kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Достар мені? ма?танышым

Нажмите, чтобы узнать подробности

«ДОСТАР МЕНІ? МА?ТАНЫШЫМ»

 

(МДМ даярлы? топтарына арнал?ан ?зін-?зі тану п?нінен ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті)

 

Ма?саты:         Досты? туралы білімдерін бекіту.

                           ?зара сыйласты? ?арым-?атынасын дамыту.

                           Бір-бірімен тату, дос болу?а т?рбиелеу.

Шатты? ше?бері

Т?рбиеші балаларды ше?берге ша?ырып, «Досты?» ?нін орындауды ?сынады:

 

«Досты?» ?ні

Орта? мекен жер шары,

Т?бемізде бір аспан.

Барлы? ?лтты? баласы,

Досты?ымыз жарас?ан.

 

Орта? бізге бір Отан,

Орта? жерді? байлы?ы,.

Е?бек орта?,жер орта?,

Орта? бізге барлы?ы.

 

Туыспыз біз б?ріміз,

Бір отанды с?йеміз.

Ба?ытты елде ту?ан со?,

Ба?ытты ?мір с?реміз.

(Балалар хормен ?нді орындап шы?ады)

?зіммен-?зім

Т?рбиеші: балалар, ы??айланып отырып, ?уенге ??ла? салып, к?з алдары?а ?з достары?ды, олармен ?ткен ?ызы?ты с?ттерді елестеті?дер.

  • Ал енді к?здері?ді ашып, ?з ойларымызбен б?лісейік.
  • ?з достары?ды к?з алдары?а ?алай елестетесі?дер?
  • ?зімізге досты ?алай табамыз? (балалар ?з достары туралы ??гімелейді, пікірлерін, жатта?ан та?па?тарын айтады)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Достар мені? ма?танышым »

«ДОСТАР МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ»


(МДМ даярлық топтарына арналған өзін-өзі тану пәнінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)


Мақсаты: Достық туралы білімдерін бекіту.

Өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту.

Бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырып, «Достық» әнін орындауды ұсынады:


«Достық» әні

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.


Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы,.

Еңбек ортақ,жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


Туыспыз біз бәріміз,

Бір отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

(Балалар хормен әнді орындап шығады)

Өзіммен-өзім

Тәрбиеші: балалар, ыңғайланып отырып, әуенге құлақ салып, көз алдарыңа өз достарыңды, олармен өткен қызықты сәттерді елестетіңдер.

  • Ал енді көздеріңді ашып, өз ойларымызбен бөлісейік.

  • Өз достарыңды көз алдарыңа қалай елестетесіңдер?

  • Өзімізге досты қалай табамыз? (балалар өз достары туралы әңгімелейді, пікірлерін, жаттаған тақпақтарын айтады)

Нұрсая: Досыңның көзінде болғанша, көңілінде бол.

Айым: Жолдасы көптің қолдасы көп.

Темірлан: «Дос бәрінен де қымбат». Дос қиналғанда қол ұшын беретін, бір-бірінің жанынан табылатын адамдар.

Нұрасыл:

Жүректен шыққан жылы сөз,

Жүрекке барып жетеді.

Жылы сөзден дос жүрегі,

Мейірімге толып кетеді.

Фатима:

Екі деген – екі дос,

Бірін-бірі қимайтын.

Артық кемді етпей сөз,

Бірін-бірі сыйлайтын.

Сабина:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашан да біргеміз!

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

Ақерке:

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Жалғас:

Досыңа бол адал жан,

Бірдей бөліс сынақты.

Бір нүктеге қадалған,

Екі көзің сияқты.

Адинура:

Достар тату-тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз.

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз.

Рамина:

Достыққа толы жүректер,

Орындала берсін тілектер.

Достық оты жалынды,

Жылытсын бәрің бәріңді.

Асыл:

Дос сыртынан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар.

Адина:

Досы жоқ адам тамыры жоқ терекпен тең.

Тәрбиеші: Балалар, енді біз «Балдырған нағыз жолдас» туралы саханалық көріністі тамашалайық.

Саханалап көрсетеді.

(Автор) Нұрасыл:

Соңғы сабақ болатын. Еркежан қолын көтерді.

(Мұғалім) Ақерке:

Иә, не дейсің?

Дария: Әділет ауырып отыр.

Мұғалім: Шынында өнің бозарып кетіпті ғой.Үйіңе қайта ғой.

(Автор) Нұрасыл:

Әділет орнынан сылбыр көтеріліп сыртқа беттеді.

Қозғалысы ауыр,жүрісі баяу,әрең жүріп барады.

Мұғалім: Әділетті үйіне кім жеткізіп салады?

(Автор) Нұрасыл:

Мұғалім оқушыларға барлай көз жүгіртті. Балаларда үн жоқ.

Мұғалім: -Темірлан сен қалай қарайсың?

Темірлан:

Мен атамның үйіне барушы едім, ол кісінің үйі қаланың шетінде.

(Автор) Нұрасыл:

«Рұқсат етсеңіз мен апарайын»-деді.

Аяжан: - Сенің үйің қаланың аржақ шетінде емес пе, қайтарда қорықпайсың ба?

(Автор) Нұрасыл:

Аяжан оған:

Темірлан: «Сонда қалай үйіміз қаланы шетінде деп, жолдасымызды жолда қалдырамыз ба?»

Мұғалім: рұқсат.

(Автор) Нұрасыл:

Темірлан жүгіре жөнелді.

Мұғалім оның соңынан сүйсіне қарап тұрды.

(Балалар көрініс бойынша өз ойларын айтады).

Шығармашылық іс-әрекет

Тәрбиеші: ал енді балалар, өз достарыңа арнап, сыйлық ретінде әдемі сурет саламыз. (Балалар өз еріктерімен сурет салады)

Жүректен- жүрекке

Тәрбиеші: балалар салған сыйлық суреттеріңді алып, шеңбер бойына тұра қалыңдар. Өз достарыңа жылы лебіздеріңді білдіре отырып, сыйлықтарыңды тарту етіңдер.

- Біз доспыз, себебі бір-бірімізге көмектесеміз, сондықтан мына сыйымды қабыл ал.

-Біз доспыз, себебі әдепті баламыз...

-Біз доспыз, себебі ақылды баламыз....

-Біз доспыз, себебі біз тілалғыш баламыз...

-Біз доспыз, себебі біз ұқыпты баламыз....

-Біз доспыз, себебі бір-бірімізді ренжітпейміз....

-Біз доспыз, себебі бір-бірімізбен қуанышымызды бөлісеміз.... (осындай ретпен жалғасып, баллар өз достықтарын білдіреді)

Қорытындылау тәрбиешінің «Дос қандай болу керек?» деген сұрағы арқылы балалардың жауабы тыңдалды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Достар мені? ма?танышым

Автор: Ескенева Дидар Ануарбековна

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170296


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства