kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дамытушы орталықтар: «Қатынас», «Шығармашылық» ббс Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Қырманда

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балалардың егіс алқабы, қырман жайлы түсінік беру. Егіс алқабын, қырманды суреттен көргендері бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Ел байлығы - астықтың дастарханға нан болып қалай келетінін түсіндіру арқылы, үлкендердің еңбегін құрметтеп бағалай білуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дамытушы орталықтар: «Қатынас», «Шығармашылық» ббс Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Қырманда»

Дамытушы орталықтар: «Қатынас», «Шығармашылық» ббс
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Қырманда
Мақсаты: Балалардың егіс алқабы, қырман жайлы түсінік беру. Егіс алқабын, қырманды суреттен көргендері бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Ел байлығы - астықтың дастарханға нан болып қалай келетінін түсіндіру арқылы, үлкендердің еңбегін құрметтеп бағалай білуге еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ғажайып сәт, сергіту сәті, ойын, бағалау, қорытындылау.
Көрнекілігі: Теледидар арқылы көрсетілетін (интерактивті тақта арқылы) суреттер, бидай, нан, кейіпкерлер: қуыршақ пен бауырсақ.
Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет
Сөздік жұмыс: Масағы, сабағы, мұртшалары
Сөздік қоры: алқап, қырман Диірменші, қырманшы, элеватор, наубайхана, наубайханашы, алтын астық, алтын дән, диқаншы

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері
«Ризамыз» әнін айтқызу.
- Балалар біз қандаймыз.
- Балалар жыл мезгілдерін атайықшы.
- Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Дұрыс, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің айларын атайықшы?
- Күз мезгілінде далада ауа - райы қандай болады?
- Дұрыс, енді кім күз мезгіліне байланысты тақпақ айтады?
- Күз мезгіліндегі табиғат ерекшелігі, табиғат байлығы қандай?
- Дұрыс, енді балалар осы жемістер мен көкөністер, дәнді - дақылдар күзде піседі екен, бүгінгі сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған оқу қызметіміз «қырманмен» танысайықшы.
Енді, мына тақтаға қарайықшы. Осы тақтадан «Қырманның» суреттерін тамашалаймыз.(суреттер көрсетемін)
Мына суретте не көріп тұрсыңдар, балалар?
- Мына суретте трактормен жер жыртылып, тегістеп егін егіп жатыр.
Адамдар егінді суарып, арам шөптен тазалап, ал егін мынадай болып жайқалып шығады.
Піскен егінді комбайнмен комбайыншылар орады.
Сонан соң дәнін сабағынан ажыратып, бидай алынып машинаға
басылады. Көліктермен қырманға апарырып тазаланып, диірменнен өткізіліп, ұн жасалып, қапталып наубайханаға апарылады. Ұннан қамыр иленіп, нан пісіріледі.
- Міне дастарханға нан осындай еңбекпен келеді.
Біздің ауылымызда наубайхана жоқ. Біздің үйімізде нанды кім пісіреді?
- Енді балалар осыны іс жүзінде көрейікші. мынау егіс алқабы, мынау бидай мұртшалары (қауызын ашып көрсету) бидай жел болғанда тербеледі, қане үрлеп көрейікші
- Сергіту сәті
Жайқалады ақ бидай
Ырғалады желменнен.
Трактор мен комбайн
Оруға мен дайын.
- Балалар, мынау дән мұртшалары, оны аршып көрсек ішінен дән шығады, дәннен ұн жасайды.
Мынау ұн, мынау иленген қамыр, мынау піскен нан. Міне дастарханға нан осылай келеді.
Балалар піскен нанды апайлармен бірге бөлісіп жейік.
Ғажайып сәт.(Қоянның қонаққа келуі)
- Қоян: мына жерден керемет, тәтті иіс шығады, не жеп отырсыңдар.
Балалар маған да беріңдерші, дәмін көрейінші, жеп көріп бұл қайдан
келеді.
- Тәрбиеші: Қоянға нанның қалай жасалатынын айтып берейікші.
- Қоян: сонда жеуге бола ма?
Жер тазаланып, дән себілгенде. Сонда нан бола ма?
- Қоян: қырманда тазаланып, қайда апарады? Сонда нан бола ма?
- Қоян: Ұн болған соң, сонда нан бола ма?
- Қоян: Бұл өте ауыр, әрі көп уақыт кететін жұмыс екен, оданда өз орманыма кетейін.
- Тәрбиеші: балалар қоян жалқау екен, адамдар еңбексүйгіш екен.
Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті.
Міне балалар біздің дала - бай дала екен.
Астық жайлы өлең айтайықшы.
- Бүгінгі оқу қызметіміз қандай?
- Қандай суреттер көрдік?
Балалардың көңіл - күйін сұрап, оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Жанбосынова Алия Усеновна

Дата: 28.09.2021

Номер свидетельства: 587683


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства