Бүгінгі балабақшамызда топ арасында өткелі отырған , «Біз шыныққан баламыз» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүлдіршіндер сіздерді денсаулық күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, жүздеріне күлкі, қуаныш, көлдей көңіл, өзендей өмір тілейміз.
Жарысымызды бастамас бұрын әділқазыларымызды атап өтейін:
1. Балабақша әдіскері: Туретова А.С.
2.Тәрбиеші: Искакова К.Т.
3.Медбике: Қыдырбаева Г.Е.
Уа халқым,назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жетерсің әлі талай бақыттарға деп,- ортаға
1. «Алау»тобын шақырамыз.
2. «Жалын»тобын шақырамыз.
Топтармен таныстырып өтейін:
«Алау»тобы:
Ұраны: «Біз-лаулаймыз, жанамыз
Жарыстарда әрқашан да озамыз»
«Жалын» тобын
Ұраны: «Қиындыққа төтеп берер,
Біз боламыз «Жалын»тобы »
Жарысымыз «6» турдан тұрады.
1. «Кім жылдам»
Ойын шарты: Бірінші ойыншы қолына кубикті алып , жүгіру арқылы
Белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға кубикті
береді. Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ
жеңіске жетеді.
2. «Секіргіш»
Ойын шарты: Ойыншылар белгіленген орыннан секіргішпен секіріпайналып
келіп, екінші ойыншыға секіргішті береді. Ойын арғарай
жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
3. «Кедергіденөту»
Ойын шарты: Ойыншылар алдарына қатарластырып қойылған гимнастикалық
скамейкадан тепе-теңдік сақтап өтіп, доғалдың астымен
еңбектеп өтіп белгіленген орыннан айналып қайта кедергіден
өтіп келіп , екінші ойыншыға қол сғады . ол ойыншыойынды
жалғастырады
4. «Асық ату»
Ойын шарты: 2-3 метр қашықтықтағы асықты қай топта көп асық болса сол
топ жеңіске жетеді.
5. «Кеглиді доппен құлату»
Ойын шарты: 2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату.
Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.
6. «Допты жалғастыр»
Ойын шарты: барлық ойыншы бір қатарға тұрып допты жоғарыдан
жалғастырып, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай
береді, қайтоп допты жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді.
( ойынғақатысқанойыншылармарапатталды).
Жүргізуші: Осымен тобымыздың арасында өткен , «Біз шыныққан баламыз»