Просмотр содержимого документа
««Буратиноны сабаққа үйретейік» сабақ конспектісі»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Буратиноны сабаққа үйретейік»
Мақсаты: Тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілдерін дамытуға жалғастыру.
Міндеттері: 1. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін сөйлем құрып, өз ойларын жеткізе білу арқылы дамыту, айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту,
2. Тәрбиешінің сұрақтарын түсініп, жауап беруге дағдыландыру. Тіл байлықтарын байыту.
3. Тәртіпке үйрету. Жұмыстарды тиянақты орындауға баулу.
Көрнекіліктері: Күз бен қыс мезгілінің интерактивті суреттері, күз бен қыс туралы слайдтар,интерактивті тақтай, жасанды кітап, карточкалар, жай қарындаштар, суреттері бар текше, күннің бейнесі.
Полингвалды құрауыш: күз – осень –autumn, қыс – зима – winter, дыбыс – звук– sound, сөз - слово – word, үлкен кітап – большая книга – a big book.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің барысы:
Ертеңгілік жиын:
Қонақтармен 3 тілде сәлемдесу.
Есікті біреу қағады. Топқа Буратино кіреді. Қолында кітабы бар.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мектептен келе жатырмын! Маған мұғалім көп үй тапсырмасын берді. Бірақ, мен оларды өзім жалғыз орындауға қиналып тұрмын! Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: - Балалар, Буратиноға үй тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?
- Буратино, сенің тапсырмаларыңды балалар орындауға дайын! Әкеле ғой кітабыңды қарайық, қандай тапсырмалар бар? Сен балалармен бірге отырып, бізбен бірге орында!
Балалар орындықтарға отырады.
1 тапсырма: «Сурет бойынша әңгіме құрастыру» (компьютерде дүрбімен күз бен қыстың суреттерін қарастырады)
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру деген тапсырма екен!
- Балалар, айтыңдаршы, қазір қандай жыл мезгілі? Балалар, күз мезгілінде неше ай бар? Қазір бізде күз айының ақырғы айы – қараша айы. Балалар, күзде күн қандай? (күзде күн суық, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр және қар жауады, табиғат өзгереді, күзде ағаштар жапырақсыз қалады, күн қысқарады, ал түн ұзарады, адамдар жылы киінеді)
- Балалар, күз орыс тілінде – осень, ал ағылшын тілінде - autumn.
Тәрбиеші: - Ал балалар, күзден кейін қандай жыл мезгілі болады? Дұрыс қыс! Қыс мезгілін сипаттап көрейікші!
- Қыс орыс тілінде – зима, ал ағылшын тілінде –winter.
- Балалар,енді осы екі суреттерді салыстырып көрейікші! Қандай айырмашылықтар бар? Қандай ұқсастықтар бар?
- Қандай текшелермен белгіленеді? (дауысты – қызыл, дауыссыз – көк)
- Дыбысты біз көреміз бе? (жоқ, айтамыз, естиміз)
Тәрбиеші: - Балалар, қазір алдымыздағы карточкалар бойынша жұмыс жасаймыз. Суреттер қандай дыбыстан басталады? Дауыссыз дыбыстан басталса, көк текшеге сызықпен созамыз, дауысты дыбыстан басталса, қызыл текшеге сызық сызамыз.
- Дыбыс орыс тілінде – звук, ал ағылшын тілінде – sound.
Балаларды жартылай шеңберге тақтаның алдына тұрады.
Тәрбиеші: - Балалар, қазір мен сендерге сұрақтар қоямын. Дыбыстар нені құрайды? (сөздерді)
- Ендеше, қазір біз сөздермен ойнаймыз! Мен сендерге сөзді айтамын, ал сендер тақтадағы суреттер бойынша қарама қарсы сөздердітауып сызық арқылы қосып, айтасыңдар.
Мысалы: Биік – аласа, үлкен – кішкентай, ақ – қара, т.б.
- Сөз орыс тілінде – слово, ал ағылшын тілінде – word.
4 тапсырма: «Дыбыстың сөздегі позициясы»
Тәрбиеші: - Балалар, келесі тапсырманы орындайық! Қазир біз «А» дыбысының сөздің қай бөлігінде орналасқанын анықтаймыз!
Карточкалардағы суреттерден балалар «А» дыбысының позициясын анықтап, қалташаларға салады. (басында, ортасында, аяғында)
Сергіту сәті:
Бейнетаспадан сергіту сәтін ағылшын тілінде қайталап жасау.
Дидактикалық ойын : «Сөйлем құрастыр»
- Балалар, қазір біз «Сөйлем құрастыр» деген ойын ойнаймыз! Буратино, келе ғой сен де бізбен ойна! Бізде осындай текше бар! Осы текшелерде әртүрлі суреттер бар екен, сол суреттердегі сөздерден сөйлем құрастыруымыз керек. Қазір мен текшені аспанға лақтырып айналдырамын, сендер «Бір, екі, үш, текше маған қарап түс!» - деп айтқаннан кейін, текшенің түскен бетіндегі суретке сөйлем құрастырасыңдар. Суреттер: киіз үй, шахтер, мысық,
Д/о «Қандай сөз жасырылған?» Интерактивті тақтаймен жұмыс.
Балалар тақтаға шығады.
- Ал, енді балалар интерактивті тақтайдағы суреттерден бірдей фигураларды көрсетіп, сол суреттердің ішіне жасырылған буындарды тауып, сөз құрастыру керексіңдер.
Балардың жауабы:
Дидактикалық ойын: «Суреттерді құрастыр»
- Балалар, қазір біз компьютермен жұмыс жасаймыз! Алдарыңда сынып қалған суреттерді құрастыру керексіңдер! Содан кейін, сол құрастырған суреттерді естеріңе сақтап алыңдар.
- Енді, осы сөздерді буынға бөлейік. «Неше буын бар?»
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар балалар. Сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Мына кітаптағы тапсырмалардың барлығы орындалыпты!
- Буратино, біздің балалар саған жақсы көмектесті ме? Сен жаңадан не білдің? Саған біздің балалармен барлық тапсырмаларды орындауға ұнады ма? Енді осы кітапты Буратиноға қайтарайық! Ол сол кітаптың көмегімен келесі тапсырмаларды орындайды.
- Балалар, мына кітап қандай? Үлкен кітап – боьшая книга - a big book. Біздің қонақпен қоштасайық! Сау бол! До свидания! Good bye!
Тәрбиеші: - Балалар, сендерге де рахмет. Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? Не ұнады? Сендер үшін қандай тапсырма қиын болды? (Балалардың жауабы).
Осылайша сұрақ қою арқылы , балалардың сабақтан алған түсініктерін орнықтыру. Балалардың тағы не білгілері келетіні жайлы сөйлесу. Сабаққа белсене қатысқан балаларды марапаттап, саяхаттан естелік ретінде монеталар тарату.