1) Балаларға бөлмеде өсірілетін гүлдер жайлы түсініктерін кеңейту.
2) Ойлау белсенділіктерін, байқағыштықтарын арттыру.
3)Бөлме гүлдерін күтіп-баптауға тәрбиелеу.
Түрі : жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, жасату.
Көрнекіліктер: суреттер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң,қайырлы күн болсын!
II Мақсат қою кезеңі.
Бөлме гүлін жасату.
III Жаңа сабақ
-Балалар, бөлме гүлдерінің де басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, күлтелері болады. Гүлдер уақытылы суару, түбін қопсыту, жапырығының шаңын сүрту сияқты үлкен қамқорлықты қажет етеді. Бүгін біз сендермен бірге бөлме гүлін жапсырамыз.Балаларға жапсырудың жолдары мен техникасын көрсетеді.
Сергіту сәті.
«Шебер және батыл» саусақ жаттығуы.
-Балалар,саусақтарыңды бүгіп, алақандарыңды бір-біріне үйкелеп, ашып-жұмыңдар,жаттығуды қайталаңдар.
ІV Түсінгендерін зертеу кезеңі.
-Неліктен бөлме гүлдерін бөлмеде өсіреміз,оның қандай пайдасы бар?
-Гүлді қалай күтіп-баптау керек?
V Бекіту кезеңі
-Балалар,қандай әдемі бөлме гүлін жасадыңдар.
Күніміз ашық болсын,
Елімізде тыныштық болсын,
Гүлдей жайнаған балаларымыз аман болсын!-деп қорытындылап балаларды мадақтау.