Просмотр содержимого документа
«Б?лме ?сімдіктері »
«Бөлме өсімдіктері»
(МДМ даярлық топтарына арналған өзін-өзі тану пәнінен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті)
Вакасова Майгүл Сеитбековна
«Ақбота» балабақшасы»КМҚК тәрбиешісі
Шығыс Қазақстан обл, Глубокое ауданы, Глубокое кенті.
Саласы: Әлеуметтік орта
Мақсаты:
1.Өзін-өзі тану оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптардың бірі-гүлдер мен бөлме өсімдіктерінің болуы.Бөлме өсімдіктерінің түрлері мен маңызын таныстыру.Бөлме өсімдіктері жөнініндегі теориялық білімдерін меңгертіп,оны іс-жүзінде қолдануға үйрету.
2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы балаларды жұппен,топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау,өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу,біліктіліктерін дамыту.
3.Бөлме өсімдіктер білімдерін жүйлеп біртұтастыққа қарастыру,бала/ң ақыл-ойын,ғылыми дүние танымдығын қалыптастырып,тірі табиғат пен ізгіліті қарым-қатынаста болуға,экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Бүгінгі оқу іс-әректінде балалар «Бөлме өсімдіктері» туралы әңгімелесеміз.
Үй тапсырмасын сұрау: үйге дәрілік өсімдіктің түрлері жайлы біліп келгенін сұрау.Ортаға шығып әрбір бала білгенін ораға шығып қорғайды-слайдт қолданады.
Герань. Микробтарды өлтіреді. Ауаны озонға айналдырып, ішкі күйзелісті басады. Көбіне әйел адамдарға пайдасы мол бұл өсімдік ұйқысыздық кезінде де көмегін аямайды. Бірақ, абай болыңыз, аллергия тудыруы мүмкін. Хлорофитум.Бұл өсімдік ауаны ылғалдандырып, таза ауаны қалыпты деңгейде сақтайды. Каланхоэ Бұл да түнде оттегіні қарқындытүрде бөледі де,күйзелістен шығуға жәрдемдеседі. Бегония.Зиянды заттарға қарсы тұрады.Отбасындағы татулық пен сүйіспеншіліктің символы болып саналатын бұл үй өсімдігі депрессияны басады.Көбіне қартаң тартқан жандар мен аурушаң адамдардың жатын бөлмесіне қойылады Кактус. Микробтарды жойып, ауаны тазартады Алоэ. Алоэ тұрған бөлмеде түн мезгілінде көп мөлшерде оттегі бөлініп, көмірқышқыл газы жұтылады. Лавр.Көбіне балалар бөлмесіне «жайғасатын» бұл өсімдіктер кішкентай балалардың тыныш ұйқысын күзетеді.
–Балалар «Гулзарға» саяхатқа баруға қалай қарайсыңдар?
Ал,сендер/ң аналарың ауырғанда дәріден басқа не береді?-Балды қайдан аламыз?Әдемі гүлдерге арадан басқ не қояды?Бірақ қазір жәндіктер көреміз бе?Не себепті –олар күн суытқанда уақытша тіршілігін тоқтатады?-Дегенерацияға ұшырайды.Жылығанда тіршілігін жалғастырады.
«Жәндіктер» ойыны (жерде ірі сар және қызыл гүлдер макеті жатады;ара ,көбелек атрибутын киген-табиғат әуені тоқтағанда түсіне сай қонады.
-Біз қазір жаз мезгілі деп елестетейікші.-Енді гүлзарға ұшалық!
Флорист:-Мына жәндіктердің ұшуына қарағанда, көктем келіп қалған-ау шамасы -Сәлеметсіз бе? Біз сіздерге қонаққа келдік.
Флорист:-Ендеше танысалық;-мен осында гүлдерді күтіп-баптау мен бірге шығу тегін зерттеймін.Бөлме,дала гүлдерін силық ретіндегі жинақтарды құрастыра . –Менің әріптестерім гүл сату орындарында қызымет атқарыды.Міне,осы әдіс-тәсілдерді үйрегілерің келеме?
Тәжірибе:Ол үшін мына сұрақтардың жауабын табуларың керек,сонда ғана-тәжірибе жасаймыз.
Ә)Ой-толғаныс:Сұрақ:Бөлме өсімдіктері дегеніміз не?Оларды не үшін өсіреміз?Жауаптары тыңдалады.
Өсімдіктің көмірқышқыл газын жұтып,оттегіні бөліп шығаруын- «Фотосинтез» процесі дейміз.Білетін бөлме өсімдітерін ата?-Дұрыс,өте жақсы.Әрбір отбасын өзінің алтын шаңырағы –үйін сәндегенді де,қалайды.Тәжірибе жасау үшін арнайы киінуімізқажет.Қалпақ,алжапқыш,қолғап киеді.Әр баланың алдында:ыдыста-құм,саз,қара топрақ тұрады.Саз топраққа құм құйылады,бірақ сазға су сіңбейді.Демек ауаны да өтізбейтінін байқайды.Келесі бала құмға су құйяды-нәтижесінде құм тез сіңіріп,тез құрғап қалатынын көреді.Қара топыраққа су құйған бала-топырақтың суды өзіне тез сіңіріп алғанын байқайды.Деме су өтен жерден ауада өтеді.Яғни қара топрақтың құрамында су ұстап қалатын саз бар.су өткізетін құм бар,өсімді қоректенетін шірінді,тұз бар екенін білдік.
Лимон,апелсин,мандарин,пальма бөлмеде өсіруге болады.Оларды көрсету.Демек,бөлме өсімдіктерінің ішінде:шөптекті,бұта,шала бұта қалпында өсетін өсімдік түрлері бар.
Олардың бірі лимонды отырғызайық:1-ші ыдысқа тас саламыз.2-ші топырақ.3ші тұқымын саламыз.4ші суарамыз.
Тәрбиеші: -Балалар осы лимонға арнап тілек-лебіздеріңді білдіріп, өлең-тақпақ айтып беріңдерші.
Қорытынды:Балалар бөлме өсімдетері жайлы жан-жақты меңгергендіктеріңді тәжірибе барысында көрсеттіңдер,жарайсыңдар!
Флорист:Ал , мыны отырғызған лимон-сендерге сыйға тартаман.Ал, мына кітапшада оның күтімі жайлы жазылған,ерекше мән беріңдер;өте жиі суармандар. Жүректен жүрекке