Әуен ойналады, балалар көздеріңді жұмып елестетеміз. Алғашқы қар жауды, дала, айнала бәрі аппақ , балалар далада қардан аққала жасап, шана-шаңғы теуіп ойнап жүр. Балалар көз алдымызға елестеттікпе? Мен қай жыл мезгілін сипаттадым? - Қыс мезгілінде неше ай бар? Қандай,қандай? - Қыс мезгілінде ауа райында қандай ерекшеліктер болады?(балалардың жауабы) Жұмбақ Ән салады чемодан Ішінде тұр көп адам, Естімейді сөзіңді, Сөйлемейді сөзіңді. Шешуі не екен, балалар? (Теледидар) Жарайсыңдар,балалар бүгінгі оқу қызметіміз «Электроника әлеміне саяхат» деп аталады. Электроника әлемі құралдарына: теледидиар, компьютер, телефон, үтік, шаңсорғыш, мұздатқыш жатады.
Телефон – байланыс құралы. Алғашқы телефонды ойлап тапқан американдық ғалым А.Т.Белл. Ол құрылғыны 1876 жылы ойлап тапқан. Содан бастап адамдар оны байланыс қүралы ретінде пайдаланып келеді. Егер үйде жалғыз қалып өрт шықса телефоннан - 01 нөмірін теріп өрт сөндірушілерге хабарлап айтамыз. Егер үйімізде бөпеміз немесе мамамыз ауырып қалса - 03 нөмірін басып дәрігерді шақырамыз. Теледидар – балалар теледидардың пайдасы көп. Көптеген жаңалықтарды, киноларды, ертегілерді, концерттерді, теледидардан көреміз.теледидар көргенде біз теледидардан алыс отырып, қарауымыз қажет. Жақын отырып теледидар қарауға болмайды. Көзімізге зиян Компьютер – ақпарат құралы. Компьютер арқылы алыстағы достарымызға хат , хабарлама жібере аламыз. Компьютердің адамға көмегі зор. Адамдар жұмыс орнында компьютерді көп қолданады. Балалар, ендеше біз қазір электроника құрал-жабдықтары тұратын топқа саяхат жасайық. - Балалар бұл не? - Телефон - Телефонның бір нәрсесі жетіспейтін сияқты. Ол не екен? Телефонның реттік сандары жетіспейтін сияқты,қане мында қандай түстер жетіспейді,жапсырайық. Дидактикалық ойын: «Телефон»
Мақсаты:Қатты қағаздан жасалған телефон пішініне реттік сандарын әр түспен жапсыру. Түстерді атау, пішіндерін ажырату, сөздік қорын байыту. - Балалар келесі тұрған не екен? - Теледидар, өте дұрыс. - Теледидарды тамашалағанды сендер жақсы көресіңдер ме? Қандай? «Балапан» арнасы, «Маша мен аю», «Том мен джерри» Сергіту сәті: «Аю әні» (ноутбуктан бейнеролик корсету арқылы сергіту жаттығуын жасайды) Балалар , мынау тұрған не екен? - Компьютердің бір түрі –ноутбук деп аталады. - Ноудбукпен ойын ойнаймыз ба? - Сендер түстерді, пішіндерді жақсы білесіңдер екен. Ендеше қыс мезгіліндегі табиғатты бейнелейік. |