Просмотр содержимого документа
«Б?бектер ата - ?жеге ?она??а барады»
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№32 «Ақ шағала» балабақшасы
Есибаева Мерует Каскирбаевна
I-санатты тәрбиеші
Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным»
Білім бөлімі: Тіл дамыту, құрастыру.
Тақырыбы: «Бөбектер ата- әжеге қонаққа барады».
Мақсаты: Қазақ халқының тұрмыс –тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы туралы түсінік беру. Халқымыздың ұлттық құндылықтары киіз үй, домбыра, ою-өрнектерін құрастыра білуге үйрету. Мақал-мәтелдер , нақыл сөздер айту арқылы сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Имандылыққа, инабаттылылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
- Балалар сендер ата- әжелеріңізді жақсы көресіңдер ме?
- Ия жақсы көреміз
- Олай болса барлығымыз мына автобусқа мініп ата-әжемізге қонаққа барамыз («Қошақаным» әнімен)
Балалар автобуска мініп қонаққа барады.
Ой балалар міне ауылға да жеттік ата–әжемізбен амандасайық.
- Ассалаумағалейкум ата!
- Сәлеметсізт бе, әже!
Ата -әже:
-Амансыңдар ма, балаларым!
- Қош келдіңіздер төрлетіңдер.
Тәрбиеші: - Ата-әже қал жағдайларың жақсы ма?
Әже балаларға мына киіз үй туралы әңгімелеп бересіз бе?
Әже: - Ертеректе халқымыз көшпелі өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан. Көшпелі өмірге қолайлы баспана ретінде киіз үйді пайдаланған. Үй ішін түрлі жиһаздармен толтырған. Ұлттық киімдер, ыдыс- аяқтар, көрпелерді ою- өрнектермен әшекейлеген.
Тәрбиеші: - Ата-әже біздің балалар сол ою-өрнектер түрлерін біледі. Кәне балалар ата-әжемізге ою- өрнектер туралы сыр шертейік. (слайдпен анимция көрсету)
-Қошқар мүйіз ою,
-Гүл ою,
-Тарақ ою.
Ата: - Жарайсыңдар қарақтарым. сендер осы қазақтың би-шешендерін білесіңдер ме ?
- Иа.
- Кәне кім айтады?
- Қазбек би, Әйтеке би,Төле би, Жиренше шешен т.б.
Ата: - Ендеше мен сендерге Жиренше шешеннің екі балаға қойған мындай сұрағын қояйын .
Дүниеде Тәттіден не тәтті?
Қаттыдан не қатты?
Жұмсақтан не жұмсақ?
Арнұр:
Тәттіден бал тәтті,
Қаттыдан тас қатты,
Жұмсақтан мамық жұмсақ
Ата: (басын шайқап) –Ай балам-ай таппадың.Ал енді сен жауап беріп көрші 2-балаға қарайды.
Ата: - Өзің болайын деп тұрған бала екенсің - деп басын сипайды.
Жарайсыңдар қарақтарым, талаптарыңа нұр жаусын. Мына жайлауға тағы бір киіз үй құру керек болып тұр, сендер маған көмектесесіңдер ме?
Диас.
Тәттіде ананың сүті тәтті,
Қаттыда атаның жүрегі қатты,
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ
Ата:
-Киіз үйді құру үшін алдымен керегелерді дөңгелете шеңбер жасап құрамыз. Оған сықырлауық есікті керегеге бекітеміз. Киіз үйдің шаңырағын көтергенде, ер адам бақанмен көтереді. Шаңыраққа уықтарды орналастырып, керегеге байлаймыз.
- Иә, көмектесеміз.
Әже: Барлық уық қадалып болғаннан кейін үйдің сыртқы киіздерін жабамыз. Алдымен керегені айналдыра туырлықты жабамыз, содан соң уықтың үстіне үзіктерді келтіреміз. Іргелікті төменгі жағына,
туырлықтың астына жіберген дұрыс. Шаңыраққа түндікті жауып бауларын ретке келтіріп байлаймыз. Міне осымен киіз үйіміз дайын. - -- - Жарайсыңдар балалар. Енді киіз үй туралы тақпақтарымызды айтып берейік. Балалар топпен шапшаңдықпен киіз үйді құрастырды.
Нұрасыл.
Әсем етер бұл үйді Бауларымен шашағы
Сандық, сырмақ,кебеже
Кәдеге бәрі асады.
Сымбат.
Оюлы,сәнді есікпен
Керегені құрадық
Беларқанды тартқан соң
Енді шеңбер тұрар нық.
Тәрбиеші : - Балалар біз киіз үй туралы тағы не білеміз?
Шеңбер болып тұрамыз.
Екі қолды ашамыз,
Уықтарша иіліп.
Ағаш- үйді құрамыз.
Балалар орындарына отырады (домбыраның күйі естіледі) Бұл ненің үні?
домбыраның
-Дұрыс айтасыңдар. Қолына домбыраны алып таныстырады. Домбыра қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. Осы аспаппен қазақтың ақын жыраулары күмбірлетіп күй шерткен. Сендер мына домбыраның құрлымын білесіңдер ме? (домбыра құрлымын сұрайды)
Тиегі, пернесі,құлағы,түйметұғылы
Әже: - Ал қыздарым сендер де маған құрақ құрауға
көмектесіңдерші.
(Ер балдар атамен домбыры құрастырады, қыз балдар әжемен құрақ құрайды)
Тәрбиеші:
Алдымен домбыраның мойыны мен түйметұғылы алып, бекіткіштерге шанақшаларды қиюластырып кигізеді .Сонан соң беттақтайды кішкене ойықтарды шағын ағаш түйіндерге дәлдеп келтіреді. Беттақтай арқылы мойын мен түйметұғылы бекілген соң тегіс жерге аударып қойып, үлкен шанақшадағы ойық тесіктерді дәлдеп келтіру. Беттақтайды көлденең ойыққа тиекті кигізіп артқы шанақтан шыққан бөлігін ою тектес бекіткішпен бекітеміз. Мойын қақпалы орналастырып , Домбырамыз дайын болды.
Ата: - Жарайсыңдар қарақтарым. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - деген қазағым. Он саусақтарыңнан өнер тамған шебер болыңдар.
Әже: - Ал балапандарым «Өнерлерің өрге жүзсін» Алла талаптарыңды оңғарсын.
Тәрбиеші:
- Балалар ою- өрнектер туралы тақпақтар айтайық.
Диана.
Жұлдызда ою, гүлде ою.
Жетті саған көзіміз
Оюлар мен өрнекті
Әсемдейміз өзіміз.
Айзада:
Түрлендірдік оюға
Мүйіз,жұлдыз,гүлдерді
Бояған соң әр түске
Керемет әсем түрге енді.
Тәрбиеші:
Ата- әже біздер жолға шығайық.
Ата –әже:
Ал құлындарым сендерге рахмет, өркендеріңіз өссін, жолдарыңыз болсын мынау әжелеріңнің сендерге пісірген бауырсағы- деп қоржынды беріп қоштасады.
-Балалар біздер қайдан қыдырып келдік?
-Ата- әжеміздің аулынан.
- Ата -әжемізге қандай өнерімізді көрсеттік? Не құрастырып бердік. Жарайсыңдар балалар сендер өнерлерлі екендеріңді көрсеттіңдер. Енді қонақтарға арнаған сыйлығымызды таратып қонақтармен қоштасайық.