kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересек тобына ұйымдастырылған оқу қызметі. «Қолғап» орыс халық ертегісі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:  Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері: Білімділік: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын,  сөздік қорын байыту. Дамытушылық: Ой, қиялын дамыта отырып рөлге кіре білуге үйрету. Тәрбиелік: Әр кейіпкердің қиялын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересек тобына ұйымдастырылған оқу қызметі. «Қолғап» орыс халық ертегісі»»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қолғап» орыс халық ертегісі

Мақсаты: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері: Білімділік: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, сөздік қорын байыту. Дамытушылық: Ой, қиялын дамыта отырып рөлге кіре білуге үйрету. Тәрбиелік: Әр кейіпкердің қиялын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Зырылдауық қоян, қаптесер тышқан, түлкі бикеш, секеңдеген тышқан

Керекті құралдар: Киімдердін, қолғаптың суреттері, ертегі желісі бойынша сюжеттік суреттер.

Қостілдік компонент: Түлкі бикеш-лисичка сестричка,зырылдауық қоян-зайчик попрыгунчик


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

«Амансың ба, алтын күн!» 01-«Г»-№15


Балабақшаға келе жатып қорап тауып алғанын хабарлайды. Бұл қорап жай қорап емес сиқырлы қорап. Егерде жұмбақтар шешсек ертегі келетінін айтады.


Бәрі бірге айтады.

Шеңбер құрап отырады.

Зейін қойып тыңдайды. Қызығушылық танытады

Ұйымдастыру– іздестіру

-Қане, жұмбақтарды шешіп көрейік, егер жұмбақтардың шешулерін тапсақ, ертегі бізге келеді.

Жұмбақтар жасырады:

1.Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға жатады.

Ол не?

2.Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады.

Ол не?

3.Өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу.

Ол не?

4.Таңдайлары тақылдап,

Шулайды кім шалшықта,

Бірін-бірі мақұлдап.

Ол не?

5. Қос қолға киемін

Жып-жылы жүремін

Бұл не?

-Жарайсыңдар балалар, барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар.

Сергіту сәті:

Жұмбақтардың жауабын шешеді:





Аю



Қоян



Түлкі




Бақа



Қолғап





Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан,

Қар лақтырып ойнасақ

Су өтеді қолғаптан.





-Міне, сиқырлы қорап қаншама суреттер сыйлады. Мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

-Бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

-Дұрыс. Ал, біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері туралы білгілерің келе ме?

-Сендер білесіңдер ме, орман тұр-ғындары, қолғапты басқа мақсатта

пайдаланыпты, қандай мақсатта

пайдаланғанын білу үшін ыңғайлы отырып, «Қолғап» деп аталатын орыс халық ертегісін мұқият тыңдаңдар:

«Ерте, ерте, ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар - бақа, тышқан, түлкі, аю, қабан, қасқыр»,- деп бастап, ертегіні суретін көрсете отырып мазмұндап береді.

Ертегіні мазмұндау, талдау.

- Ертегі қалай басталады ?

- Аңдардың бәрі қайда кіріп алды ?


- Қолғапты қандай мақсатпен пайдаланды ?

- Ертегінің соңында не болды ?


Ертегіні рөлдерге бөлініп, сахналауды ұсынады.

Сөздік жұмысы:

Түлкі бикеш-лисичка сестричка, зырылдауық қоян-зайчик попрыгунчик,

тышқан-мышь

Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

Тақтадағы суреттен артығын тауып, атауды ұсынады.


Суреттерге қарап айтады: қоян, түлкі, аю, бақа, тышқан, қасқыр.

«Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері



Балалардың жауабы.

Қызығушылық танытады.






Ертегіні мұқият отырып, тыңдайды.






Ерте, ерте, ертеде деп басталады.

Аңдардың бәрі қолғаптың ішіне кіріп алады.

Жылыну үшін, суықтан қорғану үшін.


Шал жоғалған қолғабы есіне түсіп, алып кетеді.

Рөлдерге бөлініп, ертегіні сахналайды.


Жеке-жеке, бәрі бірге қайталайды.




Суреттен артығын тауып атайды, мысалы: қасқыр, қоян, аю, түлкі, бақа, мұнда бақа артық, өйткені ол-жәндік, қалғандары-аң.


Рефлексивті–

түзетушілік


Қорытынды:

-Бүгін қандай ертегі оқыдық?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?


«Жүректен жүрекке» шеңбері

«Арым таза ақ көңіл» шеңбері

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемiн.

Абыройлы, ақ ниет,

Адамдыққа сенемiн.


Орыс халық ертегісі «Қолғап».

Бақылдауық бақа, зырылдауық қоян, түлкі бикеш, қаптесер тышқан.



Шеңберге тұрып, бәрі бірге айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ертегілерді ажырата білу, ертегіні тыңдап, айта білу.

Болу керек: Ертегідегі кейіпкерлерді айыра білу дағдылары

Істей білу керек: Ертегінің мазмұнын айта білу, рөлдерге бөлініп сахналай білу




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ересек тобына ұйымдастырылған оқу қызметі. «Қолғап» орыс халық ертегісі»

Автор: Жетписова Гульнар Токеновна

Дата: 02.03.2020

Номер свидетельства: 541752


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства