Мотивациялық- қозғаушылық | Есік қағылып, қолдарына қаптары бар қуыршақтар келеді. Тәрбиеші:Балалар,бізге қонаққа қуыршақ Айару және оның інісі Ислам қонаққа келіпті. -Қане,Айару мен Исламмен амандасайық. | Қуыршақтардың келгеніне қуанады. Балалар қуыршақтармен амандасады, танысады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | -Балалар,қараңдаршы Айару мен Ислам қандай әдемі болып киініп алған! -Қараңдаршы, қандай әдемі,беті-қолдары тап-таза. -Айару қандай көйлек киіп алыпты? -Ислам үстіне қандай жейде киіпті? Тәрбиеші балаларға қуыршақтар-дың көйлегін,түсін,аяқ-киімдерін барлығын сипаттатады. Қостілділік компонент:әдемі-кра-сивый,көйлек-платье. Тәрбиеші енді балалардың назарын қуыршақтардың қолындағы қапқа аударады. -Бұл қаптың ішінде әр түрлі ойыншықтар бар екен. -Балалар, Айару мен Ислам сендермен «Мынау не?»ойынын ойнағысы келеді.Тәрбиеші қаптың ішінен қонжықты алып шығып: -Мынау не? -Бұл-қонжық.Ол жұмсақ пүліштен жасалған қонжык. Пүліш-жұмсақ мата. Өзі тап –таза. Тәрбиеші қаптың ішінен тағы бір ойыншықты алып шығады. -Балалар, ал бұл не? -Түсі қандай? -Мынау не? -Мынау ше?(дөңгелегін көрсетеді) -Машинаға кімді отырғызайық? -Кім жүргізуші болады? -Дұрыс.Ислам болсын. -Қасына Айаруды да отырғызайык. -Балалар, Айару мен Исламмен қоштасайық.Олар үйлеріне қайта-ды. Сергіту сәтін ұйымдастырады. Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз бір сергіп қалайық. Тәрбиеші « Не жоқ?» ойынын ұйымдастырады. Үстелдің үстіне ойыншықтарды қойып, «түн» дегенде көздерін жұмуды осы кезде бір ойыншықты жасыратынын, ал «күн» дегенде көздерін ашып жоқ ойыншықты атауды ұсынады. | -Иә. -Әдемі. Сәнді,жағасы бар жейде. Әдемі-красивый,көйлек-платье сөздерін қайталайды. Сұрақтарға жауап береді. Балалар қонжықты ұстап, оның тап-таза,жұмсақ матадан жасалатынын біледі. -Машина -Үлкен машина -Түсі қызыл -Рөлі -Дөңгелегі -Исламды -Ислам Балалар қуыршақтармен қоштасады. Сергіту сәтінің мазмұнына сай қимылдар жасайды. Тәрбиеші «түн» дегнеде көздерін жұмады. Ал «күн» дегенде көздерін ашып жоқ ойыншықты атайды. |