Мотивациялық- қозғаушылық | Шаттық шеңбері; «Жылы сөздер» шеңбері 01-«Г»-№17 Жарқырап күнде ашылды. Айналаға гүл шашылды, Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз. Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз. «Ғажайып сәт»: (ұядағы жұмыртақаны көреді) -Бұл не? -Геометриялық пішіні қандай? -Жұмыртқаның түсі қандай? -Ішінде не бар? «Психологиялық жаттығу»: -Ендеше,жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебіздерімізді білдірейік. (Жұмыртқаны қолына алып тілек айту). | Бәрі бірге айтады Дөңгелене үстелде отыр. Қызығушылық танытады. Жұмыртқа. Пішіні сопақша. Түсі ақ. Ішінде балапан болады. Денің сау болсын. Үлкен болып өс. |
Ұйымдастыру- ізденгіш | Әңгімелесу -Қазір жылдық қай мезгілі? -Сендер қандай құстарды көріп жүрсіңдер? -Бұл қандай құстар? -Неге оларды қыстап қалатын құстар дейді? -Дұрыс, бірақ қатты суық, боран, аяз кезінде оларда жем тауып жей алмайды. -Сол кезде кім көмектеседі? | Қазір қыс мезгілі. Торғай, суықторғай, көгершін, қарға, сауысқан. Қыстап қалатын құстар Өйткені, олар қысқы төзімді, өздеріне жем тауып жей алады. Адамдар көмектеседі. |
| -Адамдар қалай көмектеседі? -Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып, жаураған құстар адамдарға жақын келіп, көмек күтеді. Бұл кезде олар қорқуды да ұмытып кететін сияқты. Сергіту сәті: Дидактикалық ойын: «Аудармашы» Қыстайтын құстар-зимующие птицы, қарға-ворона, сауысқан-сорока, көгершін –голубь. -Бүгін бізге қонаққа Көгершін келіпті қарсы алайықшы. -Көгершінді қайда орналастырсақ болады? -Ал енді Көгершін жалғызсырамау үшін оған басқа құстарды жасап берейік. Саусақ жаттығуы: «Тоқылдақ» Тоқ, тоқ, тоқ тоқылдап, Тынбай қойды тоқылдақ. Отыр әне ағашты, Тұмсығымен соққылап. -Құстарды қандай ретпен жапсыру керек? Жасалу реттілігі: 1.Қағазды таңдап алу. 2.Төртбұрышты пішіннен дөңгелек қиып алу (басы болады). 3.Сондай ретпен сопақша қию (денесі болады). 4.Төртбұрышты пішіннен үшбұрыш шығару (құйрығы) 5. Кішкентай үшбұрыштан тұмсығын жасау. 6. Көздерін, аяқтарын фломастермен аяқтауға болады. | Құстарға жемшашар жасайды, ұя салады. Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік, Тергеніңді торғайларға берейік. Торғай, торғай томпаң - томпаң секірсін, Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал Енді міне әңгімеге құлақ сал. Сөздерді қайталап айтады. Қызығушылық танытады, амандасады, қуана қарсы алады. Тақтадағы жемшашарға орналастырады. Басқа құстарды жасауға келіседі. Сұқ саусағымен тұмсық жасап, үстел бетін тоқылдатады. Бір қолының саусақтарын жазып ағаш жасап, екінші қолының сұқ саусағымен ағашты тоқыл- датады. Басын, денесін, құйрығын бір денгейде орналастырып, қанаттарын жапсыру керек екенін айтады (басы иілген, құйрығы көтеріңкі, басы мен құйрығы тік). Рет-ретімен қайшыны, желімді пайдаланып құстарды өз беттерімен қиып желімдейді. |
Рефлексивті- реттеушілік | Қорытынды: -Бүгін не туралы айттық? -Қандай құстар туралы? Іс- әрекетті қорытындылап сұрақтар қояды, көрме ұйымдастырады. Белсене қатысқан балаларды мақтап , педагогикалық баға беру. Рефлексия: Тақтада қыс мезгілінің суреті. Егерде, көңіл-күйлері көтеріңкі болса, үлкен ұлпақарлар, көңіл-күйлері болмай тұрса, кішкене ұлпақарларды жапсыруды ұсынады. | Құстар туралы айттық. Қыстап қалатын құстар туралы. |