kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дос іздеген бота"ертегісі (жаңа түрі)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл ертегінің мән - мағынасы өте зор. Достық, бейбітшілікті ту еткен Қазақстан Республикамызда қаншама ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың бар мақсат - арманы бейбіт, тыныш, бақытты өмір. Сондықтан мен бұл халық ертегісінің кейіпкерлерін әр түрлі ұлттармен сабақтастырып, барлық ұлттардың бір отбасыдай тату - тәтті өмір сүретінін, болашағымыз тек қана бейбітшілік пен келісім екендігін, олар болса адамзаттың ең басты құндылығы екендігін көрсеткім келді.
Мақсаты: Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дос іздеген бота"ертегісі (жаңа түрі)»

"Дос іздеген бота"ертегісі (жаңа түрі)


«Дос іздеген бота»
«Әдістемелік әзірлеме»
Аннотация
Бұл ертегінің мән - мағынасы өте зор. Достық, бейбітшілікті ту еткен Қазақстан Республикамызда қаншама ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың бар мақсат - арманы бейбіт, тыныш, бақытты өмір. Сондықтан мен бұл халық ертегісінің кейіпкерлерін әр түрлі ұлттармен сабақтастырып, барлық ұлттардың бір отбасыдай тату - тәтті өмір сүретінін, болашағымыз тек қана бейбітшілік пен келісім екендігін, олар болса адамзаттың ең басты құндылығы екендігін көрсеткім келді.
Мақсаты: Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Ертегінің кейіпкерлері:
Автор – Қазақ тілі мұғалімі
1. Түйе - Вика
2. Бота - Расул
3. Лақ - Лиза
4. Қозы - Рината
5. Күшік - Артур
6. Мысық - Сабина
7. Әтеш - Данил Л.
8. Балапан - Денис
9. Бұзау - Данил Д
10. Ара - Данил

Автор: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.
(Түйе ботасымен Қазақстан картасының қасында тұрады)

Түйе: Түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі,
Жан - жағыма қараймын,
күн мен түнді санаймын

Автор: Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өсіпті. Бір күні анасы.

Түйе: Боташым, сен Қазақстанда тұрасың, сенің ұлтың қазақ. Қазақстан біздің Отанымыз. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.
(бота басын изеп тұрады)

Автор: Бота ойланып, ойланып өзі сияқты, өзіне ұқсайтын дос іздеп шығады.
Бота: Бота, бота, ботамын
Бота атты қазақпын
Ақылдымын өзім,
Тостағандай көзім.

Автор: Жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді (қозы мен лақ гүл жинап жүреді, қозы мен лақтың ұлты қырғыз екен, қолдарында Қырғызстанның туы бар)

Бота: Бөөөөө Бота, бота, ботамын
Бота атты қазақпын.
Ақылдымын өзім.
Тостағандай көзім.
Мен дос іздеп жүрмін.

Қозы: Мәәәәәәә
Мен қошақан қозымын
Мо - мақанның өзімін
Менің ұлтым қырғыз.
Лақ: Мәәәәә, Мен лақпын, қандаймын,
Аппақ болған таңдайым.
Менің де ұлтым қырғыз.
Кел бәріміз дос болайық (айналып секіреді)

Бота: Жо - жоқ, сендер сияқты емес.
Автор: Дейді де кетіп қалады, алдынан күшік кездеседі.
( Күшіктің қолында Грузияның туы бар)

Бота: Бөөөөө Бота, бота, ботамын
Бота атты қазақпын.
Ақылдымын өзім.
Тостағандай көзім.
Мен дос іздеп жүрмін.

Күшік: Гаф - гаф,
Мен күшікпін саққұлақ
Үй күзетем шапқылып
Дыбыс шықса маңайдан
Гаф - гаф деймін қаттырақ
Менің ұлтым грузин.
Кел екеуміз дос болайық(айналып секіреді)

Бота: Жо - жоқ, сен сияқты емес
(Дейді де кетіп қалады, алдынан мысық кездеседі, қолында Өзбекістанның туы бар)

Мысық: Мяу - мяу
Мен кәдімгі мысықпын
Өзім тым пысықпын.
Бәріменен дос болып,
пырылдаған пысықпын.
Пыр, пыр менің ұлтым өзбек.
Кел екеуміз дос болайық (айналып секіреді)

Бота: Жо - жоқ, сен сяқты дос емес

Автор: келе жатса, алдынан Әтеш кездеседі, әтештің ұлты орыс екен, қолында Ресейдің туы бар.

Бота: Бөөөөө Бота, бота, ботамын
Бота атты қазақпын.
Ақылдымын өзім.
Тостағандай көзім.
Мен дос іздеп жүрмін.

Әтеш: Ку - ка - ре - ку
Бұрап қойған сағаттай
Айқайлаймын таң атпай
Таңмен ерте тұрамын
Бәріңді оятамын ку - ка - ре - ку!
Ал, менің ұлтым орыс.
Кел, екеуміз дос болайық(айналып секіреді)

Бота: Жо - жоқ, сен сяқты дос емес
(бота балапанға келеді)

Бота: Бөөөөө Бота, бота, ботамын
Бота атты қазақпын.
Ақылдымын өзім.
Тостағандай көзім.
Мен дос іздеп жүрмін.

Балапан: Пи - пи - пи
Мен әдемі балапан
Ұлтым менің неміс
Біліп қой сен, ботақан
Достарым бар менің көп,
Кел, екеуміз дос болайық
Жем шоқиық, бір ойнайық(айналып секіреді)

Бота: Жо - жоқ, сен сяқты дос емес
(Бота бұзауға келеді)

Бота: Бөөөөө Бота, бота, ботамын
Бота атты қазақпын.
Ақылдымын өзім.
Тостағандай көзім.
Мен дос іздеп жүрмін.

Бұзау: Әлі - ақ өсіп толамын
Дәу тайынша боламын.
Сүт емуді қоямын,
Балаусаға тоямын.
Мен бұзауқан боламын.
Ұлтым тәжік болады.
Кел, екеуміз дос болайық(айналып секіреді)

Бота: Жо - жоқ, сен сяқты дос емес
(Бота араға келеді. Ара Украин екен, ол ызылдап гүлдерге қонып жүреді)

Бота: Бөөөөө Бота, бота, ботамын
Бота атты қазақпын.
Ақылдымын өзім.
Тостағандай көзім.
Мен дос іздеп жүрмін.

Ара: Зззззз, Ұшып келсем қасыңа,
Менен сен шошыма
Сен тимесең тимеймін
қастығым жоқ, досыма з - з - з.
Менің ұлтым украин
Кел, екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық (айналып секіреді)

Бота: Жо - жоқ, сен сяқты дос емес.

Автор: Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.

Түйе: - Дос таптың ба, ботам?

Бота: - Жоқ анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Мен қырғыз, грузин, өзбек, орыс, неміс, тәжікті кездестім, бірақ тура мен сияқты қазақ ешкім жоқ екен.

Түйе: - Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек. Ұлт бірлігі - ел байлығы, ботам!

Бота: Алақай!
Автор: Бота қуанып, адал достары қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, балапанды, бұзауды ертіп келеді.
Бәрі бірге:
Бейбітшілік әніміз.
Тату доспыз бәріміз
Жарасады сәніміз!
Қазақстан Отанымыз!

Қорытындылау:
Тақтада Қазақстан Республикасының картасы ілінеді.
Автор: Балалар, болашақта Отанымыздың қандай болғанын қалайсыңдар?
Балалар бұл сұраққа картаға әр түрлі суреттер ілу арқылы жауап береді.
1. Лиза мен Рината:
Отанымыз гүлденсін - гүлдің суретін іледі
2. Данил Л.:
Астық мол болсың – бидайдың суретін іледі
3. Вика:
Жерімізде бейбітшілік болсын – көгершіннің суретін іледі
4. Денис:
Отанымды сүйемін – жүректің суретін іледі.
5. Артур:
Балалар ауырмасын -
6. Данил Д.:
Аспанымыз ашық болсын – күннің суретін іледі.
7. Данил:
Көк туымыз желбірей берсін – тудың суретін іліп қояды.
8. Сабина:
- Балаларымыздың тілегі қабыл болсын! Олай болса құрметті қонақтар, ырымдап балаларымыздың қолындағы бейбіт ұшақтарын көк аспанға ұшыруға руқсат етіңіздер.

"Дос болайық бәріміз" әні орындалады
Дос болайық, бәріміз.
Сөзін жазған Х. Талғаров. Әнін жазған И. Нүсіпбаев.
1. Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер.
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз.
2. Қайраттанып қарышта
Озып шыққан жарыста.
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Қайырмасы.


Ілмек сөздер: ертегі, дос іздеген бота, достық, балабақша, ертегіні сахналау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Дос іздеген бота"ертегісі (жаңа түрі)

Автор: Байюсупова Пану Битиковна

Дата: 02.05.2017

Номер свидетельства: 412735


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства