kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Драма: "Түлкі мен қоян" мектеалды даярлық топ

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Тәрбиелік – воспитательная: толық сөйлеуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Кейіпкердің іс-əрекеті мен дауыс ырғағын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу.

3.Оқыту – обучающая: Ертегі барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауды қалыптастыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Драма: "Түлкі мен қоян" мектеалды даярлық топ»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Драма

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Жабайы жануарлар әлемі»

Тақырыбы/Тема: «Түлкі мен қоян» (конус театры)

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: толық сөйлеуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Кейіпкердің іс-əрекеті мен дауыс ырғағын сəйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу.

3.Оқыту – обучающая: Ертегі барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауды қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын технологиясы, жобалық қызмет технологиялары.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: үнтаспа, суреттер, конус театры, қарындаштар.

Көптілділік/Полиязичие: қоян – заяц - hare , түлкі – лиса – fox , жабайы жануарлар – дикие животные - wild animals


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Балалар, Айару бүгін бізді ғажайыптар əлеміне саяхат жасауға шақырады.

Көзімізді жұмып, тынышталайық. Көз алдымызға ғажайыптар əлеміндегі гүлдерге қонған көбелектерді, сайрап ұшқан құстарды, тауда жүрген аңдарды елестетейік. Ал енді көзімізді ашайық. Ғажайыптар əлеміндегі көріністі бірге тамашалайық.

- Балалар, мен көзімді жұмып, жортып жүрген коянды көрдім, сендер ше?

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

– Балалар, бір əуен естілген сияқты. Тыңдап көріңдерші. Ертегі ханшайымы билеп келеді.

– Сəлеметсіңдер ме, балалар, ғажайыптар əлеміне қош келдіңдер! Бұл жерде қызыққа толы ойындар мен ертегілер көп, тыңдағыларың келе ме?

Түлкі мен қоян (ертегіні тыңдау)

Бip күні болдырып келе жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көрді. Өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де, қасына шақырады.

- Қоянжан-ау, Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бipгe өскен, тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық, - депті.

Сонда Қоян: - Eкi құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім өзіңде тұр. Ciз етті жақсы көреді дейді жұрт. Сол рас па? – депті. - Рас болғанда қандай? Tiпті, ет жемесем басым ауырады. - Mінe, осыңыз жаман ғой. - Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық жеп едім, оған жаным ашып, жылап та жібердім. Өйткені ол да тipi жүргісі келеді ғой. О, шіркін тipшілік! – депті. Қоян: - Ciз оны өлтірмей тұрып, ойланып көрдіңіз бе? – депті. Сонда Түлкі: - Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, - дейді. - Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын, сондықтан да жортамын, - деп Қоян тұра жөнеліпті.- Ертегіде не туралы айтылды?

- Достар қандай болу керек?

- Түлкінің жасаған əрекеттері дұрыс па?

Жеке жұмыс: Самрат сен қоянның орнында болсаң, не істер едің?

Көптілділік: қоян – заяц - hare , түлкі – лиса – fox , жабайы жануарлар – дикие животные - wild animals

Сергіту сәті: «Көңілді қояндар».

Қояным, жүрші,

Ұйқыңнан тұршы,

Беті-қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Айналаңа қарашы,

Бір баланы таңдашы.

Балалар енді көзімізді жұмайық, 1,2,3 тобымызға қайтайық.

Балалар, мен сендерді ғажайыптар əлеміндегі «Түлкі мен қоян» ертегісін конус театры арқылы сахналауға шақырамын.

Тапсырма - 1: Суретте «Түлкі мен қоян» ертегісінің қай кезеңі бейнеленген? Түлкі мен қоянның көңіл күйін ым-ишара арқылы көрсет. Осы үзіндіні жұбыңмен ойнап беріңдер.

Тапсырма – 2: Суретке қара. Көңілді қоянды – жасылмен, көңілсіз қоянды – қызылмен, қорқақ қоянды – сары қарындашпен қорша.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біздің ғажайыптар әлеміне саяхатымыз ұнады ма?

Қандай ертегімен таныстық?

Ертегінің мазмұнын сұрау.

Балаларды мадақтау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Драма: "Түлкі мен қоян" мектеалды даярлық топ

Автор: Темірбай Қымбат Сәбитбекқызы

Дата: 11.10.2019

Номер свидетельства: 522342


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства