kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Даярлық топпен қоштасып, "Біз мектепке барамыз" атты ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Балалардың ер жеткендерін түсінуіне ықпал жасау.Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа  тәрбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Даярлық топпен қоштасып, "Біз мектепке барамыз" атты ертеңгілік»



Сарыбұлақ орта мектебі

Мектепке дейінгі шағын орталығы КММ






Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз!









Өткізген: С.Е. Идьятова














2016 жыл




Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз!



Мақсаты Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Балалардың ер жеткендерін түсінуіне ықпал жасау.

Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Мерекелік көңіл – күй сыйлау.

Әдісі: Ертеңгілік.


Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.


Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.


Тәрбиеші:

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!




ҚР Гимні айтылады

Айналайын, балалар,

Алда мектеп- ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар







Жансұлтан:

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың,

Ер жетті деп бөбегім,

Ата-анамыз қуансын



Әсем:

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер-білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

Әли:

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап

Алаңдауды білмедім.

Зере:

Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқанын,

Миыма құйып аламын.


(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)

- Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.


І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.

ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан

ІІІ тапсырма Математика сабағынан.

ІҮ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.


І тапсырма

- Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің барма?

«Біздің Қазақстан», «Отан» .

- Сенің ауылың кімнің атымен аталады?

- Мектебің кімнің атымен аталады?

- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?

«Елтаңбасы елімнің» , «Қазақстанның байрағы»

- Неше жыл мезгілі бар?

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Тірі табиғатқа нелер жатады?

Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !


ІІ тапсырма

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

  • Дауыссыз дыбыстарды ше?

  • Мына сөз туымды кім оқып береді?( Айна Айша, Айбар, Айдана)

  • Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла, ша-на)

  • Тақтаға өз атын кім жазып береді?

  • Жұмбақтарды шешейікші қане?






Жұмбақтар:
- Жолбарыстан аумайды,
Пеш түбінде аунайды (мысық)

- Өзіне болған қорған,
- Орман ішінде бар аң
Қорбаң - қорбаң. (аю)

- Жалт - жұлт етіп төбемде,
- Түсе алмай тұр төменге. (жұлдыз)

- Аяғы бар, басы бар
Арқалаған тасы бар, (Тасбақа).

- Шыр - шыр етеді
Құлагыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (Телефон)

- Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ - тоқ соғады. (Тоқылдақ)

- Қыста үйге кірмейді,
- Көктем шықса жүрмейді. ( Шана)

ІІІ-тапсырма Математика


  • Тура және кері санап бер.

  • Кім есеп құрастырып береді?

  • Қима қағаздарды алып есеп шығару.



ІҮ тапсырма

(Өнерлеріңді тамашалайық)

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны ерекше.

Даярлықпен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.

Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.


ХОР: «СӘЛЕМ МЕКТЕП!»



Аяулым:

Нағыз білім ырыс бақ,

Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.


Ерсін:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге барамыз.

Ришат:

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім,

Мектепке барам мен енді,

Даярлық топ қош енді.



ӘН: «Біз өмірдің-гүліміз!» орындайтын ұлдар тобы.

Ойын «Кім жылдам сөз айтады»

Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.

Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық

  1. Мектепке біз барамыз ба?

  2. Кілең бестік аламыз ба?

  3. Айтқан тілді аламыз ба?

  4. Ақылды бала боламыз ба?

  5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?

  6. Ертеңгісін тұрамыз ба?

  7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

  8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

  9. Екі алғанда жылаймыз ба?

  10. Оқушы біз боламыз ба?

2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

  1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

  2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?

  4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

  5. Сериал көріп жатасыз ба?

  6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

  7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

  8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

  9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

  10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

 

1-Тәрбиеші: 

Рахмет  көп- көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «Гүлдер»

БИ « Чунга-ганга» орындайтын қыздар тобы


Ұлназ:

Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.

Алима:

Ән салайық бас қоса

Даярлықпен қоштаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш,

Кітаптармен қоштаса.



ӘН: « Балдырғандар» орындайтын ұлдар тобы.

Олжас:

5 болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.


Нұрбек:

Қуанбаймыз неге біз,

Күліп күн де тұр асқақ.

Оқығалы келгенбіз,

Біз бірінші сыныпқа.

Жанібек:

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз.


БИ: орындайтын - ҚЫЗДАР ТОБЫ

Азиза:

Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.

ӘН : «Біз мектепке барамыз» орындайтын хор.


Елнұр:

Шықтық бүгін алға енді,

Даярлық топ қош енді.

Қадам бастық есейіп,

Қызық өмір алда енді.

Альбина:

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

.


ӘН «Оыншықтар» орындайтындар қыздар тобы

( Хормен барлық бала айтады.)

Еткен еңбек жемісі,

Ақталды деп санаңыз.

Білім, әлем көгіне,

Қанат қағып ұшамыз.

Балаларға алғыс хат тапсыру.

Сүйікті балғын бала шақ.

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар

( Балаларға алғыс хаттар тапсыру.)

Қорытынды

- Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.

Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Даярлық топпен қоштасып, "Біз мектепке барамыз" атты ертеңгілік

Автор: Идьятова Сабира Елтаевна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 354824

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) ""Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз""
    ["seo_title"] => string(51) "daiarlyk_toppien_k_oshtasyp_biz_miektiepkie_baramyz"
    ["file_id"] => string(6) "417249"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1495349958"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Даярлы? топпен ?оштасып біз мектепке барамыз!"
    ["seo_title"] => string(45) "daiarlyktoppienkoshtasypbizmiektiepkiebaramyz"
    ["file_id"] => string(6) "266066"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450090345"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Біз мектепке барамыз (даярлы? топпен ?оштасу) "
    ["seo_title"] => string(50) "biz-miektiepkie-baramyz-daiarlyk-toppien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "230905"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442311449"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) ""Біз мектепке барамыз" "
    ["seo_title"] => string(25) "biz-miektiepkie-baramyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "224649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1439025293"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Даярлықпен қоштасу тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(39) "daiarlyk_pien_k_oshtasu_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "449786"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515872319"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства