Просмотр содержимого документа
«Дене шынықтырудан "Еңбектеу тәсілдері" атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі»
КМҚК «Балерке» балабақшасы «Күншуақ» І ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдер: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Еңбектеу тәсілдері
Мақсаты: Балаларға доғаның астынан еңбектеу және допты ұстап алуға үйрету. Жаттығуларды дұрыс орындауға дағдыландыру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады: Сап – тізбекке тұру.
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбер
Біз спортты сүйеміз,
Айтқанды ойға түйеміз.
Шынығуда денеміз,
Сүйікті дос, физкульт Ура!
Педагогты мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.
Ұйымдастырушы - ізденуші
- Балалар, кәне жан – жағымызға қарайықшы. Біз қайда келдік?
-Біздің тобымыз қалай аталады?
Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Бүгін біздің сабағымыз қызықты, сиқырлы болмақ.Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмайық.
1,2,3 – ертегі әлеміндеміз біз.
Ой, балалар қараңдаршы. Орманда бір үй тұрған секілді. Ал бұл үйде бір апа тұрады екен.
Апа: -Балалар, сәлеметсіңдер ме? Балалар білесіңдер ме, мен бүгін бауырсақ пісіріп, оны суытуға терезенің алдына қойған болатынмын. Ал ол болса қашып кетті. Енді оны түлкі жеп қояды ғой. Ой – ой- ой, сендер оны маған тауып беруге көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: - Ал, балалар орманның ішінен баурсақты тауып береміз бе?
- Уайымдама апа, біз саған бауырсақты тауып береміз. Ал сіз бізді осы жерде тосып отырыңыз. Кәне, балалар баурсақты іздеуге жолға шығайық.
1,2,3 – біз жинаймыз күш
Баурсақты бәріміз
Іздеп тауып аламыз.
Қолымызды биікке созамыз
Біз үлкен боламыз.
- Топқа.
-«Айшуақ» тобы
- Ия.
Балалар жан жақтарына қарайды.
-Ия.
Рефлексивті – түзетуші
Педагогтің қалауымен бір қимыл – қозғалысы аз ойын ойнатылады.
Ойынға жаппай қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: қос аяғымен бір мезгілде екпінмен серпіліс жасай секіруді
Түсінеді: серпіліп секірудің пайдасын
Қолданады: жаттығулар орындау кезінде тынысты тоқтатпау дағдыларын.
КМҚК «Балерке» балабақшасы «Айшуақ» І сәбилер тобында
ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне өзіндік талдау
Мақсаты: Балаларға доғаның астынан еңбектеу және допты ұстап алуға үйрету. Жаттығуларды дұрыс орындауға дағдыландыру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.