kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі «Қазақстан бойынша саяхат».

Нажмите, чтобы узнать подробности

 
   
   
  1.  
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі «Қазақстан бойынша саяхат».»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 23.01.2019

Тәрбиеші: Сейдахметова А.С

Өтпелі тақырып: «Қыстап қалатын құстар»

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қазақстан бойынша саяхат»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту. Отанды сүйе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

Оқыту: Балалардың өз Отандары туралы, мемлекеттік рәміздері, елбасы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау іскерліктерін қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар:Сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру,оқу.

Көрнекіліктері: Мемлекеттік Рәміздер, глобус, Қазақстан картасы, суреттер, Отан туралы мақал-мәтелдер.

Билингвальды компонент: Отан – родина, туған жер- родная земля, астана – столица.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Интерактивті тақта, слайд,тапсырмалар

Көптілділік:қазақша,орысша,ағылшын

1.Ұйымдастырушылық кезеңі

-Қане, қонақтармен амандасамыз.Үш тілде. Балалар орнымызға жайғасамыз. Топқа глобус кіргіземін.

-Қараңдаршы, мынау не? –Мынау глобус.

-Балалар біздің планетамыз неге ұқсайды?

-Қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?

-Балалар, біздің жер шарымызда мемлекеттер мен елдер өте көп.

-Қандай мемлекеттерді білесіңдер?

-Ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар,біз Қазақстан елінде тұрамыз.

-ҚР қандай қалаларын білесіңдер?

Қазір мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Әр қаланың өз елтаңбасы бар екен. Елтаңбаларды осы картаға орналастырып беріңдерші.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»

1.Алматы қаласында-апорт алмасы өседі.

2.Қарағанды қаласынан біз көмір аламыз.

3.Қызылорда қаласы күріш өсіреді.

4.Орал қаласы мал шаруашылығымен айналысады.

5.Атырау қаласы мұнай өндіреді. Біз мұнайдан бензин,керосин аламыз. Мұнайдың түсі қара,сұйық.

6.Ақтау қаласында газ шығарылады. Газды біз күнделікті тұрмыста пайдаланамыз. Газбен үй жылытамыз, тамақ пісіреміз.

7. Шымкент қаласы мақта өсіреді. Мақтадан киімдер тігеді.

9. Қостанай- қаласы бидай өсіреді. Бидайдан ұн аламыз. Ұннан нан,макарон жасайды.

Жарайсыңдар өте жақсы. Біздің балалар барлығын біледі екен.

2.Негізгі бөзімі

-Суретпен жұмыс.

-Біздің қаламыз қалай аталады?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?

-Дұрыс айтасыңдар, біздің Президентіміз яғни елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.

-Ал еліміздің мемлекеттік рәміздерін кім айтады?

-Мынау Қазақстан Республикасының туы. Мемлекеттік тудың түсі көгілдір. Ортасында алтын күн орналасқан. Күн астында қыран құс бейнеленген. Шетінде ұлттық өрнек бар. Мемлекеттік тудың авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

-Мынау Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Көгілдір шеңбер ішінде, алтын түсті дәл ортасында шаңырақ, уықтары, қос қанатты тұлпар, қанаттарында бидай бейнеленген.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Елтаңбаның төменгі жағында Қазақстан деген жазуы бар. Елтаңбаның авторлары: Шота Уалиханов, Жандарбек Мәліков.

-Мынау Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. Әнұранды салтанатты жағдайларда, екі ел басшылары кездескенде, үлкен жиындардың ашылуында орындалады. Әнұранды орындағанда міндетті түрде орындарымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз. Әнұранның авторлары: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов.

-Қазақстан тәуелсіздікті қай жылы алды?

ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздікті алды.

Сонымен қатар біздің мемлекетіміздің табиғаты да өте керемет.

-Қандай теңіздер мен өзендерді білесіңдер? Бурабай, Алакөл, Балқаш, Зайсан.

-Ал Қызыл кітапқа енген аңдарды кім біледі?

Игровизер: «Қызыл кітапқа енген аңды тауып бер»

-Барыс, ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек.

-Жарайсыңдар!!! Өте жақсы!!

-Әр елде өз салт-дәстүрлері бар. Сол сияқты біздің де ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бар.

Үй тапсырмасы: ұлттық тағамдар.

-Біздің ұлтымыз қандай?

-Біздің елде тағы да қандай ұлттар тұрады?

-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Тақия тастамақ, Қыз куу, Асық ату, Көкпар, Ат жарыс, Күрес,Білектесу.

Қане,балалар дөңгелек үстел басына отырайық. Үйде ата-аналарымен дайындап әкелген тағамдарды айтамыз.

-Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?

Ет тағамдары: қазы,қарта,жал,жая,қуырдақ.

Сүт тағамдары: қымыз,шұбат,айран,сүт,қаймақ,ірімшік,құрт.

Ұн және дәнді дақылдардан жасалатын тағамдар: бауырсақ, жент,талқан,шелпек,

-Ұлттық киімдер жайлы не білесіңдер?

Қамзол-жеңсіз жеңіл киім.

Тымақ-ұлдардың қыстық бас киімі. Аңның терісінен тігіледі.

Шапан, Көйлек,Үкілі тақия.

-Керемет. Қандай тапқыр балалар!!!

3.Қорытынды

Ересек тобының балалары биылғы жылдан бастап сауаттарын ашып, әріптер үйреніп жатыр. Осы үйренген әріптерінен Қазақстанға арналған тілектерін құрап айтқысы келеді.

Ендеше балаларды ортаға шақырайық.

Қ-Қазағымыз аман болсын!

А-Азамат боп ертең мен, Отанға қызмет етем!

З- Заманымыз тыныш болсын!

А-Аман болайық!

Қ-Қыран құстай биік болайық!

С-Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!

Т-Табиғатты аялайық!

А-Елбасымыз аман болсын!

Н-Нанымыз көп болсын!

Хор: «Біз бақытты баламыз!»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сейдахметова Асемгуль Сайрановна

Дата: 25.02.2019

Номер свидетельства: 501415


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства