kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересек тобындағы ҰОҚ коспектісі Шығармашылық Мүсіндеу Тақырыбы: «Торғай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек тобындағы ұйымдастрылған оқу қызметінің конспектісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересек тобындағы ҰОҚ коспектісі Шығармашылық Мүсіндеу Тақырыбы: «Торғай»»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 26.10.18

Тәрбиеші: Абишева А.М.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Жыл құстары» (Қоныс аударатын құстар)

Тақырыбы: «Торғай»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

2. Дамытушылық: сөздік қорын, тілін дамыту арқылы балалардың таным белсенділігін арттыру. Олардың дене бөліктерін дұрыс орналастыру, қол икемдерін дамыту.
3. Оқыту: құстардың қысқы тіршілігі жайында білім беру. Балаларға ермексазды пайдаланып, құстарды бірнеше бөліктен  мүсіндей білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, құстар туралы видео ролик, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, слайдтар. 
Көптілділік: қыстап қалатын құстар-зимующие птицы, торғай-воробей.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

- Балалар, қандай құстарды білесіңдер? 
- Осы құстар қыста қалама?

- Ендеше, бүгін қыстап қалатын құстар жайында айтамыз.


2. Негізгі бөлім:

- Жыл құстары неге жылы жаққа ұшып кетеді?
-Сондықтан қыстап қалатын құстарға қыстан аман есен шығу үшін, қалай көмектесеміз? Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып - қонып жүреді. Адамдар жем - шашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.

Сөздік жұмыс: Отырықшы құстар – қыстап қалатын құстар.
Жыл құстары – жылы жаққа ұшып кететін құстар


Сергіту сәті:

Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай томпаң - томпаң секірсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал

Енді міне әңгімеге құлақ сал. Слайд Торғай 
Торғайлардың жер шарына кең тараған 27 түрі бар. Сыртқы түсі әртүрлі, тамақ асты қара түсті болады. Ағаш қуыстарын, індерді, үй-жайларды мекендейді немесе ағаштарға шар тәріздес ұялар салады. 
Балаларға торғайды мүсіндеуді ұсыну. Торғайдың дене құрылысымен, оны мүсіндеу әдістерімен таныстыру.

3. Қорытынды:

Д.О. «Сәйкесін тап!» (Қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестендір) 
Қарға------ шиқылдайды 
Сауысқан----- тоқылдайды 
Шымшық------ қарқылдайды 
Тоқылдақ --------шақылдайды 
Құр ----------- құрқылдайды. 








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ересек тобындағы ҰОҚ коспектісі Шығармашылық Мүсіндеу Тақырыбы: «Торғай»

Автор: Абишева Алия Мураткановна

Дата: 01.11.2018

Номер свидетельства: 483192


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства