kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Біздің шырша" жаңа жылдық ойын-сауық.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақты заман талабына сай берілген оқу бағдарламасы бойынша білімдерін кеңейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Біздің шырша" жаңа жылдық ойын-сауық.»


«С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
















Бірінші кішілер «Айгөлек» тобына арналған

жаңа жылдық ойын-сауық.

Тақырыбы: «Біздің шырша»








Тәрбиеші: Омарова Гульнур Оразгалиевна


















2017 – 2018 оқу жылы.


Бірінші кішілер тобына арналған жаңа жылдық ойын-сауық.

Тақырыбы: «Біздің шырша»

Балалар жаңа жыл әнімен залға кіреді.


Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі.Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы, әдемі безендірілген екен.

Балалар, сендерге ұнады ма?

Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Мерекелерің құтты болсын. Енді жаңа жылға арналған әнімізді айтып берейік.

Ән: «Мерекеге келдік»

Мерекеге келдік

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтарын тізген

Шыршаны да көрдік.


Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді.

Тәрбиеші: Балалар, енді шыршаға арнап жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық


Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді


Аққала жасалды

Мереке басталды

Аяз ата сыйлықпен

Балаларды қуантты


Залға Аққала кіреді:

Менің атым Аққала

Ән саламын шаттана

Аққаланы айналып

Кел, ойнаңдар, шаттана.

Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен Аққаламын. Мен қардан жасалғанмын. Сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдар ма?

Балалар: ЖОҚ.

Аққала: Сендер сонда аяздан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: ЖОҚ.

Аққала: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?

Тәрбиеші-балалар: Біз шапалақтаймыз.

Аққала: Ал егер аяқтарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз топылдатамыз.

Аққала: Ал егер мұрындарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз уқалаймыз.

Аққала: Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Енді менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ойнаймыз.

Ойын: «Мұз жинау»

Әуен ойнайды. Сайқымазақ секіріп билеп кіреді.

Сайқымазақ: Балалар, сендер қандай әдемісіңдер? Ал шыршаларың қандай сәнді?! Жаңа жылдарың құтты болсын!

Тәрбиеші: Қош келдің Сайқымазақ. Балалар, бізге қонаққа Сайқымазақ келді. Өзі сондай көңілді жүреді. Ол үнемі секіріп билеп жүреді.

Сайқымазақ: Иә, балалар, мен үнемі секіріп билеп жүремін. Балалар, сендер менің әдемі сылдырмағымды көрген жоқсыңдар ма? Мен сылдырмағымды таба алмай жүрмін.

Тәрбиеші: (Шырша астынан сылдырмақ алып) Мына сылдырмақ емес пе?

Сайқымазақ: Тап өзі. Рахмет сендерге.

Тәрбиеші: Біздер сылдырмақ туралы ән де білеміз ғой. Енді сылдырмақпен ән айтып берейікші.

Ән: «Сылдырмақ» (сылдырмақпен ұлдар)

Тәрбиеші: Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Бізге қонаққа кім келе жатыр екен?

Әуен ойнайды. Залға Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер мені таныдыңдар ма? Мен Ақшақармын. Аппақ қардан жаралғанмын.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, ақшақар қандай әдемі?! Қош келдің ақшақар.

Ақшақар: Бүгін сендер сондай әдемісіңдер, мерекеге жиналдыңдар ма? Қандай мереке жиналдыңдар?

Тәрбиеші, балалар: Жаңа жылға жиналдық.

Ақшақар: Бұл менің ең жақсы көретін мерекем. Бұл күні шырша әдемі күйге бөленеді. Балалар, шыршаларың қандай әдемі?! Ал шыршада ілініп тұрған нелер?

Балалар: Ойыншықтар.

Ақшақар: Ойыншықтар әдемі ме?

Балалар: Иә, әдемі.

Ақшақар: Ойыншықтар әдемі екен. Ал шырша шамдары жанбай тұр екен. Балалар, шыршамен ойнаймыз ба? Қане, бәріміз шапалақтайықшы. (шырша шамы жанады) Енді шыршаға үрейікші. (шырша шамы сөнеді)

Ойын 3 рет қайталанады.

Тәрбиеші: Енді шыршаға арнап би билеп берейікші. Менің кішкене ақұлпа қыздарым қайда? Келіңдер, шыға қойыңдар. Би: «Шырша ойыншығымен би»

Енді Ақшақарға арнап жаттаған тақпақтарымыза айтып берейік.

Ақшақар: Айта қойыңдар балалар. Қане, тақпақ айтуға кім дайындалып келді?

Жаңа жылды қарсы алып

Барлық бала ән салып

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт.


Қар атып ойнайды

Таласып ойнайды

Тоңса да балалар

Ойынға тоймайды.


Ақ көрпесін жамылып

Ұйықтап жатқан дала бұл

Балаларды сағынып

Келді міне, Жаңа жыл.


Ақшақар: Жарайсыңдар балалар. Енді айналаға қарайықшы, мында қар жетіспейтін сияқты. Балалар, мына жерді қарға толтырамыз ба?

Ойын: «Қар лақтыру»

Ақшақар: Ой балалар, мына жерде қорқып отырған не?

Қоян жүгіріп шығады: Ой-ой-ой. Мен қорқып кеттім ғой. Маған қар лақтырған кім?

Ақшақар: Ой аққоян, сен ештеңеден қорықпа. Кел, бізбен бірге мерекені тойла.

Тәрбиеші: Балалар аққоянның көңілін көтереміз бе?

Ақшақар: Келіңдер балалар аққоянмен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Аққоян»

Ақшақар: Аққоян, сенің көңілің көтерілді ме?

Аққоян: Рахмет сендерге балалар, менің көңілім көтерілді. Енді менің қарным ашып тұр. Маған сәбіз керек.

Тәрбиеші: Балалар, аққоянға тездетіп сәбіз жинап берейікші. Оның қарны аш екен.

Ойын: «Сәбіз жинау»

Аққоян: Рахмет сендерге балалар. Менің сүйікті сәбіздерімді жинап бердіңдер.

Ақшақар: Балалар, мен шырша астына сыйлық дайындап қойып едім. Соны таба алмай тұрмын. Сендер маған көмектесіңдерші. Қәне сыйлықты іздеп тауып алайықшы.

Тәрбиеші: Балалар, келіңдер, ақшақардың сыйлығын іздеп көрейік.

Балалар сыйлықты іздеп тауып алады. Топқа барып сыйлықты бөліседі.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Біздің шырша" жаңа жылдық ойын-сауық.

Автор: Омарова Гульнур Оразгалиевна

Дата: 21.02.2018

Номер свидетельства: 458897


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства