kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ертегілер еліне саяхат» квест –ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақты өткізу барысында балалардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, Балалардың өз бетімен әрекеттену әдістерін игерту.Балалардың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту. Ертегілерге деген қызығушылығын арттыру.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ертегілер еліне саяхат» квест –ойын»

Ортаңғы топтағы ұйымдастырылған қызыметінің конспектісі.

Өткізу күні 20.12.19.

Тәрбиеші:Ахауова У Ж.

Білім беру саласы:Қатынас .

Пән Көркем әдебиет Шығармашылық.

Тақырыбы: « Ертегілер еліне саяхат» Квест –ойын

Міндеттері:Балалардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, Балалардың өз бетімен әрекеттену әдістерін игерту.Балалардың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту. Ертегілерге деген қызығушылығын арттыру.

1.Шаттық шеңбер:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта бiз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!

2.Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: Есіктің арғы бетінен жылап отырған қыздың дауысы шығады(тәрбиеші не жағдай болғанын сұрастырып біледі).

Балалар Мыстан-кемпір Мадинаның ертегілер елі туралы кітабын ұрлап әкетіпті. Сосын Мыстан кемпір кітаптың парақтарын жұлып алып тастап, кітапты сандыққа жасырып қойыпты; Мадина ол парақтарсыз кітапты оқи алмаймын дейді. Балалар Мадинаға сол кітаптың ертегі беттерін табуға көмектесеміз бе? Ол үшін бізге берілген бірнеше тапсырмаларды орындауымыз қажет.Егерде сендер берілген тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сендерге, кітап жасырылып қойған сандықтың кілті беріледі.Біз 4 кілтті табуымыз қажет. Балалар бірақ ол кілттер бізге тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда ғана беріледі. Қараңдаршы балалар Мыстан кемпір бізге карта тастап кетіпті. Бұл карта бізге сандықты табуға жол көрсетеді, яғни қай бағытқа қарай жүру керек екенін нұсқап отырады.Ал, балалар сендер Мадинаға көмектесуге дайынсыңдарма?

Қанекей, балалар картаға мұқият қарайықшы, қазір біз тапсырмаларды орындау үшін саяхатымызды қай жерден бастаймыз?

Балалар: Топтан

1 тапсырма. Балалар қараңдар үстелдің үстінде бөлшек бейнелер (пазл) жатыр, енді бізге оны құрастырып және пайда болған ертегі атауын айту керек. (балалар пазлды құрастырып, ертегі үзіндісін айтып береді).Жарайсыңдар балалар, сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, сондықтан бізге 1-ші кілт және кітаптың жоғалған беті беріледі.Енді картаға қарайық, әрі қарай қайда жүреміз.Балалар естеріңде болсын, Мыстап кемпір өте қу сондықтан тапсырмалар әрі қаратай қиындай түседі.

Балалар, топтан шығады, әрі қаратай бағыт бойынша жүреді.

2 тапсырма. (спорт зал). Безендірілген үстел.Үстел үстінде дәнді- дақылдар, ішінде тапсырма жазылған хат, және кілт тұрады.Балалар хатты ашады, ішінде Күлше қыздың суреті болады ішіндегі тапсырманы оқып, орындайды.

Тәрбиеші: Балалар Күлше қыздың өгей шешесімен оның қыздары ханшайымдар баллына жол тартыпты, ал Күлше қызды үйде жалғыз өзін қалдырып кетіпті ,үйде жұмыссыз отырмас үшін, оған арнайы тапсырма дайындап кетіпті.Өгей шешесімен оның қыздары ұнтақ дәнді дақылмен күрішті араластырып, Күлше қызға ұнтақ дәнді- дақылдан күрішті бөліп алуды бұйырыпты? Балалар енді бұл жұмысты Күлше қыз қалай тез орындайды. Балалар қарайықшы,біздің үстелдің үстінде әр түрлі ыдыс-аяқтар тұр , мүмкін осы ыдыстарды пайдалансақ болады ма? (балалар ыдыстарды қарап, өз жауаптарын айтады).

Тәрбиеші: (балалардың назарын елекке аудартады). Балалар елек бізге не үшін керек, оны қалай қолданамыз? Балаларға дәнді-дақылдарды елек арқылы елеп бөліп алуды ұсынады.

Ал енді қарайықшы балалар, електе не қалды, ал табақта ше? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Балалар күріштің, ұнтақ дақылға қарағанда ірі екенін айтып, сол себепті електен өтпей қалғанын айтады.Ал ұнтақ дәнді-дақылдың ұн сияқты екенін айтып сол себепті електен өтеді деп қорытынды жасайды.

Балалар біз бұл тапсырманыда орындай алдық, сондықтан тағы кітап парағымен кілтті аламыз.Балалар енді анау тұрған теледидарға назар аударайықшы. Балалар қараңдаршы кімді көріп тұрсыңдар? Мыстан кемпір балалардан өзінің кім екенін сұрап, олармен бірге сергіту сәтін бірге жасауды ұсынады.

Сергіту сәті.

Балалар Мыстан кемпірдің артынан қимылдарды қайталайды.Содан сергіту сәтін аяқтап болған соң, кілтті алады.

Балалар қараңдаршы бізде қанша кілт болды? Бізге және қанша кілт керек? Ал енді қараңдаршы балалар, әрі қарай бізді алдымызда не күтіп тұр екен? Балалар картаға мұқият қарай отырып, өзара ақылдаса отырып әрі қарай өзіміздің «Ақбота» тобының қабылдау бөлмесіне оралу керек екенімізді айтады.

3 тапсырма.

Қабылдау бөлмесінде үстелдің үстінде жұмырқалар салынған себет тұрады.Себеттің үсті орамалмен жабылған, оның үстінде хат қалдырып кетіпті.

Тәрбиеші: Балалар бізге Шұбар тауық таңғы асқа тәтті омлет дайындасын деп жұмыртқаларды тастап кетіпті.Бірақ аспазшы піскен жұмыртқалармен піспеген жұмыртқаларды араластырып жіберіпті. Балалар қалай ойлайсыңдар омлет дайындау үшін қандай жұмыртқалар қажет?Піскен жұмыртқалар мен піспеген жұмыртқаларды ажыратуға көмектесеміз бе?Мұны қалай жасаймыз? Балалардың жауаптары.

Балалар: Піскен жұмыртқаның ортаңғы бөлігі тығыз жіне ауырлау болғандықтан оны айналдырғанда тез және ұзақ айналатындығын айтады. Ал піспеген жұмыртқада сұйық зат болатындықтан және ол араласып тұрғандықтан, айналғанда ақырын және баяу айналатынын айтады. Балалар енді піскен жұмыртқалармен піспеген жұмыртқаларды анықтау үшін біз зксперемен жасап жібериік.Балалар қараңдаршы үстелдің үстінде неше стакан көріп тұрсыңдар .Дұрыс айтасыңдар екі стакан енді мұхият қараңдар,екі стаканға да су құямыз және әр стаканға екі қасықтан тұз саламыз бір стаканға піскен жұмыртқаны екінші стаканға піспеген жұмыртқаны саламыз піскен жұмыртқа батып кетеді ал піспеген жұмыртқа судың бетіне шығады.Ал балалар бұл тапсырманы да біз орындап шықтық . Балалар біз бұл тапсырманыда орындай алдық, сондықтан тағы кітап парағы мен кілттіаламыз.

Тәрбиеші: Балалар жұмыртқаға тағы қандай тәжірибе жүргізуге болады?

Балалардың жауаптары.

4 тапсырма.Балалар және картаға жақсылап қарап алайықшы енді қай жерге барады екенбіз дұрыс қайтадан тобымызға ораламыз.Балалар үстелдің үстінде не көріп тұрсыңдар дұрыс хат көріп тұрмыз.Хатты оқимызба?иә .Балалар бұл хат бізге Қылыл телпектен келген екен балалар менің себетім өте ескіріп қалған жақында мерекелер келе жатыр маған себетімді безендіріп бере аласыңдар ма?иә балалар ендеше үстелге жайғасып отыра қалыңдар орындықта дұрыс тік отырып аламыз балалар алдарыңдағы әдемі гүлдермен ленталар мен безендіре қойыңдар. Балалар біз бұл тапсырманыда орындай алдық, сондықтан тағы кітап парағы мен кілтті аламыз.Балалар және біз картаға қарап алайық қандай белгі көріп тұрсыңдар леп белгісі дұрыс ал енді осы леп белгісін топтан іздеп көріңдерші.Балалар тауып алады ал бұл жерде не бар екен кәне мен шкафты ашып көрейіші не бар екен балалардың жауаптары.Балалар сандықтың ішіндегі Мадинаның кітаптарын өзіне берейікші қуанып қалсын.

Мадина риза болып балаларға рахметін айтып тәттілер беріп кетеді.

Қортындылау.

Балалар бізге жылап кім келді?

Мадина неге жылап келді бізден қандай көмек сұрап келді?

Мадинаның кітаптарын кім алып сандыққа жасырып қойды?

Біз Күлше қызға нелерді айыруға көмектестік?

Қызыл телпекке не жасап бердік?

Біз бүгінгі сабағымызда қандай эксперементтер жасадық?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ертегілер еліне саяхат» квест –ойын

Автор: Ахауова Умитхан Жаксиликовна

Дата: 15.01.2020

Номер свидетельства: 535929


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства