kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Детсад "Жазира"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мақсатым: балаларға үлгілі тәрбие беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Детсад "Жазира"»


Келісілді: Бекітемін:

Әдіскер: Амангелдиева Ж Меңгеруші Жалғасбаева К


Қош келдің Наурыз!

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Мақсаты:  Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін   қалыптастыру.
Жүргізуші: Армысыздар  құрметті  қонақтар. Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Бүгінгі «Өркен» тобының бүлдіршіндері дайындаған «Қош келдің, Әз – Наурыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Балалар: Бағлан, Айзере, Салтанат, Айымжан

Әже, әже, бүгін бізге қандай әңгіме айтып бересіз?

Әже: Наурыз туралы әңгіме айтып береді.


Жүргізуші:

Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңа жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біздің бақытты балалар.


Балалар: Ассалаумағалейкум
                Ұлыс оң болсын
                Ақ мол болсын!
Уағалейкумссалам
             Ұлыс оң болсын
              Пәле – жала жерге енсін!

Жүргізуші:

Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат
Әр жүректен әр тарап
Шаттанады шартарап,- деп балабақша меңгерушісі Жалғасбаева Күлшат Жақсығұлқызына беріледі.

Индира

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!


Ата - ана

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).

  • Балалар Наурыз мерекесінің қалай тойланады?


Муслим: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

Айзере: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

Дәметкен: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

Бағлан: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

Ұлболсын: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата:

Армысыздар халайық.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жүргізуші:

Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.

Қыдыр ата бата береді.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар  көрікті,
Ғұмырың  болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар  жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.

Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!

Ұлыстың ұлы күніне арналған балалардың жыр – шумақтарына кезек берейік.

Нұрмұрат, Аяла, Бағлан

Нұрмұрат

Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын


Аяла

Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.


Бағлан

Елім менен жеріме,

Ырысын шашқан Наурыз.

Күлімдеген көктемге,

Шуағын шашқан наурыз.

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа,

Молшылық әкелсін наурыз.

«Өркен» тобының биші ұлдарының орындауында «Жігіттер» биі. Қол соғып қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата бабаларымыздың сөзімен, айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.

Наурыз қыз ортаға келеді.

Наурыз: Армысыздар халайық
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын.
Көктемнің әрбір ақ таңы
Қуанышпен, ашылсын.


Сәлеметсіз бе Наурыз! Кел төрлетіңіз. Балалардың сізге арнаған өнерлері бар. Балалардың өнерін тамашалыңыз. Жыр – шумақтарын айтуға Дәметкен, Ұлболсын , Мансур, Айғаным

Дәметкен

Қош келіпсің Наурыз!
 Арман  тойы халықтың.
 Қуанышы халықтың,
 Құтты болсын қадамың

Ұлболсын:

Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын


Әбілмансұр:

Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі


Айғаным

Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Ендігі кезекте Ару қыздарымыздың Гүлдер биін тамашалаңыздар.

Би : Гүлдер биі

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21 - 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.

Көрініс. (Күн мен түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.


 Жүргізуші

Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!

Ән: Наурыз тойы

Әжелер көрінісі

Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын! – деп ортаға Салтанат, Айымжан, Жанболат, Айзере

Салтанат

Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.


Айымжан

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!



Жанболат

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.


Айзере

Наурыз айы келгенде,

Күн шуағы шашылып.

Жылғалардан су ағып,

Ақ әжелер құлпырып.

Наурыз көже пісіріп,

Қонақтарға тартамыз.

Мың бұралған биші қыздарымыздың «Қамажай» биін тамашалаңыздар.

Ендігі кезекті қыз бен жігіт айтысына берейік. Нұрмұрат пен Индара бүлдіршіндеріміздің айтысын тамашалаңыздар

Айтыс:

Ау халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық ей -ей


Қош келіпсің

Бүгінгі наурыз тойына

Аружан қызы мен болам

Өнерді мына бойыма

Бүгінгі айтыс алаңы

Екеумізге арналған

Жалғастыршы Нұрмұрат

Айтыс уақыты санаулы ей – ей


Меніменен айтысар

Батылдығын бар екен

Таныстырсам өзімді

Нұрмұрат ақын мен болам ей – ей

Аружан сұлу қыз
Қандай  күшті бұрымың
Қасыңдағы қыздардың
Ішіндегі сұлу қыз


Мені мақтап не істейсің
Білем өзім сұлумын
Дайынсың ба  мектепке
Соны айтып білдіргің.


Білім, ғылым өнерге
Қанат қағар кезім ғой
Ата – салтын ертеңге

Жеткізетін өзім – ғой


Ой жігітім арманшыл
Орындалсың арманың
 Жұмыртқаны қақ жарып
Пілге ұқсап жатырсың.

Көріп тұрсың сұлуым
 Жігіт деген атым бар
 Болашақта халқыма
 Президент болу арманым
 

Әнде айта аламын
Биде билей аламын
Өзім бала болсамда
Таудай үлкен талабым.

Бірге:           Еркем , еркем еркем- ай
                      Еркелеген ертең – ай
                     Бүгін болған мереке
                     Болсын тағы ертең ай.

Балалар, бізге қонаққа Алдар көсе келіп қалыпты. Алдар көсені қарсы алайық.

Алдар көсе:

Мен Алдармын, Алдармын,

Сақылымды талдармын,

Сақал түгел, мұртта жоқ,

Шайтандыда алдадым.

Ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға 3  ұлдарымызды шақырайық.

Ойын: Асық ату.


Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!


Салт – дәстүрдің бірі – бесікке салу. Бесікке салу дәстүрі:

  • Асемай әже қасында Айғаным келін: Армысыңдар әже!

  • Аяла келін, Динара келін, Саяжан әже Аманбысың әже!

  • Асемай мен Айғаным: Сәбидің бауы берік болсын

  • Аяла, Динара: Рахмет төрлетіңіздер

  • Саяжан :Баланы бесікке салайық

Баланы алғашқы рет ұрпақ өсірген қадірменді апаға тапсырылатын ырымы бар. Ендеше Асемай апа сіз көпті көрген, ұлың ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді апасың. Бесікке сіз салыңыз мына қыз – келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.

  • Асемай: Рахмет. Кәне бесікті әкеліңдер. Бесік дүниеге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы. Мұны ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы. Мұны біліп жүргендерің абзал.

  • Келіндер: Апа мына бесік тесік қой.

  • Асемай: Бұл әдейі жасалған тесік. Бұл – тесік- балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды. Кәне шыштыма жасайық. Тыштыма ырымы баланың ішкі ағзалары ауырмасын дегенді білдіреді. Тыштыма бесіктің тесігіне тыштыма деп дәмді тағамдар өткізіп алып балаларға бөліп береді. Ал тыштыма жасайық

  • Асымай: Тыштыма, тыштыма

  • Аяла:Тышты, тышты

  • Асемай: Тыштыма алыңыздар

  • Асемай: Тыштыма, тыштыма

  • Динара:Тышты, тышты

  • Асемай: Тыштыма алыңыздар

  • Асемай: Тыштыма, тыштыма

  • Айғаным: Тышты, тышты

  • Асемай: Тыштыма алыңыздар.

Асемай: Енді отқа табыну ырымдары бар. От жағып, пәле – жәледен аластайды. Аластап болғаннан кейін нәрестені бесікке бөлейді. Мынау бесіктің жабдықтары.

  • Асемай: Кәне баланы бере ғой. Баланы бесікке салып бөлейді. Баланың ұйқысын тыныш болсын.

  • Саяжан: Ал мынау сенің немерелеріңе сый болсын.

  • Саяжан: Ал қызым бесік жырыңды айтып сәбиіңді ұйықтата ғой.

  • Аяла: Бесік жырын айту.

  • Аяла: Рахмет сіздерге, бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.

  • Саяжан: Біз сендерге көп нәрсе үйретеміз, ал сендер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар. Сонда ата – бабамыздан қалған қазақтың әдеп – ғұрпы, мәдениеті, тілі өлмейді.

  • Асемай: Немереңізге бата беріңіз.

Саяжан:

Баламыз сүйкімді болсын

Өнер, білімге икемді болсын

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрең өршіп өркенді болсын

Жақсы жолды таңдасын

Жамандықтан тәлім алмасын

Аумин


Жүргізуші: Наурыз мерекесіне арналған жыр – шумақтарын Муслим, Саяжан, Мұхаммеджан, Асемай бүлдіршіндерміз ортаға шақырамыз.


Муслим

Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда  бұлбұлымыз сайрайды.


Саяжан

Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген

Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.


Мұхаммеджан

Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!


Асемай

Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке

 Қызық думан құрамыз.


Балаларымыз салт дәстүрдің бесікке салу дәстүрін орындап берді. Ендеше ата – аналарымыз бізге қандай салт – дәстүр орындап бермекші. Ата – аналар тұсау кесу дәстүрін көрсетеді


Жүргізуші:  Ал енді ағайын бойымызды бір серігітіп алайық. Қазақтың ұлттық ойындарымен ойнайық. Ортаға 6 ер азаматты  шақырмыз.

Ойын: Арқан тарту


Кәусар, Бекзат, Динара, ортаға жыр – шумағын айтуға шақырамыз.

Кәусар

Күреп алтын күрекпен,
 Қарды еріткен Наурыз!
 Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.


Бекзат

Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы


Динара

Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!


Тәрбиеші: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас - кәріміз,
Ән салайық бәріміз


Ән. «Наурыз келді Алақай»


Барлықтарыңызды  Наурыз  дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.


Наурыз құтты болсын!
                      Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош ,сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенші күн жарық болсын!

Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Детсад "Жазира"

Автор: Кенжеева Кунсулу Есбергеновна

Дата: 09.06.2017

Номер свидетельства: 421227


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства