kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ересек тобына арналған оқу қызметі. Тақырыбы: "1- ден 7-ге дейінгі санау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-7-ге сандарды қайталату,  қосу, азайту таңбаларын қолданып, есептер құрастыру.
Міндеттері:   Білімділік: 7 санының құрамын анықтау арқылы 7 санының қатарын ретімен ауызша жаттықтыру. Дамытушылық: Логикалық ойын есептер шығару арқылы, балалардың білім - біліктілігін арттыру.   Тәрбиелік: Түрлі математикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ересек тобына арналған оқу қызметі. Тақырыбы: "1- ден 7-ге дейінгі санау"»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «1-7 дейінгі сандарды қайталау»

Мақсаты: 1-7-ге сандарды қайталату, қосу, азайту таңбаларын қолданып, есептер құрастыру.
Міндеттері: Білімділік: 7 санының құрамын анықтау арқылы 7 санының қатарын ретімен ауызша жаттықтыру. Дамытушылық: Логикалық ойын есептер шығару арқылы, балалардың білім - біліктілігін арттыру. Тәрбиелік: Түрлі математикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Демонстрациялық материалдар: 1-7 дейінгі сандар, кемпірқосақтың жолақты түстері, апта күндері.

Үлестірмелі материалдар: дәптерлер, кеспе цифрлар, суреттер, санауға керекті таяқшалар.

Қостілдік компонент: кемпірқосақ-радуга, апта күндері-дни недели.


Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Амансын ба, алтын күн!

Амансын ба, көк аспан!

Амансын ба, жер ана!

Амансын ба , достарым!


Қайталау

Өткен сандарды еске түсіріп, қайталату.


-Сендер қандай балабақшаға келіп жүрсіңдер?


-Неше күн келесіңдер?

-Неше күн демаласыңдар?

-Сонда бір аптада неше күн болады?


Барлығы бірге қимыл-қоғзғалыспен орындайды.



Үстелді жағалай отыр.


1-7 сандарды қайталап, санайды.

№7 «Ақ бота» балабақшасына.

5 күн келеміз.

2 күн демаламыз.

Бір аптада 7 күн бар.

Ұйымдастыру–

іздестіру



Әңгімелесу

-7 санына байланысты қандай ертегіні білесіңдер?

Қонаққа Ешкі келгенін, өзінің лақтарын тауып беруін сұрайтынын айтады.


Лақтарды табу үшін тапсырмаларды орындау керектігін айтады.

1 тапсырма

Жұмбақ есеп:
Талда 6 алма,
Қолымда 1алма,
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма? 


«Жеті лақ» ертегісі

Көмектесуге келіседі.






Жұмбақ есепті шығарады:




7 алма екенін айтады.



ІІ тапсырма
1 - ден 7 - ге дейінгі сандарды тура және кері санау.

Тәрбиеші тақтаға 1-7-ге дейінгі сандарды іліп, тура және кері санауды ұсынады.


Сергіту сәті:









ІІІ тапсырма
Дидактикалық ойын: «Қай сан жоғалды?»

Әр балаға кесте ұсынады. Кестедегі жоғалған санды тауып, жазуды ұсынады.


ІV тапсырма

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

7 цифрын және жеті-жетіден берілген заттардың барлығын бояуды ұсынады.


Дидактикалық ойын: «Кемпірқосақ»

Жеті түрлі жолақты түстен кемпірқосақ құрауды ұсынады.


V тапсырма

Логикалық есептер

1.Санын білмей сәбіздің,
Қоян әбден тосылды.
Көмектесіп жіберші,
Құтқарып сен досың ды.
Оң қолында төрт сәбіз,
Сол қолында үш сәбіз.
2. Айболда бес өрік,
Нұрболда екі өрік
Барлығын қосқанда,
Болады неше өрік?
3. Маратта бес алма
Саматта бір алма
Санашы, санашы
Барлығы неше алма?
4. Алма ағашта жеті алма
Қандай тәтті жесе алма
Жетеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма.




Тақтаға бір-бірден шығып, тура және кері санайды.


Апта деген атайдың,
Жеті бірдей ұлы бар,
Біріншісі - Дүйсенбі,
Екіншісі - Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі - Бейсенбі,
Бесіншісі – Жұма,
Алтыншысы - Сенбі,
Жетіншісі - Жексенбі.



Тапсырманы орындайды.

1 3 4 5 7. Жоғалған сандар: 2,6.


7 цифрын және жетіден берілген заттарды түрлі-түсті қарындаштармен бояйды.



Кемпірқосақ құрайды, санайды.



Логикалық есептерді мұқият тыңдап, шығарады:





7 сәбіз.




7 өрік.




6 алма.




Ештеңе қалмайды.


Рефлексивті–

реттеушілік


Қорытынды:

-Бүгін не істедік?


Рефлексия:

Егерде бүгінгіі іс-әәрекет көңілдерінен шықса, қызыл жолмен, көңілдерінен шықпаса, көк жолмен жүруді ұсынды.\



1-7-ге дейін санадық, салыстырдық




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: 1-7-ге дейінгі сандардың жасалу жолын.

Болу керек: реттік санау дағдылары.

Істей білу керек: 1-7- ге дейін санауды, заттарды салыстыруды, қорытынды жасауды.

































Мақсаты:
Білімділік: 1- ден - 5 - ке дейін сандарды санап, қайталау арқылы білімдерін бекіту. Тура және кері санауға дағдыларын қалыптастыру, логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы ойлау қаблетін дамыту, геометриялық пішіндерді айырып, құрастырып олармен жұмыс жасау. Санамақ үйренуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сипау арқылы сандарды айтқызып, математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: сандар суреттері, тапсырмалар, геометриялық пішіндер, алма ағашы
Сабақтың түрі: Аралас
Оқу - іс әрекетінің барысы:
І. Психологиялық жаттығу: Балалар мен бірге шаттық шеңберіне жиналып, бір - біріне жылулықтарын сыйлау.
Сәлем деймин мен күнге,
Сәлем деймин мен саған,
Сәлем деймин мен апайға,
Сәлем деймин қонақтарға.
Еркем, еркем, еркем - ай,
Еркелеген еркем - ай,
Жақсы көрем өмірді,
Жақсы көрем мен сені.

ІІ. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар далада жылдың қай мезгілі?( қыс)
- Қыста қалай киінеміз? ( жылы)
- Қыстың ерекшеліктері қандай? (қар, аяз, боран)
ІІІ. Қызықтыру сәті: Алма ағашы
Балалар мына ағашқа қараңдар
1 тапсырма. 1 - ден 10 - ға дейін тура кері сандар және жоғалған сандар.
2 тапсырма. Сиқырлы сандар.
3 тапсырма. Логикалық сандар (ауызша және жазбаша)

ІV. Сергіту сәті:
Үлкен шеңбер құрайық.
Үлкен шеңбер құрған соң,
Шапалақ та, шапалақ та,
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға
Жоғары - төмен қараймыз
Орынымызды табайық.
V. Дидактикалық ойын: «Ғажайып қалта».
Мақсаты: Сипау арқылы сандарды ажырата білуге үйрету.
VІ. Дәптермен жұмыс: Балалардың жұмыстарын бақылау.
4 тапсырма. Геометриялық пішіндерді үлгі бойынша құрастырамыз.
VІІ. Қорытынды.
- Жақсы, балалар 1 - ден 5 - ке дейінгі сандарды жақсы меңгеріпсіңдер. Өте тамаша оқу іс - әрекетіне қатыстыңдар
- Біз бүгін кімнің тапсырмаларын орындадық?
- Есеп Атаның – деп балалар жауап қайтарады.
- Дұрыс балалар. Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, ал енді есеп Атаның шағын сыйлықтарын табыс етемін. Сыйлықты алмас бұрын, келген қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.



Атбасар ауданы
"Сергеевка орта мектебі" ММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Магзум Майра

Сабақтың тақырыбы: 1-5 сандарды қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 5 –ке дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, геометриялық пішіндерді меңгерту. Логикалық есептер шығаруға, уақытты, кеңістікті бағдарлай білуге, апта күндерін дұрыс атауға.
Дамытушылық: Өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру, ойлау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту. Өздігінен талдау жасауға үйрету, санаған сандарын сапалы түрде түсіне білуге дағдыландыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін, білімділігін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін
Тәрбиелік: Шыдамды болуға, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, ой еңбегіне бейімдеу, адам мен табиғат арасындағы байланыс арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Психологиялық: Білімді үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Зейінін, қиялын, зеректігін, тапқырлығын дамыту. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ынталандыру.
Пәнаралық байланыс: Есеп, тіл дамыту, көркем әдебиет, айналамен таныстыру.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, жұмбақтар жасыру, көрсету, салыстыру, ертегі әңгімелеу, сахналау, дид/ойын, сергіту сәті, бақылау, мадақтау, қорыиындылау.
Көрнекіліктер: Цифрлар, әртүрлі ұсақ ойыншықтар, геометриялық пішіндер, жемісжидектер, үй жануарлары, суреттер (құрастыруға).

Амандасу.
Психологиялық сәт:
Балаларға екі алақандарын толық ашып, саусақтарына қарауларын айтамын. Қолымыздағы саусақтар әртүрлі.
- Кішкене шынашағымызды алақанымыздың ортасына жеткізейікші, қалған төртеуін қозғалтпай. Қане, жете ме екен?
- Жоқ.
- Олай болса барлық саусақтарымызды бірақ жұмамыз.
- Алақанымызды жабады ғой, иә! Олай болса біз жалғыздан ештеме істей алмайды екенбіз, ал барлығымыз жұмылсақ, бірге істесек алынбайтын, шешілмейтін тапсырма болмайды.
Жақсы көңілмен барлығымыз бірігіп сабағымызды бастайық.

•    Қане балалар, есімізге түсірейікші, бір жылда неше мезгіл бар?
•    4 мезгіл.
•    Осы төрт мезгілді атайықшы.
•    Қыс, көктем, жаз, күз.
•    Ал, қазыр жылдың қай мезгілі?
•    Көктем.
•    Өте жақсы айттыңдар, дұрыс.
•    Осы көктем мезгілінде неше ай бар? Соларды атап көрейікші.
•    Наурыз, сәуір, мамыр.
•    Көктем мезгілі келгелі сендер қандай өзгеріс – ерекшеліктерді байқадыңдар?
•    Күн жылынды, қар еріді, құстар ұшып келе бастады. Қорада тұрған төлдеріміз төлдеді.

I.    Дид/ойын «Төлдерін ата».
- Өте жақсы. Кімнің үйінде қандай үй жануарлары бар?
- Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.
Сиыр – бұзаулайды
Қой – қоздайды
Ешкі – лақтайды
Бие жылқы – құлындайды
Түйе – боталайды.
Төлдерін қалай деп атайды екенбіз: бұзау; қозы; лақ; құлын; бота.
- Сонда біз қанша төлдерді біледі екебіз? Санайықшы.
- 5
- Апа – атамыз, әке – мамаларымыз осы сөздерді пайдаланып бізді қалай еркелететінін айтып көрейікші: Құлыным, қозым, ботам...
II.    Тапсырма. Дид/ойын «Қай күн?».
- Балалар біз балабақшаға неше күн келеді екенбіз?
- 5 күн
- Ал, онда неше күн демаламыз?
- 2 күн.
- Осы күндердің аттарын атап көрейікші. Қане кім айтады аптаның 1–ші (2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші) күндері қалай деп аталады екен?
- Жауап: үйсенбі
  Сейсенбі
  Сәрсенбі
  Бейсенбі
  Жұма
Демалыс күні: Сенбі
                       Жексенбі
5 күн балабақшаға келіп, 2 күн демалады екенбіз.
III.    Тапсырма: «Уақытты бағдарлау», «Кеңістікті бағдарлау»
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал, сендер, маған жауабын дұрыс тауып (шешіп) айтуларың керек.
1.    Ұйқымыздан тұрамыз,
Беті – қолды жуамыз.
Әкемізге ереміз,
Бақшамызға келеміз.
Бұл қай кезде, балалар?                                                      Таңертең
2.    Біз тәртіпті баламыз,
Сабақты да оқымыз.
Серуенге шығамыз, қыдырамыз.
Бұл қай кез, балалар?                                                            Түс
3.    Серуеннен қайтамыз, ұйықтаймыз,
Жеңіл тамақ ішеміз,
Ойнаймыз.
Бұл қай кез, балалар?                                                            Бесін
4.    Күн батады қызарып,
Мамамызды күтеміз.
Бұл қай кез, балалар?                                                            Кеш
5.    Үйлерде шам жанады,
Дем алады бар әлем,
Деп әлдилер ақ әжем.                                                            Түн
IV.    Дид/ойын: «Адасқан сандар» 1 – ден 5 – ке дейін санаймыз.
- Қане балалар, біз алдымен 5 – ке дейін санайық. (карточка таратып, сандарды ретімен қойып шығамыз) 1, 2, 3, 4, 5.
- Ойланайық бір мезет,
Абайлайық, қарайық,
Санды енді тізбелеп,
Кері қарай санайық.
Енді кері санайық. 5, 4, 3, 2, 1.
(сандардың емлесін тауып дұрыс орналастыру).
Тақта алдында жұмыс
1   2  5  3  4
3   2  1  4  5 т.с.с.
V.    Дид/ ойын: «Көршісін тап».
Тақта алдында жұмыс.
...2...             ...4...               ...3...                     ...5...                  ...1...
Қажет сандарды тауып өз орындарына дұрыс орналастыру қажет. Қалған балалар үстел үстінде өз бетінше жұмыс жүргізу.
VI.    Дид/ойын: «ойлан – тап».
Балалар көздерін жұмады. Ойлау, есту қабілетін жетілдіру мақсатында іштерінен санап, неше рет дыбыс бергенімді алдарындағы саннан дұрыс тауып көтерулері керек.
Сергіту сәті.
VII.    Логикалық есептер:
1.    Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады.?                                               (екі)
2.    «5» алған балаға 5 алма,
«4» алған балаға 4 алма.
«3» алған балаға 3 алма.
«2» алған балаға неше алма?                                     (екі)
3.    Бес бұтақты шыршада,
Бұтақ сайын екі алма.
Біреуін бер досыңа,
Сонда қалмақ неше алма?                          (шыршада алма өспейді)
4.    Қолымды 1 алма, табақта 2 алма,
Қосқанда барлығын болады неше алма?                  (үш)

5.    Бөлменің 4 бұрышы бар,
Әр бұрышта 1 мысықтан отыр,
Барлығы неше мысық?                                               (төрт)
6.    Жанып тұрған 4 майшамның 2-уі сөніп қалды.
Сонда неше майшам қалды?                                      (екі)
VIII.    Ата – анамен байланыс.
Ата – аналарының үйден үйреткен 1 – ден 5-ке дейінгі санамақтарын сұрау.
1-ден  5-ке дейінгі сандарды бекіту.
IX.    Дид/ойын: «Кім жылдам?»
Ойын ата – анамен бірігіп ойналады.
Берілген қиынды суреттерден тауып дұрыс құрастырып, артына жазылған нақыл сөздерді оқу керек.
Тіл дамыту, айналамен таныстыру сабақтарымен байланыстыру.
X.    – Балалар, біз қандай геометриялық пішіндердің түрлерін білеміз?

- Өте дұрыс. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер жауабын шешіп, атап, қандай пішінге ұқсайтынын атайсыңдар
1.    Таңмен көзін ашады,
Әлімге нұрын шашады.                                         

-    ке ұқсайды                                  (күн)

2.    Төрт бұрышты, бір ауызды                                     

- қа ұқсайды.

                                             (сандық)

3.      Айдалада ақ отау,
Аузы, мұрны жоқ отау.                                          

             

- ға ұқсайды.              (жұмыртқа)

4.    Тікен – тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте.   

                                        

-    қа ұқсайды.                      (шырша)

5.    Төрде жатып шалқиған,
Дәу қарны бар қампиған.                                        

- ға ұқсайды.                             (жастық)

XI.    Жапырықты тасалап,
Өсетін жері бақша – бау.
Күрең қызыл шіркін – ай,
Оның аты ........... бүлдірген.
Сендерге  «Бір бүлдірген» ертегісін айтып берейін.
Ерте, ерте, ертеде 3 балапан өмір сүріпті. Бір күні олар жайылып жүргенде бір бүлдірген тауып алыпты.
-    «Бүлдірген болса біреу, оны біз қайсымыз жейміз» - дейді.
Біз болсақ: біреу, екеу, үшеуміз. Осы кезде ақалды күрке тауық кездеседі.
-    Біз балапандармыз ғой, бізге мына тауып алған бүлдіргенімізді бөліп беруге көмектесіңізші.
-    Ал, сендердің мамаларың біреу ме?
-    Иә, біреу...
-    Онда, біз жалғыз бүлдіргенді қалай бөлеміз?
-    «Сендер, бұл бүлдіргенді АНАларыңа апарып беріңдер» - дейді күрке тауық.
Иә, солай істейін деп балапандар бүлдіргенді мамаларына әкеліп береді. Мамаларына бүлдірген ұнайды. Балапандар да өте қуанышты болды.
Бұнымен айтпағымыз:
«Табиғат сыйы»                            (жемістерді көрсету).
Біреуін жеп жемістің
«Дәмді екен...» деп тамсандық
Айта қойшы шырағым,
Дәмін қалай біле алдың?
Естіп пе
Әлде
Көріп пе,
Жоқ, әйтпесе, сезіп пе?

Жауап: дәмін сезіп.
XII.    Олай болса: Дид/ойын: «Ненің дәмі?»
Арнайы ыдысқа кесіп салынған жеміс – жидектердің дәмін жеп анықтаймыз.
Дәмін сезу қабілетін дамыту.
Жемісті атап, қандай геометриялық пішінге ұқсайтындығын, дәмін айтып, түр – түсін ажыратып айтуларын сұрау.
*** Балалар, біз бүгінгі сабақтан алған қуанышты көңіл – күйімізді қалай білетінімізді көрсетейік. Сабақ сендерге ұнады ма?
«Шаттық шеңбері» - дөңгелене тұрып, қолдарымызды шапалақтаймыз.




Математикадағы жеті түсті гүл

  •  Балабақшадағы ашық сабақтар

  •  Samina

  • 29.01.2016

  • 1

  • 0

  • 1387

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Қазақ мектеп-гимназиясы жанындағы шағын орталық

Тәрбиешісі: Жантаева Гүлшат Артықбайқызы.

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас».

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: Математикадағы жеті түсті гүл.

Мақсаты: Балаларға тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіту, логикалық ойлауларын және зейіндерін дамыту.

Есеп шығару, 7-ге дейінгі сандық және реттік санау дағдыларын жетілдіру, апта атауларын атау, геометриялық пішіндерді ажыратып, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытып, сөздік қорын молайту.

Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: Жеті түсті желекті гүл, алма ағашы, сандар,  жеті қабатты үй, геометриялық пішіндер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік.

 .

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шеңберін құрайық.

                Арайлап таң атты

                Алтын сәуле таратты

                Жарқырайды күніміз

                Жарқырайды даламыз

                Қайырлы таң балалар

                Қайырлы таң қонақтар!

Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.

 

Қонақтармен амандасады.

Дөңгеленіп тұрады.

 

 

 

Балалар бірге айтып, қимылмен көрсетеді

 

 

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар бүгін тобымыздың бөлмесінде ғажайып гүл өсіп шығыпты.

Жай гүлден қандай айырмашылығы бар

   - Қанша желектері бар?

    - Оны қалай атар едіңдер?

   - Бұл гүл қай ертегіде бар?

   - «Жеті түсті гүл» ертегіде.

Жеті түсті гүл ертегісінде қыздың барлық тілегін орындаған болатын. Біздің тілегімізді орындай ала ма екен?

- Біз не істей аламыз?

- Қыз гүлге қандай сөз айтады, кәне есімізге түсірейік.

               Ұшшы, ұшшы жапырақ

               Батыс, шығыс арқылы

               Солтүстік пен оңтүстік

               Шеңбер жасап кері қайт

               Жерді жайлап басқаның

               Болсын менің айтқаным.

Гүлдің көгілдір түсті күлте жапырағында ненің суреті бейнеленген?

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

    - Кім атап, көрсетіп береді?

Ал қазір жылдың қай мезгіл?

    - Қыс мезгілінде неше  ай?

- Қыс айларын кім атап береді?

     - Қазір қай ай?

Бір жылда неше ай бар?

Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар бірінші тілегін орындадық кім жұлып алам дейді.    

               Ұшшы, ұшшы жапырақ

               Батыс, шығыс арқылы

               Солтүстік пен оңтүстік

               Шеңбер жасап кері қайт

               Жерді жайлап басқаның

               Болсын менің айтқаным.

2-ші желекте ненің суреті бейнеленген.

           Ағаш пен сандар.

Бұл желекте есеп шығар дейді.

Есеп қандай бөліктерден тұрады?

- Бұл не?

- Қандай ағаш?

- Алма ағашында не өсіп тұр?

- Қанша алма өсіп тұр?

   Кел Мадина санай ғой.

Есептің шешуін мұқият тыңдаймыз.

 Алма ағашында жеті алма өсіп тұрды, жел соғып екеуі түсіп қалды. Қанша алма қалды?

Есепте қандай сұрақ болды?

Есептің шешу жолы.

Барлығы қанша алма?

Қанша алма түсіп қалды?

Қанша алма қалды?

Жауабы қанша алма қалды?

 Бұл тапсырмасын орындадық кім желекті жұлып, сөзін айтып берем дейді.

              Ұшшы, ұшшы жапырақ

               Батыс, шығыс арқылы

               Солтүстік пен оңтүстік

               Шеңбер жасап кері қайт

               Жерді жайлап басқаның

               Болсын менің айтқаным.

 Келесі үшінші желек.

  1. Сан құрамы.

- Қандай сандар?

 7-сан құрамы.

Ал тағы көп қабатты үй неше қабатты үй.

     Үй шатырында 7 саны.  

7 сан құрамын сандармен белгілейді.

7-ге дейін тура және кері санау.

Бұл тапсырманы орындадық гүлдің үшінші желегінің тілегін орындадық. Кім жұлып, сөзін айтып береді.

4Апта күндері.

Бір аптада неше күн бар?

- Аптаның бірінші күнін, соңғы күнін ата.

Апта күндері туралы тақпақ кім біледі?

5Күлте жапырақта «?» белгісі.

Сұрақ белгісі қай кезде қойылады.

Мысалы: Бір нәрсе сұрағанда, жұмбақ  шешкенде. Ал қазір менің сұрақтарыма кім тез жауап береді.

  1. Қонжық біреу, табаны нешеу?

  2. Үш қоянда құлақ қанша?

  3. Суға 3 торғай қонды. Біреуі ұшып кетті.

Қанша торғай қалды?

Гүлдін 5-ші желесін орындадық. Келесі желекте.

Ненің суреті бейнеленген.

      6.Пішіндер

  • Қандай пішіндер?

  • Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек т.б.

- Пішіндермен не істеуге болады?

Дұрыс балалар бүгін су көлігін құрастырасыңдар.

- Қандай су көлігін білесіңдер?

- Құрастырғанда бұрышы бар пішіндермен ғана құрастырамыз.

  • Шеңбер, сопақшада бұрыш бар ма?

Балалар екі-екіден қосылып, кеме, қайық құрастырады.

Бұл тапсырманы да жақсы орындадық кім жұлып алам дейді?

7-ші желекте ненің суреті бейнеленген.

Ғажайып гүлдің барлық тілегін орындай аламаз.

 

 

 

 

 

 

 

- Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.

Күз, қыс, көктем, жаз.

Қазір қыс мезгілі.

- Үш ай бар.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

- Қазір қаңтар айы.

Бір жылда он екі ай бар.

 

 

 

 

 

Бала желегін алу үшін, сөзін айтып желекті алады.

 

Ағаш пен сандар.

1. Есептің шарты.

2. Есептің сұрағы.

3. Есептің шешу жолы.

4. Есептің жауабы.

- Ағаш.

- Алма ағашы.

- Алмалар

- Жеті алма, барлығы жеті алма.

Қанша алма қалды?

Барлығы 7 алма болды.

 

Түскені 2 алма

7-2=

7-2= 5

 

 

Жауабы: 5 алма.

 

 

 

Балалар бірге айтып, қимылмен көрсетеді

 

 

 7-саны

 

 

 

 

Балалар 7-ге дейін тура және кері санайды.

 

 

 

Бір аптада 7 күн бар.

 

 

- Сұрақ белгісінің суреті.

 

 

 

- 4

- 6

 

- торғайлар суға қона алмайды

 

- Пішіндер

 

- Сурет салып, бояуға, кұрастыруға.

 

- Қайық, кеме т.б

 

 

- Жоқ

 

 

 

Рефлексиялы-түзетушілік

Көңіл күй.

Балалар бүгінгі сабақта көңіл күйлерін қандай болды?

- Сендерге сабақ ұнады ма?

- Бүгінгі сабақта не ұнады?

- Енді жеті түсті гүл балаларға алғыс айтқысы келген екен, оқып көрейік.

Гүлдің ортасындағы шеңберді алып, артынан әріптерді алып

«Жарайсыңдар!»

Бүгінгі сабақымыз аяқталып қалды, мен де сендерге алғыс айтамын «Бәрін бүгін жақсы қатысқан үшін  және тапсырмаларды жақсы орындаған үшін жарайсыңдар деп айтамын.

               Біз ақылды баламыз

               Айтқан тілді аламыз

               Бізге келген қонаққа

               Тек жақсылық тілейміз.

 

 

Балалардың жауаптарын тыңдау.

 

 

 

Балалар біз бүгін гүлдің барлық желектің тілегін орындадық.

 

 

 

 

     Күтілген нәтиже:

Біледі: Балалар тапсырмаларды орындауды, жыл мезгілдерді атап, есеп шығру туралы түсінікті;

Игерді:  Математикалық жұмбақтарды шешуді, геометриялық пішіндерден құрастыруды.

Меңгерді: Сан құрамын және апта күндерін, сандарды тура және кері санауды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ересек тобына арналған оқу қызметі. Тақырыбы: "1- ден 7-ге дейінгі санау"

Автор: Керимканова Ляйля Турарбековна

Дата: 13.03.2020

Номер свидетельства: 542676


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства