Өткен ұ.о.і.ә-н қайталау. Өткен ұ.о.і.ә-з Байланыс құралдары жайлы айтылған. Телефон, факс, хат және компьютер де байланыс құралына жатады. Әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі. Тақтаға қарап Мамандық-профессия-profession Кәне буынға бөлейік: Ма-ман-дық-тар 4 буын. Ал мамандықтар дегеніміз не, қалай түсіндіресіңдер? Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген, өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар, ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар, киімдеріңді тігіп беретін адамдар бар, бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмділеп тамақ пісіретін адамдар бар. Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз. Мамандық дегеніміз-адамның еңбек қызметінің түрі. Ал балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер. Дұрыс айтасындар. Кәзір мен сендерге мамандық жайлы жұмбақтар айтам, ал сендер соны шешіңдер келістік пе? Жұмбақ: 1.1.Тәп тәтті тамағы, астардың маманы. 2.Слайд арқылы аспазды көрсету. 3.Сиқырлы қорабшадағы теңгені тапқан бала слайд арқылы аспазға әңгіме құрастырады. 1.2. Қолында қайшы-тарағы, тәртіпке шашты салады. 2. Слайд арқылы шаштаразды көрсету. 3. Сиқырлы қорабшадағы теңгені тапқан бала слайд арқылы шаштаразға әңгіме құрастырады. 1.3. Қай жеріңіз ауырып тұр, қазір ыстығыңызды өлшейін. 2. Слайд арқылы дәрігерді көрсету. 3. Сиқырлы қорабшадағы теңгені тапқан бала слайд арқылы дәрігерге әңгіме құрастырады. 1.4. Отырыңыз қай жерге апарайын 2. Слайд арқылы жүргізушіні көрсету. 3. Сиқырлы қорабшадағы теңгені тапқан бала слайд арқылы жүргізушіге әңгіме құрастырады. Балалар қандай мамандық иесі болсын, ол адамның еңбегін бағалау керек. Сол еңбекке балалар ақша төленеді. Ал мына 100 теңге сол еңбекке келген теңге. Мысалы сендердің де ата-аналарың еңбек етеді. Сол мамандық иесі болғандықтан еңбек еткендіктен, еңбегіне қарай ақша төленеді. Бұның бәрі еңбекпен келеді. Кім айтады кімнің ата-анасы қандай мамандық иесі. Ал маған кім еңбек туралы мақал-мәтел айтады. Сергіту сәті: Желкілдеген желменен, Жел егінді тербеген. Өсірді оны дихандар, Тамшылаған терменен. Д/о. Ғажайып дорба. Ойынның шарты: әр топтан шығып дорбаның ішіндегі бір заттан алады. Сол затқа байланысты тапсырманы уақытқа орындайды. Ал енді балалар бүгінгі ұ.о.і.ә. мамандық жайлы айттық. Қандай мамандықтарды білдік. Балаларды,яғни топты бағалау. Балаларды мақтап мадақтау. Ал сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді. Әр баладан сұрау. Армандарың орындалсын. Мен сендерге ақ жол тілеймін. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан. Сау болыңыздар! До свиданья! Good bye! |