Тақырыбы: Джунглиге саяхат Залға арқаларында дорба ұстаған балалар бір саппен кіреді. -Балалар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда өзгеше. Біз көзімізді жұмып, саяхатқа шығамыз. Әуен ойналады. Балалар көзін ашып, джунглиге келгенін біледі. -Балалар, біз джунглиге келіппіз! Джунглиде саяхат жасайық. Осы саяхат барысында өздеріңнің ептіліктеріңмен, білімді екендеріңді көрсетуге тырысыңдар. Саяхатшылар, сендерге ақ жол! Оңға бұрыл! -Қол белде, ақ сызықтың бойымен денені тік ұстап жүру. Балалар дорбаны толтырады. -Аяқтың ұшын көтеріп, қапты жоғары ұстау. -Бір сапта айналып жүру. Дорбаны ауаға толтыру. -Дорбаны жоғары көтеріп, бұрыштан-бұрышқа жүру. -Шашырап жүру. -Орындарына тұру. Ағашпен жалпы жетілдіруші жаттығулар. -Аяқ алшақ бастапқы қалыпта ағашты алға созып, кеудеге тақау. 2. Бастапқы қалыпқа келу -Аяқ бастапқы қалыпта «жоғары-төмен» 1. Ағашты жоғары көтеру. 2. Төмен түсіру. 3. Бастапқы қалыпқа келу «Керілу», жерге ішпен жату. Ағашты екі қолмен көтеріп, басты тік ұстау. «Арқамен жату» Қол жоғарыда, ағашты ұстайды. Жамбасты жерден көтеру. Бастапқы қалыпқа келу. «Секіру» ағашты жоғарыда ұстап, секіреді. Жүруге алмастырады. -Балалар ғажайып аралды тамашалайық! -Шеңбер құру. -Қыздар арал ішінде. -Ұлдар сыртында. 1 сапқа жиналу. -Балалар, сендерге бір жұмбақ жасырайын. Мекенім менің орман, Тағамым менің банан, Көрген бала қуанып, Өнеріме таң қалған! 1-тапсырма: Төрттағандап жүріп, отырып сандарды ретімен қой. Кері қайтарда гимнастикалық орындықтың үстімен жүру. 2-тапсырма: Маймыл секілді, гимнастикалық қабырғаға өрмелейік. Төбеге жеткен уақытта, келесі қабырғамен төмен түсейік. Қайтарда, гимнастикалық орындықтың үстімен жылжиық. 3-тапсырма: Доғаның астымен өтейік, қайтардыһа маймыл секілді құрасаудан секендеп, секіріп өту. 4-тапсырма: Дем алу, дем шығару жаттығуларын жасау. А) «А» дауысты дыбысты айтайық, маймыл секілді кеудемізді қағайық. Ә) Мұрынды қысу арқылы демді ұстау, демді шығару. Қимыл ойын. «Құйрық» -Балалар, біз балабақшымызға қайту үшін, сиқырлы кілемді құрастырайық. -Ұшамыз! Патриоттық бір айналым жүріс. Қоштасу |