Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік- дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдеп- ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, бата жасау рәсімі түрлерін меңгерте отырып, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылатын киіз үй, дастархан, түрлі ұлттық тағамдар, қол орамал, құмған, көрпешелер, жұлдызшалар, желілі суреттер көрнекілікке пайданылады. сайыс сабақ, ойындар, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдері қолданылып, бата, иманды, әдеп сөздері сөздік жұмысқа алынады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ертеңгілік шеңбер.
Армысың, қайырымды аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы Алтын-күнім!
Армысың, балабақша, дос-жараным!
Армысың, еңселі елім менің!
Армысың, бақ-дәулетті жерім менің!
Армысың, асқар ата, асыл әже!
Армысың, қамсқор әке, қамқор ана!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Әдеттен озбайық»»
МҚКК «Айналайын» балабақшасы
Тақырыбы: «Әдеттен озбайық»
Ересек тобы
Тәрбиеші: Балтабаева М.Н.
Аққу ауылы, 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Әдеттен озбайық
Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік- дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдеп- ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, бата жасау рәсімі түрлерін меңгерте отырып, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылатын киіз үй, дастархан, түрлі ұлттық тағамдар, қол орамал, құмған, көрпешелер, жұлдызшалар, желілі суреттер көрнекілікке пайданылады. сайыс сабақ, ойындар, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдері қолданылып, бата, иманды, әдеп сөздері сөздік жұмысқа алынады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ертеңгілік шеңбер.
Армысың, қайырымды аспан ата!
Армысың, мейірімді Жер-ана!
Армысың, шұғылалы Алтын-күнім!
Армысың, балабақша, дос-жараным!
Армысың, еңселі елім менің!
Армысың, бақ-дәулетті жерім менің!
Армысың, асқар ата, асыл әже!
Армысың, қамсқор әке, қамқор ана!
Балалар «Асық ату» ұлттық ойының ойнаған сәтте олардың өнерін тамашалауға ата мен әже қонаққа келеді. Тәрбиеші балалардың назарын қарттарға аударады.
Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа атамыз бен әжеміз келді,
оларға жол берейік, әрі амандасайық,- дейді тәрбиеші.
Балалар (атаға қарап) : - Ассалаумағалейкум, - деп қол береді.
Балалар (бәрі): - Амансыз ба, (апа) әже,- деп амандасады. Көрпеше төсеп, төрден орын ұсынады.
Ата, әже: Көп жасаңдар, рахмет қарақтарым, өркендерің өссін- деп ризалықтарын білдіреді.
Тәрбиеші: Балалар ата мен әжеге біз қандай бала екенімізді айтып берейік, қанеки кім бастайды.
1-бала: Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрдім.
2-бала: Алдын үлкен кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Жөніменен кішілік
Әдеппен қол берем.
3-бала: Сәлем берсін иіліп,
Сәлеміме сүйініп,
Атам жақсы көреді,
Ақ батасын береді.
Ата мен әже: Көп жасаңдар, өренім, қандай әдепті, инабатты балаларсыңдар! Енді біздің сендерге арналған сәлем-сауқаттарымызбен бірге өздеріңе қоятын сұрақтарымыз да бар еді, сендердің білімдеріңді де тексеріп көргіміз келіп отыр, сол сұрақтарымызға жауап беріп көріңдерші?!
Тәрбиеші: - Балалар біз ата мен әженің сұрақтарына екі топқа бөлініп жарысып жауап берсек, осыған келісесіңдер ме?
Содан кейін балалар 1- топ «Күнім», 2-топ «Айым» болып екі топқа бөлініп отырады, топ жетекшілері сайланады.
Қоржын ішінде түрлі-түстіге боялған, сандармен белгіленген 1,2,3,4,5... асықтар болады. Екі топтың топ жетекшілері кезек-кезек шығып, қоржыннан сұрақ- асық алады., балалар оның түсін, ондағы сандық таңбаны атайды. Содан кейін тәрбиеші, сұрақты оқып балалардан жауабын сұрайды.
1-сұрақ:Әдептілік, имандылық жайлы мақал-мәтел айт.
1. Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.
2. Әдепті бала- арлы бала.
3. Кішіге –ізет, үлкенге –құрмет.
4. Балапан ұядан ұшқанда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
5. Келгенше қонақ ұялады, келген соң
үй иесі ұялады.
6. Жақсы бала жол сілтейді,
Жаман бала қол сілтейді.
2-сұрақ: «Үлкендер алдында әдеп сақтау»
- Үлкенге бірінші болып сәлем беру керек.
- Үлкендердің жолын кесіп өтпейді.
- Жатқан кісінің үстінен аттауға болмайды.
Бой сергіту жаттығулары:
Асыл сөздің атасы
Ақын болар ұрпақпыз.
Өнер-білім, еңбекке-
Жақын болар ұрпақпыз.
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы толған күш,
Батыр болар ұрпақпыз.
Дидактикалық ойын «Тыйым сөздер»
Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап, оралған жіпті тарқата, бір-біріне береді.
Ойынның мақсаты: Жіпті тарқатып ұстаған бала бір тыйым сөз айтуы керек.
Ешқашан айтар сөзді бос айтпа, кісіге саусағыңды шошайтпа.
Кесек атып қақпаға, шаңырақты даттама. Көрінем деп биіктеу,
табалдырықты- таптама.
Осылай тыйымдар айтылып, шеңбер жіппен бекітіледі. Тәрбиеші балаларға осы шеңбердей болып бірлігіміз жазылмасын деп тілекайтып ойынды аяқтады.Тәрбиеші жаңа сабақта балалардан не түсінді. Үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету. Мақал- мәтелдер, жұмбақтар тыйым сөздер.