kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экологиялық негізінің сабағы. Тақырыбы :Бөлме өсімдіктері.Орта тобына арналаған таныстыру топтамасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Экологиялық негізінің сабағы. Тақырыбы :Бөлме өсімдіктері.Орта тобына арналаған таныстыру топтамасы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экологиялық негізінің сабағы. Тақырыбы :Бөлме өсімдіктері.Орта тобына арналаған таныстыру топтамасы.»

Естияр тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:20.10.2016ж

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Экология.

Тақырыбы:Бөлме өсімдіктері. Алоэ және аспидистра.

Мақсаты:алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып,олардың айырмашылығын көріп,айтып беруге үйрету.Өсімдіктің өсуіне жарық,ылғал,ауа,қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптай білуге баулу.

Көрнекіліктері:ыдысқа отырғызылған алоэ және аспидистра өсімдігі,гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері,гүлдерді күтіп-баптауға арналған құралдар.

Әдіс-тәсілдері:сөздік,көрнекілік,практикалық.

Іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң,балалар!Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өздері білетін өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін табыңдар.


Қысы-жазы жасыл боп

Терезе алдында тұрады.

Шаңды өзіне жұтып ап,

Ауаны да тазартады.

Ол не балалар?

Қонаққа қолында екі түрлі бөлме өсімдігін ұстаған гүлдер патшайымы келеді.Балалармен амандасып болғаннан кейін,өзін таныстырады да,балаларға гүлдер әлемінен сыйлық ала келгенін ай-тады.Қолындағы бөлме өсімдік-терін балаларға көрсетіп,қандай өсімдік екенін сұрайды.

Гүлдер патшайымы:

-Балалар,мына гүлдің аты-алоэ,ал мына гүл-аспидистра.Кәне,қайталаймыз.

-Балалар,мен сендерге осы екі бөлме өсімдігін күтіп-баптасын,қамқор болсын деп алып келдім.Мен қайтадан гүлдер әлеміне баруым керек.Себебі:онда мені көптеген өсімдіктер күтіп отыр.Сендер өздерің осы екі бөлме өсімдігімен жақсылап танысып алыңдар.Егерде осы өсімдіктер туралы сұрақтарың болса үш рет алақандарыңды соғып «гүлдер патшайымы, дыбыс қат»десеңдер болғаны,мен өзім келмесем де,сұрақтарыңа жауап бере аламын .Қоштасып, шығып кетеді.Енді,балалар,бұл гүлдермен жақсылап танысайық(балаларға бөлме өсім-діктерін бақылап,зерттеу жүргізу-ді ұсыну).Алоэ өсімдігі бізге Аф-рикадан және Мадагаскар аралы-нан келген екен.Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас өсімдіктер көп кездеседі.Алоэ өсімдігінің жапы-рақтары сүйір,шырынды, қат-ты(ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар),қалың қабық-ты,шеттері өткір тікенді болып келеді.Негізінен құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін,жаздың күндері ашық жерде орна-ластырған жақсы. Қыста жарық жерде,ауа температурасы +10С деңгейінде болатын орында ұстау ға болады.Жаз уақытында алоэ-ның су сақтағыш ұлпалары ылғал-дылықты көп қажет етпейді.Сон-дықтан,әрбір суарудан соң топыр-ақтың кебуі(құрғауы)керек.Қыста салқын жерде тұратын болса,көп суарудың қажеті жоқ.

-Ал мына бөлме өсімдігі қалай аталады дедік?

-Аспидистра өсімдігі туралы кім не біледі?

Жаңа өздерің бақылау жасадыңдар.Енді маған осы гүл туралы айтып беріңдерші






Жарайсыңдар,балалар,бақылауды жақсы жасапсыңдар.Дегенмен де біз аспидистра өсімдігі туралы толық білмейтін сияқтымыз. Сон-дықтан гүлдер патшайымын ша - қырсақ қайтеді.Осы кезде үнтас-падан дауыс естіліп аспидистра өсімдігі туралы мағлұмат беріле -ді: «Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын(50см ),түсі қою жасыл,қа- бығы жылтыр болады.»

Жапырағының ұзындығына бола оны «Биік аспидистра»деп атай-ды.Үй жағдайында терезе алдын-да және үстел үстін көмкеруге қолданады.Аспидистра жарықты жақсы көреді,алакөлеңкеде де өсе береді.Қыста ауа температурасы 150с-тан төмен болмағаны дұр- ыс.Көктемнен күзге дейін топы-рағын құрғатпай,жиі суғару қа-жет.Қыста суғару азайтылады. Ауаның құрғақ болғанына аспи -дистра гүлі шыдамды келеді.

Сергіту сәті

Біз кішкентай балдырған

Сескенбейміз жаңбырдан

Төбемізде қолшатыр

Алдымызда жол жатыр


Балаларды екі орталыққа бөлу.

1. «Таным»орталығындағы балаларға «Ғажайып гүл» ойын-ының шартын түсіндіремін.Ойын шарты бойынша:

1) өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті заттардың суретін іріктеу,2)өсімдіктің өсу жолдарына қарай суреттерді ретімен қоюды тапсыру.


2. «Әлеуметтік »орталығындағы балаларға өсімдіктердің жапыра-ғын сүртіп,топырағын қопсытып, суғару тапсырылады.



Дәптермен жұмыс











-Гүл.



Балалар білетін болса,гүлдердің аттарын айтып береді.








-Алоэ,аспидистра.















Балалар гүлдерді ұстап,олардың жапырағы мен т.б.бөліктеріне мән беріп қарайды.
























Аспидистра

Аспидистра өсімдігінің жапырағы ұзын.Өздері топтасып өседі. Жапыр-ағы жасыл.Алоэның жа-пырағына қарағанда жұқа.Оның да тамыры бар.Ол тапырақтың астында жасырынып жатыр.


Балалар қарсы еместіктерін білдіріп,ұолдарын үш рет шапалақтап: «Гүлдер паишайымы бізге аспидистра өсімдігі туралы айтып беріңіз»-дейді


.
















Сөздерін қайталап қимылдар жасайды





«Таным»орталығындағы балалар бірінші өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті ауа,су,жарық, топырақтың суретін ір-іктейді.Екінші өсімдік-тің өсу жолдарына қар-ай суреттерді ретімен қояды.


Екінші «әлеуметтік»орталығын-дағы балалар бөлме өс-імдіктерінің жапырақ-тарын сүртіп,топырағын қопсытып,су құяды.


Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық

түзетушілік

Балалардан бүгінгі жиыннан ал-ған әсерлерін,көңіл күйлерін, немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрау.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді

Күтілетін нәтиже:

Біледі:өсімдіктердің құрылысын,олардың айырмашылығын көріп,айтып беруді,өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.

Игереді: алоэ,аспидистра өсімдіктерінің құрылысын,олардың айырмашылығын,өсімдіктердің өсуіне жарық,ылғал,ауа,қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігін

Меңгереді:бөлме өсімдіктерін күтіп баптауды,оларға қамқорлықпен қарауды,өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде ересектермен,құрдастарымен жағымды қарым қатынас орнатуды.



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Төлеубаева Айдана Байболқызы

Дата: 02.11.2016

Номер свидетельства: 354693


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства