kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Ойыншықтар» өлең Н.Әлімқұлов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бөлімі: «Көркем әдебиет»              

Тақырыбы: «Ойыншықтар» өлең Н.Әлімқұлов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Ойыншықтар» өлең Н.Әлімқұлов»

«Зерек» ересек тобыда ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Ойыншықтар» өлең Н.Әлімқұлов

Мақсаты: Өлең мәтінің түсініп, жатқа айта білуге үйрету. Ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу. Ой- өрісін дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Хрестоматия, ойыншықтар, жұмыс дәптері.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Ойыншықтар туралы әңгімелеу.

Қолданылған технологиялар: АКТ, мнемокесте, денсаулық сақтау, т.б.

Сөздік жұмыс: Ойыншық.

Билингвалдық компонент: ойыншық- игрушка, жұмсақ – мягкий, қатты – твердый.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы таң!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Жылулық шеңберіне жиналып, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Қимыл арқылы жасайды.

Негізгі бөлім:

Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді жұмбақтар жасырудан бастаймыз.

Жұмбақтар:

Шіркіннің өзіне обал-ақ.

Жүреді аяқта домалап.



Аяғы бар, жүрмейді,

Аузы бар, күлмейді

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.



-Балалар, доп, қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз?

- Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?

Тосын сый

Есік қағылады, қуыршақ Әлия кіреді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?

Рахмет, балалар

Әңгімелесу

Менің қолымдағы не?

Дұрыс айтасыңдар, доптар.

Доптардың пішіні мен түстері қандай?

Жарайсыңдар дұрыс.

-Ендеше Нұрсұлтан Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңімен танысып, жаттаймыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсақ, бұйырсақ,

Қуыршақтар ұйықтайды.

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы құлыншақ.

«Ұйықта» десең, ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентектігін қоймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

(Н. Әлімқұлов)

Мнемокестемен жұмыс. (АКТ технологиясы арқылы экранда көрсетілген суреттерді атау арқылы өлеңді кезеңмен жаттату)

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

Сұрақ-жауап

  • Балалар, өлең сендерге ұнады ма?

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Ойыншықтармен қалай ойнау керек?

  • Ойыншықтар неден жасалады?

Өлеңді жаттау.

Дәптермен жұмыс:

1.Суретке қарап әңгімеле.

2.Ойыншықтарды түріне қарай берілген белгілер арқылы қорша.

Қорытындылау.

Сұрақ -жауап арқылы ҰОҚ-ін аяқтау.

Мадақтау, мақтау.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Ойыншықтар туралы тақпақ, жұмбақ, суретке қарап әңгіме құрауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойыншықтардың түрлерін ажыратуды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Ойыншықтар» өлең Н.Әлімқұлов

Автор: Сейлханова Салтанат Бахытовна

Дата: 26.11.2021

Номер свидетельства: 592669

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Балабақшадағы бала тілін дамытудағы маңызы"
    ["seo_title"] => string(47) "balabak_shadag_y_bala_tilin_damytudag_y_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "384211"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485449899"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства