Ұйымдастырушылық-ізденістік | -Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз айларын атайықшы. - Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады? -Күзді неліктен «жомарт күз» деп атайды, Себебі күзде көкөністер мен жемістер піседі, сонымен қатар егін жинау болады. Егіншілер сабан той жасайды. Егін бітік шығып, қырманын қызылдап, оны төкпей — шашпай, суыққа ұрындармай мезгілінде жинап алған ел күзде «Сабан той» өткізеді. - Балалар біздер күздің осы ерекшеліктерін көзімізбен көру үшін табиғатқа саяхат жасаймыз. Егін алыс, сондықтан автобуспен барамыз. Автобус билеттерін аламыз . Автобус билеттерін алу үшін тапсырма орындау керек. Дидактикалық ойын: «Сәйкес пішінді таны» (Шарты: тақтада берілген суреттерді атап, оның қандай пішінге ұқсайтынын айтады. Сол суреттің астына сәйкес пішінді жапсырады) .-Жарайсыңдар, балалар. Енді бізге жолға шығуға болады. Автобусқа отырып аттанайық. - Міне егінге де келдік. Қараңдаршы балалар қандай керемет, сап-сары алтындай. Жоғарыда құстар ұшып барады. Қане санайықшы балалар, қанша құс екен?! (Слайдтан егін суреті ашылады.Ұшып жүрген құстарды санайды) Мына басқа суретте не көріп тұрсыңдар, балалар? - Иә. Мына суретте трактормен жер жыртылып, тегістеп егін егіп жатыр. Адамдар егінді суарып, арам шөптен тазалайды, ал егін мынадай болып жайқалып шығады.Піскен егінді комбайнмен комбайыншылар орады.Сонан соң дәнін сабағынан ажыратып, бидай алынып машинаға басылады. Көліктермен қырманға апарылып тазаланып, диірменнен өткізіліп, ұн жасалып, қапталып наубайханаға апарылады. Наубайханада ұннан қамыр иленіп, нан пісіріледі.Міне дастарханға нан осындай еңбекпен келеді. -Нанның қандай түрлерін білеміз? -Тоқаштар неге ұқсайды, балалар? -Дұрыс. Сақинаға ұқсайды. (сақинаны көрсету) -Менің қолымдағы сақинаның түсі қандай? Дидактикалық ойын: «Бедерлі сандар» (Шарты: берілген сақиналарды санап 1-10 дейінгі цифрмен белгіленген ұяшықтарға саны сонша сақинаны салу керек). /М.Монтессори элементі бойынша(таяқша орнына сақина қолданылған) Сергіту сәті Жайқалады ақ бидай Ырғалады желменнен. Трактор мен комбайн Оруға мен дайын. -Балалар, егістікте дәнді – дақылдардан басқа күз мезгілінде бақшада көкөністер мен жемістер піседі. Бақшада бақташылар піскен көкөністер мен жемістерді жинайды. Автобусқа отырып, біз бақшаға барайық. (Слайдтан бақша суреті ашылады) -Бақшада әр түрлі жемістер мен көкөністер пісіпті. Бақташы оларды себеттеріне жинап алмақшы. Балалар, бақташыға көмек берейік. Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат» (Шарты: араласқан жемістер мен көкөністерді екі себетке ажыратып салу) -Жарайсыңдар, балалар! Себеттерді көкөністер мен жемістерге ажыратып салдық. Енді қонақтарға ұсыну үшін оларды тәрелкеге салу қажет. Шығармашылық жұмыс(аппликация). (Ақ қағазға қиылған тәрелкені және жемімтерді желімдеу) | Балалар сұраққа жауап береді. - Күз - Қыркүйек, қазан, қараша - Күзде күн салқын болады. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзді «Жомарт» деп атайды. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар дидактикалық ойын ойнайды. Балалар берілген суреттерді атап, олардың астына сәйкес пішінді жапсырады. -Доп. Шеңбер -Шырша. Үшбұрыш -Терезе. Төртбұрыш -1,2,3 -3,2,1 -трактор Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. -тәтті тоқаштар, бөлке, бауырсақ т.б -сақинаға ұқсайды -сары Балалар дидактикалық ойын ойнайды. Берілген сақиналарды санап 1-10 дейінгі цифрмен белгіленген ұяшықтарға саны сонша сақинаны салады. Балалар сергіту сәтін орындайды. Балалар дидактикалық ойын ойнайды. Жемістер мен көкөністерді ажыратып тиісті себеттеріне салады.
Балалар тәрбиеші үлестіріп берген қиылып дайындалған тәрелке мен жемістерді ақ қағазға желімдейді. Қонақтарға сыйлайды. |
Рефлексивті-түзету | Балаларға сұрақтар қойылады. -Балалар, біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнады ма? - Ұйымдастырылған оқу қызметімізде не туралы айтылды? - «Сабан той» қай уақытта жасалады? -Егістікте және бақшада нелер піседі? -Жарайсыңдар! -Олай болса, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысып отырған балаларды жұлдызшамен бағалаймын. | Балалар сұрақтарға жауап береді. -Иә -«Сабан той» туралы айтылды -Егін шығып, көкөністер мен жемістер пісіп, жиналғанда. -бидай, алма, картоп, қияр т.б Балалар бағаланады. |