kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ертегі еліндегі әріптер әлеміне саяхат» М- дыбысымен тантысу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға М дыбысы мен әрпін таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. М дыбысының айтылуына мән беріп, М әріптің баспа түрін жазуды үйрету. Буын туралы түсінігін молайту. Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қорын жетілдіру. Зейінін тұрақтандыру. Адамгершілікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ертегі еліндегі әріптер әлеміне саяхат» М- дыбысымен тантысу»


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің тақырыбы:

«Ертегі еліндегі әріптер әлеміне саяхат»

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу
Мақсаты: Балаларға М дыбысы мен әрпін таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді үйрету. М дыбысының айтылуына мән беріп, М әріптің баспа түрін жазуды үйрету. Буын туралы түсінігін молайту. Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қорын жетілдіру. Зейінін тұрақтандыру. Адамгершілікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, тілек ағашы - бағалау, ертегі әлемі
Билингвизм: Мысық - кошка, май - масло, маса - комар, маймыл - обезьяна.
Әдіс - тәсілі: Таныстыру, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ертегі әлемі

Мотивациялық–қозғаушылық:

- Сәлеметсіңдер ме балалар?
Шаттық шеңбері.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жинаған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.оқу оқу

1.Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін ұйымдастыру барысы:
Ұйымдастыру – ізденушілік
Сұрақ – жауап:

- Казір қай жыл мезгілі?

- Күз

- Дұрыс айтасындар балалар.

- Күз айларын атап өтейкші, кім айтад?

- Қыркүйек, Қазан, Қараша

- Күзде ауа райы қандай болад?

- Суық, жаңбыр жиі жауад, құстар жылы жаққа ұшад

- Жақсы балалар.

Тәрбиеші: Балалар біздің қазақ әліпесі неше әріптен тұрады

-қырық екі.

-Жарайсындар. Балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде, оларды қалай ажырата аламыз?

Балалар: - Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз.

- Дыбыс нешеге бөлінеді?
(екіге)
- Дұрыс қандай?
(дауысты, дауыссыз)

2. Жұмбақ жасыру

-Жарайсыңдар балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақтың шешуін табамыз ба?
- Иә
- Олай болса мұқият тыңдаңдар.
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады
Тышқанды аңдып түнімен
Көзі оттай жанады.(МЫСЫҚ)(Осы кезде мияулап мысық кіреді.)

- Дұрыс балалар. Бүгін ол бізге қонақ келді, ол қонаққа жай келмей бізден көмек сұрап келіптіі, кане өзінен сұрап көрейкші не болғанын ?
Мысық:

- Балалар сендер Мақта қызды білісіндер ме?

- Иә.

-Ол болса менің құйрығымды алып, мені ертегі әлемінен қуып жіберді. Мен оның айтқан тапсырмаларын орындамасам ертегі әлеміне қайтып бара алмаймын және құйрықсыз қалайын деп тұрмын.

Тәрбиеші: Мысық сен уайымдама. Балалар көмектесеміз бе?

-Иә.

Тәрбиеші: Балалар, Мақта қыздың Мысыққа берген тапсырмасын орындасақ. Мысық бізді ғажайып «Ертегі еліндегі әріптер әлеміне» саяхатқа шақырады, біз онда көп қызықты ақпараттар аламыз деп ойлаймын. Тапсырмаларды орындай отыра біз шыналамыз

  1. Тапсырма: Мысық сөзіндегі М әріпін талдау.

- Балалар, мысық сөзі қандай дыбысынан басталып тұр М дыбысынан. Бүгін біз М дыбысымен танысамыз.
4. Жаңа сабақ
- Балалар мына суретке назар аударайықшы.
- Суретте не көрдіңдер?
- М дыбысы
- Қане балалар бірге қайталайық.
- М - М - М
- М дыбысы қалай айтылып тұр.

- Дұрыс балалар созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады
-М дыбысы қандай дыбыс екен!(дауыссыз)
Тәрбиеші: тақтаға Мм дыбысының баспа, жазба түрін іліп көрсетеді. Міне балалар Мақта қыздың тапсырмасын орындадық, ертегі еліне қақпа ашылу керек.

(Осы кезде сыйқырлы әуенмен қақпа ашылып, Мақта қыз кіреді)


Мақта қыз: - Сәлеметсіндер ме, балалар! Ертегі әлеміне қош келдіндер!

  • Сәлеметсіз бе Мақта қыз!

Тәрбиеші: Мақта қыз Мысықтың құйрығын қайтарып бер, балалар тапсырманды орындады.

Мақта қыз: Ол менің сүтімді қайтарса , мен оған құйрығын берем.

Тәрбиеші: Балалар сүтті қайдан аламыз? Кім оны бізге беред ?

Балалар: Сиыр.

Мысық: Сиыр, сиыр маған сүт берші

Сиыр: менің тапсырмады орындасандар берем.

Сиырдың тапсырмасы:
а) Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу:

Ма – ши – на, Мы - сық, Шам.
М сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін анықтау, оны дауысыз екенін бөліп, белгілеу.

Мысық:

-Ағаш, ағаш бізге жапырағынан берші
Ағаштың тапсырмасы:
ә) Үзік сызықтарды қосып, буындап оқыту: Ма- ма, Ма-са, Ма-й.

Мысық:

-Қыздар, қыздар бізге су беріндерші.

Қыздардың тапсырмасы:
б) Жазу жұмысы: м әрпінің баспа түрін жаздыру.

Мысық:

-Дүкенші, дүкенші бізге
Дүкеншінің тапсырмасы: Мен отыра, отыра шаршадым бір серігіп алсақ деймін
Сергіту сәті:

Шығамыз серуендеуге далаға, (қолдарын екі жаққа сермейді)

Ауа райын байқаймыз (жан-жақты байқау)

Дала қандай суық дір-дір-дір (үстерін сипалау)

Дауыл желмен орайды гу-гу-гу(айналамыз)

Тонып қалдық дірілдеп (секіреді)

Балабақшаға кіру керек зу-зу-зу(жүгіру)

Мысық: тауық, тауық жұмыртқа берші

Тауықтың тапсырмасы:
в) «Сөз айт, тез айт» дидактикалық ойын.
Ойын шарты: кубикпен орындалады. Балалар бір - біріне кубикті лақтырып, «м» дыбысынан басталатын сөздерді айтады.

Мысық: Дәнді енді қайдан алам? деп тұрғанда алдынан жүгіріп бара жатқан тышқанды көріп ұстап алап, тышқан мен сені жеймін дейді

Тышқан: Жемеші мені Мысық мен саған дән берем деп, мысыққа дән әкеп беред .Мысық дәнді алып тауыққа беред, тауық жұмыртқа беред, жұмыртқаны Дүкенші алад, Дүкеншіден сағыз алып қыздарға беред, қыздар су беред, сумен ағашты суғарып, ағаш жапырақ беріп, жапырақты сиыр жеп, сүт беред, сүтті Мақта қыз алып Мысықа құйрығын қайтарып беред.

Мақта қыз бенМысық: Балаларға рақмет айтып құрт беред оларға.

Тәрбиеші: - Міне балалар біз өзіміздің біліміміз арқылы мысыққа көмектестік.
5. Қорыту - Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- М дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай сөздермен таныстық
Рефлексивті - Коррекциялаушы
6. Бағалау.
Сабақ барысында белсене қатысқан балаларды «Тілек ағашының» қуанышты хабарламасымен мадақтау, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын және «М м» әрпінің баспа үлгісін танып біледі.
Қандай түсініктерді игерді: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ертегі еліндегі әріптер әлеміне саяхат» М- дыбысымен тантысу

Автор: Джаксылыкова Айгуль Кенескановна

Дата: 12.01.2021

Номер свидетельства: 569888


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства