Экология, Айналамен танысу.

Тақырыбы: «Ғаламшар және ауа маңыздылығы.Тәжірибелік тәсілдер арқылы».

Мақсаты:

  1. Ғарышкерлер туралы және күннің құрылу жүйесі туралы білімдерін толықтырып кеңейту.

  2. Балаларға тұңғыш ғарышкерлер туралы білімдерін кеңейту.

  3. Қоршаған ортада ауаның қасиеттері мен қажеттіліктерінің маңыздылығы адамның және барлық тірі табиғатқа қажет екендігі туралы білімдерін бекітіп, кеңейтіп толықтыру.

Міндеттері:

  1. Зерттеу тәсілдері мен әдістері арқылы балалардың танымдылық қызығушылықтарын арттыру.

  2. Дәстүрлі емес кляксография әдісімен таныстыру(ауамен сурет салу).

  3. Зерттеушілік, тәжірибелік процесс арқылы : сөйлеу қорларын, әрекеттің болжауын, тексеру, қорыту табыстарына көз жеткізуіне мүмкіншілік туғызу.

Сөздік: ғарышкер, ғаламшар, скафандр, ауа; түссіз, көрінбейтін, тәжірибе, кляксография.

Билингвальды компонент:

  1. Ғарышкер-космонавт, ғаламшар-планета, скафандр-ғарышкерлердің киімі;

  2. ауа-воздух, түссіз-прозрачный, көрінбейтін-невидимый, тәжірибе-опыты, кляксография-ауамен сурет салу, жеңіл-легкий.

Көрнекіліктер: Слайд, үрлейтін шарлар, таяқша, бала санына орай стақандар, майлықтар, салфеткалар, полиэтилен целофаны, түтікшелер, бала саны бойынша кішкентай бос банкалар, иісі бар қағаз қиындылары, бояулар, сабын көпіршігі бар түтікше,қағаздан жасалған веерлер, мед перчаткалар, алжапқыштар, майшам, жұлдыздарды көруге арналған үлкен түтікше, таразы, апельсин мен лимон қабықтары, ғарыш әуені, бала санына қарай мадақтау жұлдызшалар.



Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастырушылық

Шаттық шеңбер:

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап.

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

Сәлем саған жер ана,

Сәлем саған алтын күн.

Сәлеметсіздерме апайлар,

Сендерді көргеніме қуанам.

Кіріспе:

- Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)

- Ал көктемнің қай айы? (сәуір)

- Сәуір айында қандай мерекелер бар? (ғарышкерлер мерекесі)

- Олай болса, ғарышқа ұшатын адамды қалай атайды? (ғарышкер)

- Ал, балалар ғарышқа не арқылы ұшады? (зымыран)

- Балалар қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кім? (Т.Мүсабаев., Т.Әубәкіров)-слайд көрсету.

- Орыс халқының алғашқы ғарышкері кім болған? (Ю.Гагарин) -слайд көрсету.

-Балалар ғарышкерлер ғаламшарда не істейді? (жұлдыздырды, планеталарды зерттейді, бақылайды)- слайд көрсету.

-Ғарышкерлердің киімін қалай атайды?(скафандр).

- Ғарышқа ұшатын ғарышкер қандай адам болу керек?(денсаулығы мықты, төзімді, шыдамды, әртүрлі спорт түрімен айналысатын).

- Балалар қалай ойлайсындар ғарышкерлер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?

-Ия, шығады.Өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әртүрлі планетаны зерртеп ашық аспанда жүреді. Бірақ асапанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр киімі көмектеседі.Арнайы ауасы бар киім



Негізгі бөлім:

-Балалар,қараңдаршы мен сендерге не әкелдім?

-Дұрыс бұл шар

-Қалай ойлайсындар шардың ішінде не бар?(ауа)

-Қараңдаршы менің шарым қалай ұша алады?-мен ақырындап оны жіберемін, ол ұша бастайды.

-Қалай ойлайсындар неге? (өйткені ол жеңіл)Сонда біздің ауамыз жеңіл болғаны.

-Ал қазір мен шардың түтігін жіберемін. Сендер не сездіңдер? (жел)

Сендер оны көре алдыңдар ма? (жоқ)

-Неге? Сонда ауамыз қандай? (көрінбейтін, түссіз)

Ал сендер ауаны көргілерің келе ме?

-Ендеше, мен сендерді ғылыми зертханаға шақырамын.

-Сендер дайынсындар ма?

Бірақ зертханада тыныштық шарты қойылған!

Орындықтарға отырындар.



Тәжірибе №1.

Ауа жеңіл де түссіз.

Қолымда резеңке шар болады. Мен оны үрлеймін де жіберемін.Не болды?Ол үшты.Неге?Өйткені ауа жеңіл де түссіз.

Тәжірибе №2.

Шарды тесу.

Шарды таяқшамен тесіп, ауаның сақталуын бақылау.

Тәжірибе №3.

Полиэтилен целофанындағы ауаны байқау.

Тәжірибе №4.

Ауа шырының зымыраны.Шарды үрлеп жабыстырғышпен таяқшаға жабыстырып жіп арқылы жіберу.

Тәжірибе№5.

Бүтелкенін ішіне шарды салып үрлеу.Ішінде ауа жоқ,демек түтікше салып үрлеу.

Тәжирибе №6.

Екі пластикалық бүтелкелердін ішіне ыстық су мен суық суды құйып, мойнына шарды тарту.Бақылау кезінде ыстық бумен резеңке шар көтеріліп ауамен толады.Демек, ыстық бумен ауа толады.

Тәжірибе № 7

Айналадағы көрінбейтін ауа.Біз онымен тыныс аламыз да , деммен шығарамыз.

1. Бала санына қарай стақандар.

2. Түтікшелер.

3. Қима қағаз.

Балалар стақандағы суды түтікшемен үрлейді. Қима қағазды желдетіп, иісін сезеді.

Тәжірибе № 8.

Стақанның ішіндегі сабын көпіршігі.Балалар түтікшемен үрлейді.Бақылау кезінде көпіршік бар екенін және деммен ауаны үрлеп сабын көпіршігін көруге болатынын көздерін жеткізу.

Тәжірибе №9.

Стақанның ішіне кішкентай банкелерді батыру.Бақылау кезінде қақпақтармен батпайды,ал қақпақтарын ашса батады.Демек, қақпақтың ішінде ауа бар екенін көздерін жеткізу.

Тәжіриебе № 10.

Кляксография. Балалар түтікшені үрлеу арқылы бояулармен сурет салады. Тіс щеткасымен от шашуын салады.Майлықпен планеталарды салады.

Қорытындылау: Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.Балалар тақпақтарын айтады.Сиқырлы қораптын ішінен ән әуенімен жұлдызшаларды сыйлыққа тарту.Балаларды мадақтап, бағалау.






















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ғаламшар және ауа маңыздылығы.Тәжірибелік тәсілдер арқылы».

Автор: Ахметова Гульмира Ораловна

Дата: 28.01.2017

Номер свидетельства: 384862


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства