kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Декоративтік. «Теңіз самалы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

                             Ересектер «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің   конспектісі

Өткізу күні: 18.02.2019

Тәрбиеші: Абенова М.К

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Мүсіндеу

Өтпелі тақырып:  «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы:    Декоративтік. «Теңіз самалы»

Мақсаты:

Тәрбиелік:  Таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу                            

Дамыту: Шымшу, созу әдістерін қалыптастыру.                                 

Оқыту: Теңіз, көл суларына қарай отырып ұқсата мүсіндеуге үйрету. Созу, шымшу әдістерін меңгерту

Көрнекіліктері: Суреттер, түрлі түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, мүсіндеуге арналған тақтайша, үлестірмелі материалдар, жұмыстың дайын үлгісі.

түрлі түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық, мүсіндеуге арналған тақтайша, үлестірмелі материалдар, жұмыстың дайын үлгісі.

Алдын - ала орындалатын жұмыс: балық туралы әңгіме жүргізу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Декоративтік. «Теңіз самалы»»

Ересектер «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 18.02.2019

Тәрбиеші: Абенова М.К

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән:Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы: Декоративтік. «Теңіз самалы»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу

Дамыту: Шымшу, созу әдістерін қалыптастыру.  

Оқыту: Теңіз, көл суларына қарай отырып ұқсата мүсіндеуге үйрету. Созу, шымшу әдістерін меңгерту

Көрнекіліктері: Суреттер, түрлі түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық , мүсіндеуге арналған тақтайша , үлестірмелі материалдар , жұмыстың дайын үлгісі.

түрлі түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал , сулық , мүсіндеуге арналған тақтайша , үлестірмелі материалдар , жұмыстың дайын үлгісі.

Алдын - ала орындалатын жұмыс: балық туралы әңгіме жүргізу.

Сөздік жұмыс: Самал, толқын

Сабақтың барысы:

Мотивациялық қозғаушысы:
Міне біздер қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Ренжуді білмейміз,

Күлімдеген күндейміз.

Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиешімен бірге сөздерді қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Жұмбақ: Шаңқ – шұңқ еткен үні жоқ,

Сусыз оның күні жоқ,

Жүріп кетсе соңында,

Қалып жатқан ізі жоқ.

- Бұл не балалар?

Жұмбақты тыңдайды, ойланады, жауап береді

-Ия, балалар, мана топқа келсем, біреулер көп балықтар әкеп тастапты.

Балалар, балықтар қайда өмір сүреді?

-Өзенде, көлде

Енді, бұл балықтарды не істейміз, қандай өзен, көлге апарамыз?

Балалар, маған, ақыл қосыңдаршы, не істейміз?

Балалар өз ойарын айтады.

-Дұрыс, балалар, теңізді ермексаздың көмегімен мүсіндейік.

Тәрбиеші суретті көрсетіп әңгіме жүргізеді. Суретте теңіз бетінде жел қатты соғып тұрғаны байқалады.

- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, ермексаздың көмегімен теңізді мүсіндеуге бола ма? Балалар жауабынан соң тәрбиеші, ол суреттегі сияқты емес ауқымды, жан-жағынан көруге болатын етіп мүсіндейтіндерін айтады. Балаларды мүсіндеудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Тәрбиеші түрлі түсті ермексаздың әр түрінен бірнеше (2-3) кесек бөлшектерді бөліп алып, оны ақ қағаздың бетіне қойып, саусақтарымен басып, жан-жағына жайып жабыстыра жағады. Түстерді бір-біріне үйлестіре араластырады. Балалардың бояуды осылай араластырғандарын естеріне түсіреді және бұл тәсіл де соған ұқсас екенін айтады. Мұндай  әдіс-тәсілмен аспан мен теңізді өте әдемі бейнелеуге болатынын байқайды. Қағаз бетіне теңізді және аспанды ерекшелеп жабыстырып алады.

Алдымен бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Балық суда жүзеді,

Жып - жылтыр боп бүйірі,

Қолға түспей қашады,

Ұстағым кеп шаршадым.

Тәрбиеші балықты жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіреді.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың назарын жұмыс барысында ермексазды қағазға жағуда саусақтарының қозғалыс бағытына және "жағыс" тәсілінің қозғалысын накты бере білуге аударады.

Балалардың жұмыстарын талдау

Дидактикалық ойын:

Балық қайда өмір сүреді?

тәрбиеші мына сөздерді айтады: суда, уйде, көлде, жерде, теңізде, жағада, бөлмеде, өзенде, қорада, орманда, далада…

-Балалар, балық жануарлардан несімен ерекшеленеді?

-Балық –суда тіршілік етуге бейімделген. Құрғақта өмір сүре алмайды. Балықта өкпе жоқ, олар желбезегі арқылы демалады. Балық түрі өте көп.

Біз осы өзен түбіне балықтарымызды жіберіп,өз қамқорлығымызға алайық.

- Біз бүгін не істедік?

- Балықтарға қалай көмектестік?

- Жарайсыңдар, балалар, мүсіндеген теңіздерің әдемі шығыпты.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Декоративтік. «Теңіз самалы»

Автор: Абенова Мирамкуль Каппасовна

Дата: 10.09.2019

Номер свидетельства: 519436


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства