Тосын сәт: Балалар біз қазір «Денсаулық еліне» саяхатқа шығамыз. Ол жерде тек дені сау адамдар мен түрлі аң құстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр екен.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
1 – аялдама.«Денсаулық» видеожазбасын тамашалау.
- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек, деніміз сау болады.
Әрдайым күліп жүруіміз керек. Сендердің күлкілерің әдемі болуы үшін тісті күтуге байланысты ережелерді мұқият орындауымыз керек.
Жеке жұмыс: Дияр адам бойындағы аурудан сақтайтын қасиет қалай аталады?
2 – аялдама. «Дәрумендер»
Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларың дамуы мен дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі.
Балаларға пайдалы және пайдасыз тағамдардың суреттері таратылады, балалар суреттерді екі себетке бөліп салады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
- Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? (Денсаулық)
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сіздер, қандай азамат болып өсулерің қажет? (Дені сау, ақылды, білімді, адал болып)
-Денсаулыққа пайдалы тамақтарға нелер жатады?
Ал, балалар, деніміз сау болу үшін, мықты болу үшін не істеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын т.б. жолын меңгердік деп ойлаймын.