kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене шынықтырудан "Біз спортшымыз!" атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар доғанын астынан еңбектеп, доспты ұстап алуға үйренеді 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене шынықтырудан "Біз спортшымыз!" атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі»



КМҚК «Балерке» балабақшасы

























Тақырыбы: 

«Спортшымыз бәріміз!»
(спорттық ойын - сауық)















Тәрбиешілер: Акабаева Д.М.































2018-2019 оқу жылы



Тақырыбы: Спортшымыз бәріміз!
(спорттық ойын - сауық)

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 
Түрі: Эстафеталық ойын 

Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш. 



Барысы:
Шаттық шеңбер.
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)

- Құрметті ойыншылар, бүгін «Спортшымыз бәріміз!» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)


Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырады.

Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.


Ал, сайыскер балалар,
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар.
(әділқазы мүшелерімен таныстыру)

  1. _______________________________________________________

  2. ______________________________________________________

    Жарыстың шарттары:
    1. Таныстыру.
    2. «Допты тез жеткізу».
    3. «Акробатика».
    4. «Кедергілер» сайысы.
    5. «Кім шапшаң?»
    6. «Епті де, жүйрік» сайысы.
    Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!



Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, 
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар.


1. Таныстыру.
«Күншуақ» тобы
Ұраны: Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы
Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала.

2. «Допты тез жеткіз»
Ойын шарты: Допты ұстап жүгіріп келу.
3. «Акробатика»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап - аттап жүгіріп, орындарына бару.
4. «Кедергілер» сайысы
Ойын шарты: Тақтай үстімен тепе - теңдік сақтап өту.
5. «Кім шапшаң?»
Шарты: Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өту.
6. «Епті де, жүйрік» сайысы.
Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.

- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

Қорытынды бөлім 

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

































































Тақырыбы: Спорт - сенің серігің!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш. 

Барысы:

Жргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біздің "Балдырған" тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.

Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.

Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, 
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар.

«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас. 

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

Ойын түрлері:

1.Тез адымда

2. Шебер

3. Кім жылдам?

4. Шегірткелер

5. Доппен  секіру.

 

1."Тез адымда"

Ойынның шарты: себеттен  себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.

2. "Шебер"
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу

3." Кім жылдам?"

Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.

4. "Шегірткелер".

 Бір бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

5. "Доппен секіру".

Үрмелі резеңке доппен секіру.

ІІІ. Қорытынды бөлім 

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Дене шынықтырудан "Біз спортшымыз!" атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Автор: Акабаева Динара Мукановна

Дата: 06.12.2018

Номер свидетельства: 489141


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства